Без рубрики

Ұстаздар — ақпарат айдынында.

Ниязов  Серік  Ұзақбайұлы
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төретам кенті
№80 мектеп-гимназия

Білім саласында  әлемнің озық  технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде.  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды  қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.  Қазіргі заман ұстаздан  тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, жан-жақты өмірдегі  ағымнан хабары бар, педагогикалық –психологиялық сауатты, саяси экономикалық білімді  және ақпаратты  сауаттылықты  талап етілуде. Олай болса ақпарат айдынында ұстаздың өзіндік алар үлесі бар деп санаймын.

Ендеше осындай өте жауапты істі мойнына алып отырған мұғалімнің  заман талабына сай болуы оның үнемі өзіндік білімін жетілідіріп, үнемі ізденіс үстінде болуын қажет етеді.  Ізденіске таптырмайтын құрал   баспасөз, онын  алар орны ерекше.  Заман ағымы сырғи жылжыған сайын бұқаралық ақпарат құралдары  да заманауи үлгіде дамуда, міне алдында  айтып өткенімдей ол көштен ұстаздар қауымы да  қалмауы тиіс деп есептеймін.   Оның дәлелі Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей, білім саласы ақпаратық  саламен тығыз байланыста болып өзінің 45 минут сабағын керекті мәліметті ала отырып сабақты түрлендіре өткізу ұстаз парызы деп айтсақ артық болмас. Ұстаздар арасында мынандай сөз бар  «Қырық жыл ұстаз болсаң да, қырық бес минуттық сабағыңа дайындал» бұл   ереже тегін айтылмаса керек.

Оқушыны сабаққа қызығу-қызықпауы пәнге де, ұстаздың шеберлігіне  байланысты. Оқушыларды ең жалықтыратын сабақ бірсарынды,өмірмен байланыспайтын,қызықты қосар жаңалығы жоқ, қайталама түрдегі сабақтар.  Қазір бұрынғыға қарағанда ұстаздар қауымы үшін мүмкіндік көп. Түрлі ақпараттық бағдарламалар ,электронды оқулықтар  интерактивті тақталар, ғаламтор әлемі т. б  айта берсек жалғасын тауып кете береді. Осыларға айқара есігімізді ашқанымен,онында зиянды жақтарынан абай болуымызды да мұқият еске сақтауымыз қажет.  Назар салып қарайтын болсақ  бесіктен белі шыққан балада ,ұстазға қарағанда  ақпараттық  технологияларды жақсы игерген, ғаламтордан түрлі мәліметтерді  алып кәдесіне жаратып  отырады. Сондықтан да ұстаз  шәкіртінен  қалыс  қалмауы тиіс екендігін, керісінше оқушыға  дұрыс бағыт -бағдар беруі қажет  десек болады. Ақпараттық толқынын басты бейнесі ғаламтор әлемін  шарлайтын болсақ, адам өзіне қажетті ақпараты жылдам алыпта,беріпте жатады. Ал ұстаздар қауымына ғаламтор бетінен негізгі іздейтіні әріптестерінің жаңа әдіс-тәсілдері, ерекшеленген сабақ түрлері т.б ақпараттар.Ал ғаламдық өрмекте ұстаздарға көмекші болып жүрген сайттар шүкір жетерлік.  Бірақта осылардың ішінде оқ бойындай озып тұрған  45 minut.kz сайты. Оның себебі ұстаздар қауымымен сайт арасындағы тығыз байланысы. Олардың бір дәлелі ұстаздар үшін мерейтойдай болып, өз жетістігіңді әріптестеріне ұсынып, олардын жетістігін өз практикана жаратуға алатын,  әдістемелік семинарларды ұйымдастыруы, сайт арқылы ұстаз еңбегінін жарыққа шығып  жариялануы. Сайт жұмысынын тағы бір ерекшелігі  болашақта журналистикаға,өнерге қабілетті оқушыларға өз тырнақалды еңбегін кеңінен таныстыруға мүмкіндік беруі,бұл оқушының жаңа жетістіктерге өрлеуіне септігін тигізеді. Сөзімді қортындылай келе Білім саласында ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана білу, ақпараттық технологияларды жасау және тарату оны өрістету және ынталандыру – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін білім беру жүйесі дамуының негізгі басылымдықтарының бірі. Сондықтан, өмірімізге ақпараттық технологияның дендеп еніп, жаһандану үрдістерінің жалына жармасқан қазіргі кезеңде маңызды ақпаратты уақтылы алып тұру үшін және жаналыққа құмар, жас ұрпаққа жаңаша бағытта білім беруді мақсат еткен ұстаздарға осындай  сайттармен жұмыс жасауды ұсынамын дегім келеді.Назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауынан.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.