Буын. Не деу керек?

Тақырыбы: Буын. Не деу керек?

Утегалиева А.О.

Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Түрі: Интеграциялық сабақ.

 

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға буын туралы түсінік беру, сиқырлы

сыпайы сөздермен таныстыру.

2. Тәрбиелік: Сауатты, әдемі жазуға, кішіпейілділікке,

әдептілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың зейінін аудару, ойлау, есте

сақтау қабілеттерін дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, ой шақыру, сыни тұрғыдан ойлау.

 

 

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, музыка, көркемөнер.

 

Көрнекілігі: Графопроектор, слайд, дидактикалық кесте, карточкалар.

Қолданылған әдебиеттер: 1. «Біздің отбасы» экономикаға кіріспе.

2. «Тіл дамытудың ғажайып әлемі».

3. «Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде.»

4. «Ана тілі» оқулық.

 

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыни тұрғыдан ойлау (қызығушылықты ояту) «Тас қақпа» психология-лық дайындық.

ІІ. Өткенді тиянақтау.

Мағынаны тану, ой толғаныс. Орталықтарға саяхат.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Буын.

«Күміс қақпа» дамытушылық ойын. Толық: «Не деу керек?»

 

ІҮ. Өтілгенді қорытындылау, орталықтарға саяхат.

 

Қызығушылықты ояту.

— Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы. Бүгінгі сабақта сіздер үш орталықта жұмыстанасыздар. «Әдебиет», «Ғылым», «Театр», «Қазір компьютерімізді іске қосамыз. Алдарымызда «Тас қақпа». Сіздерге мына тапсырманы ұсынады.

А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді жазыңыз.

Адым, өрік, ұршық, ыдыс, ашық.

Міне балалар, барлығың да тапсырманы дұрыс орындадыңдар, ендеше біздің «Тас қақпа» ашылды.

 

ІІ. Өткенді тиянақтау.

Толғаныс.

1. «Әдебиет» орталығы тапсырмасы.

Суретке қарап, мәтіннің атын, кімнің шығармасы екенін анықтау, қысқаша әңгімелеу.

2. «Ғылым» орталығы тапсырмасы.

  • Жуан және іңішке дауысты дыбыс әріптерін жаз.

3. «Театр» орталығы тапсырмасы.

«О, қорқайын мен неге?» өлеңін сахналап көрсет.

Мағынаны тану.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Буын».

«Күміс қақпа» тапсырмасы.

 

 

Ойын «Толықтыр». Мына кестеге қара, бұл сөз, бірақ жетіспей тұр, не жетіспей тұр?

 

қз

 

 

тн

 

Мктп

 

 

 

  • Дұрыс, ендеше дауысты дыбыстармен толықтыра отырып, жаңа сөз жасадық.

  • Қаз, Отан, Мектеп сөздерді тақтаға, дәптерге жазу. (әр сөздегі дауысты дыбыстар санын анықтап, буынға бөлу).
  • Қорытынды.

  • Буын дауысты дыбыстар арқылы жасалады, қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • 58-жаттығу. (ауызша тану)

  • Суретпен жұмыс.

  • Суреттен кімдерді көріп отырмыз?

  • Олар қалада ма, ауылда ма?

  • Осы суреттен қандай жақсы ізгі қасиетті көріп тұрсыңдар?

 

 

59 – жаттығу

  • 1-ші мақалды оқушыға түсіндіру.

  • «Не деу керек?»

  • Тапсырманы оқыту, 1-ші шумағын оқыту, жауап алу.

 

Музыкамен байланыс:

Келесі шумақтарын Қанат аға әнімен айтады, біз тыңдап жауап беріп көрейік.

  • Шығармашылық тапсырма.

Мына берілген тірек сөздер арқылы өлең шумағын қарастыралық, сұраққа жауап берейік.

Мектепке келдің,

Білім алдың.

Сабақ бітті,

Сайраңдадың.

Қоштасарда не айтпадың?

«Алтын қақпа» тапсырмалары

Мына сиқырлы сөздерді оқып, жазып алыңдар.

Сәлематсыз ба, сау болыңыз, кешіріңіз, рұқсат па, рахмет.

Ой толғаныс

Өтілген сабақты қорытындылау.

Ал, кәне балалар, біз орталықтарға қайта ораламыз.

«Ғылым» орталығы

  1. Мақалды оқы, түсіндір. Мақал

«Сіз» деген-әдеп,

«Біз»деген-көмек.

«Театр орталығы»

«Телефонмен сөйлесу» көрініс.

2-ші мақалды оқып, түсіндіру.

 

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма

Сиқырлы сөздерді, буынға бөлу, өлеңді оқу, сурет салу.

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,

Егіндікөл ауылы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше