Без рубрики

ТАРИХ

Қызылорда обл,

Қармақшы ауданы

 № 80 мектеп-гимназия

Пәні: Тарих

Пән мұғалімі:Есқалиев Нұрбол

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы,алғашқы қазақ хандары туралы айту.Қазақ жеріндегі алғашқы дербес,тәуелсіз мемлекеттің халықтың арман-тілегі мен өзара тұтастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып- үйренуге қорытынды жасау арқылы ойлау қабілетін дамыту,алған білімін одан әрі тереңдету.

Тәрбиелік: Қазақ хандығының негізін қалаған,қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге,еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға,отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас

Сабақтың типі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау,жеке жұмыс,ойын,тест тапсырмалары,кубизм

Сабақтың көрнекілігі:Қазастан картасы,интерактивті тақта,сызбалар,суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу 3 топқа бөлу.Эксперт сайлау

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

  1. 1.    «Қанат қақты» (сұрақ-жауап)
  2. Этнос ұғымын қалай түсінесің?
  3. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне тайпаларды ата?

1.Қазақ халқының халық болып қалыптасуы қай ғасырларда аяқталған?

  1. Алаш ұғымы туралы не білесің?
  2. Қазақ халқының арғы атасы Алаша хан кесенесі қай жерлерде орналасқан?

  3. Алаш атауы қай дәуірде қалыптасты?

  1. 3.    «Шарықтау»

Берілетін тапсырмалар:әр топтағы оқушылар берілген тапсырма бойынша бірін-бірі жалғастырып ойды толықтыруы керек

  1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары?
  2. Алаш атауының пайда болуы?
  3. Қазақ халқының қалыптасуы?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

  1. 1.    «Самғау» (Тест тапсырмалары арқылы бекіту)
  2. «Алаш»атауы қай дәуірде қалыптасты?

А. Ерте тас дәуірінде

Ә. Мыс-тас дәуірінде

Б. Қола дәуірінде

В.Темір дәуірінде

  1. Қазақ халқының түр-тұрпатындағы 30% еуропеоидтық белгі қай дәуірден қалған мұра?

А. Қола дәуірі

Ә. Тас дәуірі

Б. Темір дәуірі

В. Ежелгі заман

  1. Алаш сөзі шамамен қай ғасырлар аралығында алғаш рет айтылады?

А. ҮІІІ-ІХ ғ

Ә. ҮІІ-ХІІІ ғ

Б. ІХ-Х ғ

В. Х-ХІІ ғ

  1. Алаша хан кесенесі қай ғасырларды қамтиды?

А. ХІІ-ХІІІ ғ

Ә. ХІІІ-ХІҮ ғ

Б. ХІІ-ХІҮ ғ

В. ХІҮ-ХҮ ғ

  1. «Алаш» сөзін қазақ халқының қай аңызында жиі кездестіруге болады?

А. Жошы ханның жортуы

Ә. Қорқыт ата

Б. Алаша хан

В. Оғызнама

  1. Қазақ қалқының қалыптасуы қай ғасырларды қамтиды?

А. ХІІ-ХҮ ғ

Ә. ХҮ-ХҮІ ғ

Б. ХҮІ-ХҮІІ ғ

В. ХҮ-ХҮІІІ ғ

 

ІҮ. Жаңа сабақ

$ 28 Қазақ хандығының құрылуы

Жоспары:

  1. 1.    Қазақ этнонимы,қазақ жүздері
  2. 2.    Қазақ хандығының құрылуы
  3. 3.    Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
  4. 4.    Көрші елдермен қарым-қатынасы
  5. 5.     «Картамен жұмыс»
  6. Жәнібек пен Керей бастаған алаш көшпенділері қай мемлекетке көшіп кеткеннен кейін қазақ атауын алды?
  7. Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жерлер?
  8. Ұлы жүз тайпаларынын алып жатқан аумағы?
  9. Кіші жүз тайпаларының алып жатқан аумағы?

Қазақ хандығының  байланыс жасаған елдері? «Қиялшыл»ойыны

Шарты: Әңгімені әрі қарай жалғастыру

Ү.Жаңа сабақты бекіту

«Кубизм»әдісі арқылы бекітемін

  1. Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
  2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
  3. Қандай оқиға қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200 жылға кешеуілдетті?
  4. Моғолстан ханы кім?
  5. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
  6. Жүздердің құрылуы неге қажет болды?

ҮІ.Бағалау

Оқушылар өздерін бағалайды

ҮІІ.Қорытынды

ҮІІІ. Үйге тапсырма

1.$ 28 Қазақ хандығының құрылуын оқып келу

  1. Қазақ хандығы туралы кесте құру

  2. Тест құрау

ТАРИХ: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.