«Банктегі несие өлшемін есептеу» қолданбасын жасау

«Банктегі несие өлшемін есептеу» қолданбасын жасау

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы

Әбиба Ахметова Калажқызы

Т.Ізтілеуов атындағы №29  қазақ орта мектебінің информатика пәнініңІ санатты мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы:  «Банктегі несие өлшемін есептеу» қолданбасын жасау.

Сабақтың мақсаты: Visual Basic – те қаржылық функцияларды қолданып жоба құруды үйрету, түсіндіру, таныстыру.

Сабақтың  дамытушылығы: Алгоритмдік, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың  тәрбиелігі: Экономикалық тәрбие беру, шығармашылықпен жұмыс жасау  қабілетін арттыру.

Сабақтың  түрі: Аралас сабақ

Сабақтың  пән аралық байланысы: Ағылшын, математика

Сабақтың  көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, Visual Basic бағдарламасы

Сабақтың  өту құрылымы:     I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

IV. Жоба құру тапсырмасын орындау

V. Сабақты бекіту

VI. Үйге тапсырма беру. Бағалау

Үй жұмысы: HScrollBar  және VScrollBar  басқару элементтері.

Оқушылар төмендегі экономикалық сөздіктер және оның мағынасы беріледі де, мағынасы жақ бөлігі жасырылады да, сабақтың өту құрылымының әр бөлігінде осы алты сөздіктің мағынасын ашып оқып танитын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ бойынша

 

Visual Basic – те оннан астам орналастырылған математикалық қаржылық функциялар бар. Олар Pmt,Pv және Rate функцияларын қарастырайық.

  1. Pmt (rate, nper,pv) функциясы белгілі мерзім ішінде банктен алған несиесін (кредит) қайтару үшін осы банктің клиенті төлеуге тиісті периодты түрде банкке салынатын жарнаның шамасын қайтарады.

rate (Pmt функциясыныңекінші аргументі) – төлеу периодына қатысты

Val функциясы. Қатарлық мәндерді сандық мәндерге түрлендіру жиі қажет болады. Мұны аргументі қатар, ал мәні сан болатын Val функциясының көмегімен жасауға болады: Val (Қатар$)

Пішінде 4 мәтін өрісі және 3 командалық батырма болсын:

Мәтін өрісі мынадай шамаларды ендіруге немесе шығаруға арналған

1)      банктің жылдық өсімінің (пайызбен) құнын;

2)      Периодты (ай сайынғы) төлемдер санын;

3)      Банктен алынған несиенің (келтірілген құнның) сомасын;

4)      Бір төлемнің шамасын.

Бұл тізімдегі 1, 3, 4 – шамаларды, тізімнің қалған шамалары белгілі болса, қаржылық функциялардың көмегімен табуға болады.

Командалық батырмалар осы мақсат үшін қызмет етеді.

Олардың әрқайсысы үшін жеке оқиғалы процедуралар  (Өсім_ Click, Несие_ Click, Төлем_ Click) жазылады.

Үш мәтін өрісіне үш санды ендіргеннен кейін осы батырмалардың әрқайсысын шерту, толтырылмай қалған мәтін өрісінде төртінші санның пайда болуына алып келеді.

Төлемдер саны – 24, несиенің сомасы – 120 000 теңге және ай сайынғы төлем шамасы –  6000 теңге болғанда жылдық өсімнің мәні – 18,15701℅ болады.

Келесі қасиеттерін орнатыңдар

 

Объект Қасиеті Мәні
Form Caption Банктегі несие
Frame1 Caption Өшіру
Frame2 Caption Өшіру
Label 1 Caption Жылдық өсім
Label 2 Caption Төлемдер саны
Label 3 Caption Несие сомасы
Label 4 Caption Төлем шамасы
TextBox1 Text Text1 (өшіру)
TextBox 2 Text Text2 (өшіру)
TextBox 3 Text Text3 (өшіру)
TextBox 4 Text Text4 (өшіру)
Command1 Caption Төлем
Command2 Caption Несие
Command3 Caption Өсім

 

Осы қолданбаның программалық коды 4 айнымалының типтерін хабарлаудан және 3 оқиғалы процедураның түсініктемелерінен тұрады.

Dim r As Single, n As Integer, v As Currency, p As Currency

Ай сайынғы төлемдерді табу процедурасы:

Private Sub Төлем_Click()

r = Val(Text1.Text)

n = Val(Text2.Text)

v = Val(Text3.Text)

r = r / 1200: p = -Pmt(r, n, v)

Text4.Text = Str(p)

End Sub

Несие сомасын табу процедурасы:

Private Sub Несие_Click()

r = Val(Text1.Text)

n = Val(Text2.Text)

p = Val(Text4.Text)

r = r / 1200: p = -p: v = PV(r, n, p)

Text3.Text = Str(v)

End Sub

 

Өсімнің шамасын табу рпроцедурасы:

Private Sub Өсім_Click()

n = Val(Text2.Text)

v = Val(Text3.Text)

p = Val(Text4.Text)

p = -p: r = 1200 * Rate(n, p, v)

Text1.Text = Str(r)

End Sub

 

Бұл банктің несиесі туралы есепті шешетін функция. Оның синтаксисі мына төмендегідей болады:

Pmt (Ұтыс Пайызы, Төлем Саны, Несие Сомасы) Егер Ұтыс Пайызы, жалпы Төлем саны (мысалы ай сайын) және несие сомасы белгілі болса бір жолғы ( мысалы, ай сайынғы) төлемнің ( минус таңбасымен) өлшемін қайтарады.

Str, Hex, Oct функциялары. Str, Oct және Hex функциялары ондық сандарды қатарлық пішіндегі ондық, сегіздік және оналтылық сандарға түрлендіруге мүмкіндік береді. Фукцияның аргументі ондық сан, ал мәні – қатар болып табылады: Str (Сан);  Oct(Сан); Hex(Сан). Str функциясы кез келген санды қатарға түрдендіреді. Мысалы: Str (7Е+23) “7Е+23” мәнін қайтарады.

Сабақты бекітуге: Бақылау сұрағын қоямын.

Үйге тапсырма беру: «Банктегі несие өлшемін есептеу» жобасын қорғау.

Оқушыларды бағалау, қорытындылау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) О.Сейітқұлов «Программалау Visual Basic 6» Екінші бөлім 59 бет

2) Экономикалық сөздіктер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше