Қызылорда обл, Қармақшы ауданы № 80 мектеп-гимназия
Пәні: Тарих Пән мұғалімі:Есқалиев Нұрбол
Тақырыбы: Білім биржасы
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.Ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп,содан үлгі-өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: плакаттар,жоспар үлгісібейджик,әзірленген зал.
Барысы:
— Сәлеметсіздер,құрметті оқушылр,ұстаздар «Білім биржасы»атты зияткерлік ойнымызға қошкелдіңіздер!
— Сайскерлерімізді ортаға шақырайық
Ал келіңдер,келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Әділ қазыларды сайлау
Ашық-жарқын жүзді
Әділ қазылар біздің
Тыңдап баға берерге
Шақырайық төрге.
— Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімізді көрсетіп,өлеңдермен,мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді,білімізді ортаға салайық
Біліміміздің артып,санамыздың өскенін,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түспей жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие,тәлім табар мән
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға,сол алда.Ойнымызды бастайық.Ойнымызды бастамас бұрын жоспармен танысайық
Жоспар
І кезең 1.Таныстыру
2. Жұмбақтар әлемі
3. Мақал-мәтелдер сайысы
ІІ кезең. 1.Егер мен …… (Жағдаяттан шығу)
2. Шешендік сайыс
3. Сурет салу
ІІІ кезең 1. Кім көп біледі?
2. Кім жылдам?
Таныстыру үлгісі.Топтың аты.Ұраны
2. «Жұмбақтар әлеміне саяхат»
- Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін
Көл көрдім,өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін (Карта)
- Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды (Күннің көзі)
- Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен (Су)
- Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
- Тал басыңда түндіксіз отау (Ұя)
-
Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады
Ақ болса да қар емес
Шешуің кім табады? (Сүт)
- Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар (Бор)
- Аяғы біреу,қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп,
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді (Қалам)
3. «Мақал-мәтелдер сайысы»
Әр топ кезекпен 1 минут ішінде Отан,туған ел,туралы мақал-мәтелдер айтып шығу керек.
ІІ кезең
- «Егер де мен…..» (Жағдаяттан шығу)
1- командаға:
Егер де мен жаман баға алып қалсам……..
2- командаға:
Егер де мен сабаққа даярлықсыз келсем…..
3- командаға:
Егер де мен досымның көңіл қалдырсам
- «Шешендік сайыс»
Бұл сайыста мен сіздерге таныс өлең шумақтарын оқимын.Сіздер жалғастырыңыздар,авторын атаңыздар
- Қадірлі,бағасы алтын ана тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі
……………………………………………
«Ана тілі» І.Жансүгіров
- Жүген-құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген
…………………………………………….
«Далада» С.Сейфуллин
- Күш кеміді,айбынды ту құлады,
Кеше батыр-бүгін қорқақ,бұғады
………………………………………………..
«Қазақ тілі» М.Жұмабаев
- Адамдық борышың-
Халқына еңбек қыл
………………………………..
«Адамдық борышың» Ш.Құдайбердіұлы
- Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай
«Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай» С.Аронұлы
3. «Коллаж қорғау»
«Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіздер?» тақырыбында коллаж жасап келу және оны қорғау
ІІІ кезең
- 1. «Кім көп біледі?»
1)20-География
Дүние жүзінің саяси картасында Қазақстан мемлекеті территориясы бойынша нешінші орында тұр (9)
2) 20-География
Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты қалай аталады?
(Топырақ)
3)30-Логика
«Ертістің»ортасында не бар? (Т)
4) 30-Логика
Тышқан аулағышты5 әріппен басқалай қалай атауға болады?
(Мысық)
5)40-Математика
50 саусақ көріну үшін неше баланың саусағы көріну керек (5 баланың)
6)40-Математика
Үстелде 4 алма жатыр,оның біреуі 2-ге бөлінген.Үстелде неше алма жатыр?(4)
2 «Кім жылдам?»
- Қ.Р Президентті кім?
Рәміздерді ата
Зат есімнің сұрағы?
Біз білім алатын орда
Бес дұшпанды ата
Дүйсенбіден кейін қай күн?
Қорытынды
«Өткенімізді білетін,бүгінді түсінетін,ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз»деген тілекпен кешімізді аяқтаймыз