Без рубрики

zhanat

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы                                                                              №105 орта мектебінің бастауыш сынып                                                         мұғалімі Нұрханова ЖанатЕңбекке баулу пәні
Сабақтың тақырыбы: Қиял әлеміне саяхат.                                          «Қиял-ғажайып » әлеміндегі тырна.                                          «Қиялдағы кейіпкерлер»құрамағын құрастыруСабақтың мақсаты:1. Оқушыларға қағаздан бүктеп,қию жолымен «Қиялдағы кейіпкерлер»құрамағын құрастыруды жапсыруды үйрету;2.Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын,шығармашылықтар қабілеттерін дамыту;3.Оқушыларды ұқыптылыққа,шыдамдылыққа,әсемпаздыққа тәрбиелеу;Түрі: дәстүрліТипі: аралас сабақӘдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,суретпен жұмысПәнаралық байланыс: дүниетану,математика,бейнелеуКөрнекілігі:оқулық, үлгі суреттер,қауіпсіздік ережелеріҚажетті құралдар:түрлі-түсті қатты қағаздар,қайшы,желім,сызғыш,қалам                      Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.А)Оқу-құралдарын түгендеуБ)Назарын сабаққа аудару.ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.«Схема бойынша аспап модельдеу» жобасы тақырыбы бойынша дайындалған жұмыстарын тексеріп өту.ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.—2 және 7-суреттердің айырмашылығы қандай?—Ненің бейнесіне ұқсайды?
—Жылан туралы не білеміз? —Ол қайда мекендейді?    Жақсы жасалаған оқушылардың жұмыстарын атап өту. Жасалу жолдарын сұрау. Олардың неге ұқсайтыны туралы,жылан туралы білетіндерін сұрап,толықтырып өту.       Сергіту сәтіГүл өсірсең терлеп,Мұның аты –еңбек.Кесте  тіксең  зерлеп,Мұның аты-еңбек.Қиындықтың бәрін,Еңбек қана жеңбек.-Ия адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе-еңбек. Еңбектенген адамнан өнер туады. «Өнер көзі-халықта»,-дейді дана халқымыз.  ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.  Қиял әлеміне саяхат.  Қиял әлеміне саяхатты төмендегі жоспар бойынша баяндаймын.—Қиял дегеніміз не?      —Қиял-ғажайып дегенді қалай түсінесіңдер?—Қиял әлеміндегі адамдар,жан-жануарлар,аңдар өмірде кездесе ме?—Қиялдау (елестету) арқылы ғана  көре аламыз.Мысалы, «Ұшқыш кілем» ертегісін алайық.Осы кілемді ұшса деп қиялдау арқылы ұшақты ойлап тапқан.Шын мәнінде кілем ұша ма?—Қиял әлемі туралы оқушылардан сұрақ-жауап арқылы толықтыру.ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.1)Дәптермен жұмыс.Күннің ретімен ,жаңа сабақтың тақырыбын жазу.2) Суретпен жұмыс.«Қиял-ғажайыптар» әлеміндегі тырна.  —Бәріміз мұқият суретке қарайық.—Суретші салған «қиял-ғажайыптарды » атап шық.—Мысалы,екі Күн.Сеніңше бұл нені білдіреді?—Оқушылардың ойларын тыңдау.3)Жобалық тапсырма. «Біз табиғат перзентіміз» тақырыбына ертегі құрастыру.Ертегі туралы түсіндіріп өту. Ертегілер-халық ауыз әдебиетінің бірі.Ертегіде халықтың әдет-ғұрпы мен,мұң шері,арман мұраты баяндалады.Қазақ ертегісін академик Мұхтар Әуезов үш топқа бөлген.1.Шыншыл ертегі-бұл ертегінің барысы шыншыл әңгіме негізінде туындайды.2.Қиял-ғажайып ертегісі.Бұл-ойдан,қиялдан туындайды.3.Хайуанаттар ертегісі.Ертегі желісі хайуанаттар арқылы туындайды.4)Сарамандық жұмыс.Қауіпсіздік ережелерін сұрап шығу.«Қиялдағы кейіпкерлер»құрамағын құрастыру.Құрамақтың атынан көрініп тұрғандай,бұл аңдар мен адамдар өмірде жоқ. Сондықтан оларды өз қалауларыңша бейнелеп көрсетуге  болады. Оларды қағаздан жасаған жеңіл. Қағаз оңай бүктеледі әрі басқа материалдарға қарағанда арзан. Керексіз қорап,түйме,моншақ,т.б. заттарды пайдалануға болады.— 1-5 суреттер бойынша құрамақтар құрастыру.                         —Бұл-әзілкеш-жартылай робот,жартылай адам.Оның атын,атқаратын қызметін өздерің ойланыңдар. —6-қосымша суреттер.Идеялар қоры.— Қалаған жұмыстарыңды   үлгіге қарап  жасауға болады.Ү.Сабақты қорытындылау.—Бұл қызықты құрамақтарды дайындауда қандай геометриялық пішіндер қолданылған?—Қалай ойлайсың,олар қандай жануарларға ұқсайды?ҮІ.Бағалау.Оқушылардың жетістіктерін атап өту.ҮІІ.Үйге тапсырма.Өз ойыңнан қағаздан  «Қиялдағы кейіпкер» құрамағын жасау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.