Көжек
Ана тілі пәні
Утегалиева А.О.
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Көжек
Типі: жаңа білім
Мақсаты: 1. Аңдар тіршілігі арқылы туған жердің ыстық, қымбат екені туралы түсінік.
2. Мейірімділікке, қайырылымдыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
3. Сөздік қор, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.
Әдісі: СТО технологиялары.
» Автор орындығы», » Үш жақты жазу күнделігі», «Миға шабуыл»,
» Дискуссиялық карта».
Көрнекілігі: кестелер, қима парақша, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка.
Сабақтың өту барысы:
I. Психологиялық тренинг.
М. Хакімжанова » Оқы, ойна «.
Бөбектерім оқы, ойна.
Оқу – білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
II. Қызығушылықты ояту.
1. «Автор орындығы»
а) Жер бетінде бар түп жусан қалмасын!
Кімде кімнің өрісі мен жайылысынан бір тал жусан көрсем, менен жақсылық күтпесін!
Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
ә)Уа, хан ием , — ашу дұшпан, ақыл дос, сабаңа түсіп, сабыр сақта.
Мені таныдыңдар ма, балалар!
Мен кіммін?
2. » Үш жақты жазу күнделігі».
|
Р/С |
Сұрағы |
Қажеттілік |
Менің пікірім |
|
1. |
Хан жусанды жұлуға жарлық беруі керек пе? | Жусан пайдалы. Ол киелі. Күннің ыстығын қайтарады, жердің дымқылдығын сақтап тұрады. Жерді құрт – құмырсқа қаптап кетуден сақтайды. | Келіспеймін.Неге десең ауа бұзылады. Жерді жәндіктер қаптап кетеді. |
|
2. |
Ханның жәндіктерді құртып жіберуі керек пе? |
Жердегі жәндіктер қырылса, аспандығы ірі құстарға азық қалмай қырылып қалады. |
Меніңше бұл да дұрыс емес. Олар пайдалы. Бір – бірінсіз тіршілік ете алмайды. |
|
3. |
Жері шүйгін, оты мол
— Бетпақдала. |
|
Хан жарлығы кесірінен оты мол, төрт түлігі сай, ғажайып жер, ештеңе жоқ — Бетпақдалаға айналды. |
Қорытынды ой: Ойлап іс қыл.
III. Мағынаны тану.
1.» Қайсысы артық?» Неге? (суретпен жұмыс) Дәлелде.
2. – Қоянның баласы қалай аталады?
— Көжек.
— Ендеше бүгін, біз «Көжек» туралы ертегімен танысамыз.
(дәптерлерін ашу, күннің жады, тақырып)
3. » Миға шабуыл» стратегиясы.
4. Оқулықпен жұмыс.
а) Бөліп – бөліп оқыту, әңгімелету.
ә) Сұрақ – тапсырмаларымен жұмыс.
IY. Ой толғаныс.
1. «Дискуссиялық карта»
Шаруа көжекті үйге әкелгені дұрыс болды ма?
|
Иә. (дұрыс) |
Жоқ. (дұрыс емес) |
| Далада тоңып қалмасын деп ойлады. Мейірімділік, жанашырлық танытты. Үсіп кетуі мүмкін. |
Ол қолға үйрене алмайды. Адамдардан қорқады. Балалар ойыншыққа айналдыруы мүмкін. Неге десең әркімге өз туған жері артық.
|
Түйін: Ер туған жеріне т.б.
2. «Сұр қоян» әні қимылымен орындау.
Y. Үйге тапсырма.
1.» Бес жолды өлең»
2. Мәтін бойынша сурет.
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Егіндікөл ауылы.
