«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша қорытынды қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің
физика пәні мұғалімі Досан Сайран
Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша қорытынды қайталау
Білімділік мақсаты: Тұрақты ток заңдарын білу, білімдерін күнделікті тұрмыста қолдана алу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, зейіні мен зердесін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, әрбір жеке тұлғаның дамуына шығармашылық жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Іскерлікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
Әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Өз бетімен жұмыс
3. Сайыс, зерттеу, тексеру, бағалау.
Қажетті құралдар: Амперметр, вольтметр, кілт, өткізгіш сымдар, шам
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2 Жұмыс ережесін бекіту: 1.Тыңдай білу
2. Сөзді бөлмеу
3. Белсенді қатысу
4. Ұялмай, емін-еркін қатысып отыру
5. Қол көтеріп сөйлеу
6. Кешікпеу.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл
сайынғы дәстүрлі жолдауынан:
Үкіметке электр энергетикасын, тасымалдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.
Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер Балқаш ЖЭС-ін, Екі бастұз ГРЭС-нің
үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС-ін салу болып табылады. Ақтау қаласында АЭС-ін салу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет.
Электр – қараңғы түнді, әлемді жарықтандыратын адам ойының сөнбес
«жұлдызы».
9 – тараудың маңыздысын еске түсіру.
1. Электр тогы деп…. электр зарядтарының кезкелген реттелген қозғалысы аталады.
2. Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары: ….
а) берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы.
ә) берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы.
Бұл екі шартты орындау үшін электр тізбегін құру қажет.
«Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық».М.В Ломоносов. айтқандай тізбек құрып жатқанда, сан-сауал сұрақтарға жауап іздеймін.
3. Электрлік кедергінің өлшем бірлігі…. Ом.
4. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда…. тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.
5. Электр тогының негізгі әсерлері….. жылулық, химиялық және магниттік.
6. Электр тогының қуаты деп…. жұмысты атқару шапшаңдығын сипаттайтын шаманы айтады.
7. Токтың жылулық әсері туралы заң….. өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері өткізгіштің кедергісіне, ток күшінің квадратына және оның өту уақытына тура пропорционал.
8. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда…. тұрақты болады. (ток күші)
9. Э.Қ.К.-тің өлшем бірлігі….. (вольт)
10. Электрлік кедергі неге тәуелді?….. өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына және жасалынған материалдың қасиеттеріне тәуелді.
11. Электрлік кернеуді немен өлшейді? (вольтметрмен)
12. Электр тогының жұмысын қалай анықтауға болады?
13. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
14. Параллель жалғанғанда ток күші….. қосылады.
Теоретиктер – формуланы сөйлету.
Аналитиктер – есеп шығару. «Кім жүйрік?»
19-жаттығу
№1есеп. Әрбіреуінің кедергісі 240 Ом болатын үш шам өзара параллель әрі кернеуі 120 В сыртқы тізбекке жалғанған. Барлық шамдардың пайдаланатын қуатын, жалпы токты және 8 сағ. Жанған шамның энергиясын табыңдар.
(180 Вт, 1,5 А, 1440 Вт* с)
№2. Тізбектей қосқанда 20 Ом кедергіні, ал параллель қосқанда 5 Ом кедергі беретін екі өткізгіштің кедергілері қандай болады?
( R =10 Ом)
Сөзжұмбақ шешу.
Дәрігер ақыл-кеңес береді . Адам өміріне токтың қатері. Адам денесінен өтетін ток, Ом заңы арқылы анықталады. Күнделікті тұрмыста барлық электрлік құрылғылар 220 В кернеумен жұмыс жасаған кезде адам терісі құрғақ болғанда кедергі 10 Ом болу керек, ток күші 2,2мА-3А аралығында өлім қаупі туады.3А токта жүрек тоқтайды.Ток соққан кезде алдымен адамды электр тогының әсер етуінен құтқару керек.
1) Жасанды дем алдыру, жүрекке массаж жасау керек.
2) Адамды арқасымен жатқызып, аузын ашып жасанды дем алдырады.
Экономист.
Пәтерлерімізді жарықтандыратын 100 Вт –тық бір шам 10 сағат жанып қалатын болса, 100Вт / сағ. энергия шығындалады, яғни 1кВт /сағ. Бұл шығынды Джоуль-Ленц заңы бойынша Q + P t формуласымен анықтаймыз сонда Q+ P t 1к Вт/ сағ энергия бүгінгі күні 7 теңге 25 тиын сонда ауылдағы 250 үйде бір шам 10 сағаттан жанып қалса 250*7,25+1812,5 теңге зиян келеді. Сондықтан тоқты үнемді пайдаланып, өзі аз қаржыларымызды үнемдеуге тырысу керек.
Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек.
Н.Назарбаев.
Х. Қорытынды.
ХІ. Бағалау.
