Без рубрики

Тақырыбы: «Төрлет, құтты Жаңа жыл!»

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бекбаева Ақмарал Қуандыққызы
Тақырыбы: «Төрлет, құтты Жаңа жыл!»
Ертеңгіліктің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге!
Музыкалық әуенмен 1 «Б» сынып оқушылары ортаға шақырылады.
Бүгінгі 1 «Б» сыныбында өткелі отырған «Төрлет құтты Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Мұғалімге 6әpi қосылып
Хор: Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл! Хор: «Жаңа жыл» әні
Мұғалім:
Ал, кәнекей келіңдер ,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылдың алдында
Орманға зер салайық.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан көбелектер шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыңдар ма, көбелектер?!
Көбелек: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап түлкі келеді.
Қоянжанға бір сәлем!
Көбелектерге мың сәлем!
Көбелек қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Айлакер, қу тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Көбелек, қоян: Рахмет, түлкіжан
Көбелек,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына ит келеді
Ит:Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тышқан келеді.
Тышқан:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi: Сәлем,тышқан! Жақсы-ақ би!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
Мұғалім: Балалар, орман тұрғындары бізбен бірге Жаңа жылды бірге қарсы алсын,жарай ма? (Осы кезде сиқыршылар келеді)
Екеуі: Таяғым менің таяғым
Жан-жағыңды жайнат
«Ертегілер әнін» сайрат Суф-суф-суфф—суф
Мұғалім: Жарайсындар, балалар! Аяз ата бізге жұмбақ қойса, шеше аламыз ба?Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Балалар: Иә. Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Мұғалім: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! — деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. /
Мұғалім: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Мұғалім: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!
« Зырлайды шанамыз» әні жырланады.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/
Ақшақар: Мен жаңа жыл тойын бастайтын , сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Мұғалім: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Мұғалім: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда көбелек сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсың, көбелегім! /бетінен сүйеді/
Балаладың тақпақтары айтылады.
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

  1. Жаңа жылды қарсы алдың,
    Мініп алып күймеге.
    Мен де бүгін ән салдым,
    Араластым биге де.

3 Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Екеуі: Таяғым менің таяғым
Жан-жағыңды жайнат
«Төлдер» әнін сайрат Суф-суф-суфф—суф
4. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

  1. Безендіріп шыршаны
    Жыл қуантты баршаны.
    Той-маскарад басталды,
    Аяз оны басқарды.
    6 Әкелді жыл ырыс-құт
    Әлемде той тыныштық
    Ән салайық жаңаша
    Жаңа жылым тамаша
  2. Аппақ тонға оранып,
    Базарлықты мол алып.
    Келді алыс сапардан,
    Аяз ата оралып.
  3. Қалып едік сағынып,
    Kүтіп алдық жабылып.
    Жолын қойдық жарық қып,
    Шыршаларға шам іліп
    9Асыға күткен Жаңа жыл
    Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
    Жаңа заман,жаңа айлар
    Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
    Екеуі: Таяғым менің таяғым
    Жан-жағыңды жайнат
    «Солдат болам мен ертең» әнін сайрат Суф-суф-суфф—суф
    10Әдемілеп біз ілген
    Ойыншықтар тізілген
    Қандай әсем шыршамыз
    Ән шырқайық баршамыз.
    11 Жаңа жылға арналады жаңа жыр
    Жаңа жылда шақырады бар өмір
    Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
    Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл.
    Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
    Осы кезде мыстан кемпір келеді.
    Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
    (Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
    Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
    Аяз-Ата: Балалардың жаңа жылды қарсы алуына кедергі жасайсың ба??
    Мыстан: Жасаймын..
    Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
    Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
    (Осы кезде мыстан қалпына келеді)
    Балаларға жұмбақ жасырады.
    Қыста ғана болады,
    Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
    Терезеге қонады,
    Әсем ою ояды. (Қырау)
    Тікен,тікен тік пістe.
    Қысы жазы бip тусте (Шырша)
    Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
    Аяз ата енді бір тілегім бар. Балалар би билей ала ма?
    Сиқыршылар: Таяғым менің таяғым
    Жан-жағыңды жайнат
    « Балапан» биін сайрат Суф-суф-суфф—суф
    Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
    Мұғалім: Балалар «Кім жылдам,әрі епті?» ойынын ойнайық.
    Сиқыршылар: Таяғым менің таяғым
    Жан-жағыңды жайнат
    Нурисламның айтуымен
    « Анашым» әнін сайрат Суф-суф-суфф—суф
    Ескі жыл балаларға риза шығар .Ескі жылды шығарып салайық.
    Ескі жыл қайда?
    Ескі жыл: Ескі жылың есіркеп, Жаңа жылың жарылқап,
    Еліңде болсын тыныштық
    Бейбіт күнің жарқырап.
    Қоштасамын мен бүгін,
    Сіздерді қимас көңілмен
    Келер ұлу жылында
    Дән көп болсын қоймада
    Тыныштық пен бейбіт күн
    Болсын деп тілеп әманда
    Қоштасып қол бұлғаймын
    Қош сау болыңдар.
    Ұлу ортаға шығады.
    Ит: Алақай жаңа жыл келеді
    Хормен: Қош келдің Ұлу жылы! Ұлу ортадан айналып, балаларға қосылады.
    Екеуі: Таяғым менің таяғым
    Жан-жағыңды жайнат
    «Вальс » биін сайрат Суф-суф-суфф—суф
    Аяз Ата:
    Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
    Мыстан кемпір: Балалар, мына кілтті мен ұрлап алып едім. Кешіріңдер
    Ата-ана кілтті алып, сыйлықтар таратады.
    Мұғалім: Құрметті қонақтар, балалар! 2012ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.