Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы
Тайынша қаласы, 5 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Оразова Гүлзира Қазиқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі
Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі ережесін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс шығаруға, нақты жауап беруге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұлттық ойындармен байланыстыру арқылы білім дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі:  Ойын сабақ  Сабақтың типі: Өткен тақырыпты қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, ұлттық ойындар («Қыз қуу»,  «Көкпар», «Бәйге жарыс», «Алтын сақа»),  (жігіт, қыз, тұлпар, теңге бейнесінде)

Сабақтың барысы:  

  1. 1.     Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өтілген тақырыпты қайталау.

1Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жалпы түрі?

  1. 1.     Мәндес теңдеулер дегеніміз не?
  2. 2.     Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің қасиеттері?
  3. 3.     Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не?
  4. 4.     Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін қалай салады?
  5. 5.     В=0 тең болғанда теңдеудің графигі қандай сызық?
  6. 6.     а=0 тең болғанда теңдеудің графигі қандай сызық?

а) «Қыз қуу» ойыны.

 

 

Бұл – ұлттық ат спорты ойыны. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігіт пен оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда алғаш қыз қуу спорттық жарыс ретінде 1923 жылы өткізілді. Содан бері оқта-текте мерекелік бағдарламаларға енгізіліп келеді.

ІІІ Ауызша есептер

Формуламен берілген функцияның анықталу аймағын табыңдар:

                                

                                                                                     

 

б) «Көкпар» ойыны.

 

Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі қазақ көк бөріні соғып алғанда, өлігін ат үстінде сүйреп, бірінен бірі ала қашып, өздерінше ойынның бір түрін ойлап тапқан. Уақыт өте келе көкпар ұлттық ойынға айналған. Көкпар – әсіресе, қазақтардың, Орта Азия халықтарының сүйікті ойыны. Бұл ойын – жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Әдетте, көкпарда басы кесілген серке тартылады.

«Математика» сөзінің әріптерінен әр топтан 3 оқушыдан шығып, тақтаға бірнеше сөздер құрастыру керек

Есептер шығару
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
А деңгейі

1)    а)   7х+2у=14   теңдеуінің шешімдері: (1;у), (2;у) . У –ті табыңдар

7*1+2у=14

2у=14-7

2у=7

           у=3,5   (1;3,5)

 

ә) 7*2+2у=14

2у=14-14

2у=0

у=0

(2;0)

 

2)  а)  5х+4у=15 теңдеуінің шешімдері: (х;0), (х;-5) . х –ті табыңдар

             5х+4*0=15

5х=15-0

5х=15

           х=3    (3;0)

 

ә)  5х+4*(-5)=15

5х=15+20

5х=35

           х=7    (7;-5)

 

 

В деңгейі

  • 1) ах +8 у = 50  теңдеуінің шешімі х=-2;
  • у=4; болғандағы а- ның мәнін табыңдар

 

-2а+8*4=50

-2а=50-32

а =8/(-2)

а =– 4

 

  • 2) 3х – в у = 3  теңдеуінің шешімі х=6;
  • у=5; болғандағы в- ның мәнін табыңдар

 

3*6-в5 =3

-5в=3- 18

-5в= -15

 в=3

 

 

С деңгейі

  • 1)  (2;1,5)  мәндер жұбы 
  • Теңдеуінің в –ның мәнін табыңдар

 

 

 

 

 

5-в1,5=-4,75

-1,5в=-4,75-5

в=-9,75/(-1,5)

в=6,5

 

2)  Теңдеуінің в –ның мәнін  табыңдар.

        3х-ву-7 = 0

 

3*5/3+в2=7

2в=7-5

в=1

в) «Бәйге жарыс».

Бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Олар: аламан бәйге, тай жарыс, құнан бәйге, топ бәйге. Бәйге жарысы, негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

Берілген а,в,с,д түзулерінің:

  • 1) теңдеуін жазыңдар;

 

 

  • 2) түзулердің қиылысуынан пайда болған фигураның периметрін бірлік кесінді есебімен табыңдар.

а түзуі х=-4,   в   түзуі у=3  , с түзуі у=-3  ,   д  түзуі х=4,  

 

  тіктөртбұрыш   р =2 (а+в)   = 2 (3+4) =14 см

 

 

III. Оқулықпен жұмыс. № 1461

АВ  түзуі  (0;8) , (3;0)

ах+ву=с

(0; с/в)

(с/а; 0)

г) «Асық ойыны» .

Бұл – балалардың ежелгі спорттық ойыны. Тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны бойлай тігілген кенейді кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Асық ойынының үш табан, бір табан, шығу, шеңбер секілді бірқатар түрлері бар. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері де асық ойнаған. Олар ойнаған асық ойындары қора хан, құмар, т.б. аталған. Асықтың «Хан талапай», «Төрт асық», «Атпақыл», «Қақпақыл», «Омпы», «Сасыр» секілді түрлері де бар.

 

IV. Бекіту кезеңі.

  • V. Үйге тапсырма. № 1460

 

  • № 1461

 

 

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше