Үстеу. Мекен үстеуі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі Сугурбаева Бибиткул Идирисовна

Өтілетін сыныбы: 4 сынып   Өтілетін пән аты: Қазақ тілі
Өтілетін сабақтың тақырыбы: Үстеу. Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылардың іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз  табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу және оның сұрақтары туралы білім беру; Ә) ауызекі байланыстырып, жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын    молайту; Б) тиянақтылыққа, жинақылыққа, ұжымшылдыққа, таза, сауатты,    ұқыпты, көркем жазуға үйрету;
Сабақтың түрі: Дамытушылық   Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау-жинақтау
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын   Сабақтың құрал жабдығы: Ақпараттық техникалық құралдар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

– оқушылардың психологиялық дайындығы;

– құрал-жабдықтарының түгелдігін қадағалау;

Сергіту сәті

Улкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлембердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасы

Мезгіл үстеуі

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Монитордағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру

  1. Үстеу мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
  2. Үстеу дегеніміз не?
  3. Үстеудің сөйлемдегі қызметі?
  4. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
  5. Үстеудің сұрақтарын ата?
  6. Үстеу құрамына қарай қандай топқа бөлінеді?

ІҮ.Негізгі бөлім

           Монитордан үй жиһаздары мен заттардың суреттері шығады.

–          Балалар, біз бұл суреттерден нені байқап тұрмыз?(балалар жауап береді)

–          Дұрыс айтасыңдар, яғни әр заттың өзінің орны мекені бар.Енді осы заттарды өз орнына орналастырайық. (Оқушылар өздері орналастырады)

–          Ал енді балалар, осы заттарды орналастыру барысында біз қандай сөздермен таныс болып және оларға қандай сұрақтар қойдық?(Оқушылар жауап береді)

–          Таныс болған сөздерді орыс тілі мен ағылшын тілдеріне аудару.

–          Ереже шығару.

Қимылдың, іс-әрекеттің орнын, мекенін білдіретін сөздерді мекен үстеуі дейміз.Мекен үстеулерге қайда?қайдан? деген сұрақтар қойылады.

Мекен үстеулері:

Ілгері, кейін, әрі, бері, жоғары, төмен, жолшыбай, тысқары, алға, алда, артта, жол-жөнекей, тұс- тұстан, алды-артында.

–          Оқулықпен жұмыс.

511 – жаттығу. Ауызша орындалады.

А) Сөйлемнен үстеулерді тауып, оларға сұрақ қою;

Ә) Мағынасын анықтау;

Жолшыбай – жол-жөнекей

512 – жаттығу.

Сөйлемнен үстеу сөздерді теріп жазу.

Артта, алда, алға, артқа, жоғары, төмен, сыртта, астында.

–          Шығармашылық тапсырма

Манитордағы берілген суретке қарап, мекен үстеулерін қатыстырып, әңгіме  жазу.Әңгімеге ат қою.

513 – жаттығу. Ауызша орындалады.

–          Ши туралы мәлімет беру

514-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қойып жаз.

Жоғары – төмен, артта, осында

  1. Өмірдің бар кереметтерін ………………………………… кездестіруге болады екен.
  2. Қанат қолдарын …………………………… сермеп, жаттығу жұмыстарын жасады.
  3. …………………………отырған Данияр мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.

Ү. Сабақты бекіту.

Үстеулерді білдіретін сөздерді мағыналарына қарай бөліп жаз.

Мезгіл үстеулері………………………………………………………………………………………………………….

Мекен үстеулері…………………………………………………………………………………………………………..

Сөзжұмбақтың шешуін тап

 

        м е к е н  
        е т і с т і к  
        к ө м е к т е с
  ү с т е у  
м е к е н  

 

 

 

  1. Іс-әрекеттің мезгілін білдіретн сөздер үстеудің қай түріне жатады?
  2.  Не істеді? не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөз табы?
  3.  Кіммен? Немен? сұрағына  жауап беретін септік түрі?
  4.  Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?
  5. Қайда? сұрағына  жауап беретін үстеу түрі?

  ҮІ. Үйге тапсырма

А) Мекен үстеулерін қатыстырып, эссе жазу;

Ә) Мекен үстеулері кездесетін мақал-мәтелдер жазып келу

ҮІІІ. Бағалау.

Сабақта өзінің белсенділігімен көзге түскен оқушыларды өз деңгейлеріне қарай бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше