Спандияр Көбеев. Түлкі мен қырғауыл.

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№48 ЖОББ мектеп» ММ
бастауыш сынып мұғалімі
Аменова Панигуль Бекеновна
Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев. Түлкі мен қырғауыл.
Сабақтың мақсаты: мысалдың негізгі ойын меңгерту, автор туралы мағлұматпен таныстыру.
Міндеттері:
1.     Білімділік: шығарманың негізгі ойын түсінуге, мысалды жүйелі баяндауға үйрету.
2.     Дамытушылық: оқушының ой-өрісін, тілін дамыту, мәтінді саналы, түсініп дұрыс оқуға машықтандыру.
3.     Тәрбиелік: адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, СТО стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: автор портреті, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. Мақсаттық бағыттау.
1. Психологиялық дайындық.
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік
Күннің нұрын төгейік
Мен саған, сен маған.
2. Сабақтың бағыт-бағдарымен таныстыру.
ІІ. Оқушының білім, білік, дағдысының өзектілігін анықтау. Үй тапсырмасын тексеру.
1.     «Ақымақ бота» әңгімесін бөлімдер бойынша мазмұндату.
І бөлім – «Енесіне еркелеген бота»
ІІ бөлім – «Шынар мен бота»
ІІІ бөлім – «Ұлпанға үйренген бота»
2.     Төрт түлікке қатысты, соның ішінде түйе малына арналған мақал-мәтел, жұмбақ айту. (үйге тапсырылған)
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.     Қызығушылықты ояту.
«Ертегі кейіпкерлерін сипатта» ойны (сәйкестігін анықтау)
Балалар оқыған ертегілердің кейіпкерлерін еске түсіріп, типтік мінездерін атау.
Қоян
айлалы
Аю
айбатты
Қасқыр
қорқақ
Түлкі
сымбатты
Арыстан
сұлу
Қарлығаш
қорбаң
Қырғауыл
қырағы
Бүркіт
ақымақ
2.     Автор туралы мәлімет.
Спандияр Көбеев (1878 — 1956) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген. облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда — қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен.  Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.  Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.  1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

Спандияр

Көбеев
1901 жылдан  ұстаздық жолын бастаған
1912 жылы – «Үлгілі бала» атты кітабы шықты
1913 жылы – «Қалың мал» атты романы
Қазанның 1-і 1878ж Қостанай облысы Ақсуат аулы

 

3.     Оқулықпен жұмыс.
—         «Түлкі мен қырғауыл» мысалын оқу.
—         Мазмұны бойынша талдау.
—         Сөздік жұмыс:
разы – риза болу
бұйрық – жарлық, ортақ заң
зорлық қылмасқа – ренжітпеу
—         Қайталап іштей оқу
—         Ролге бөліп оқу
С е р г і т у    с ә т і
ІҮ. Бекіту.
1.     Теріп оқу:
—         Екеуінің амандасу тұсын тауып оқу
—         Түлкінің қырғауылға жаңалық хабарлау тұсын оқу
—         Қырғауыл тапқырлық тауып айтқан жерін оқу
Ү. Сабақты қорытныдылау.
1. Дәптерде жұмыс.
Венн диаграммасы бойынша кейіпкерлерді салыстыру

түлкі

қырғауыл

 

2.     Ой қорыту. Пікірталас
—         Қырғауыл қандай тапқырлық көрсетті?
—         Қайсысы жеңді деп ойлайсыңдар?
—         Адамдар арасында осы мысалдағыдай жағдай кездесе ме?
3.     Үйге тапсырма: мысалды мазмұндау, қырғауылға хат жазу.
4.     Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше