Халықтар достығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі Сугурбаева Бибиткул Идирисовна
Өтілетін сыныбы: 2 сынып Отілетін пән аты: Дүниетану
Өтілетін сабақтың тақырыбы: Халықтар достығы
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет екендігін, ондағы ұлттардың достығы, бірлігі, салт-дәстүрлері, мәдениеті туралы түсінік беру; Ә) Дамытушылық.ауызекі байланыстырып, жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту; Б)Тәрбиелік. тиянақтылыққа, ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке, адал дос бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: Дамытушылық Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, дедуктивті, талдау-жинақтау
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын, география, музыка
Сабақтың құрал жабдығы: Ақпараттық техника құралдары
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
– оқушылардың психологиялық дайындығы;
– құрал-жабдықтарының түгелдігін қадағалау;
ІІ. Үй тапсырмасы
Суретті әңгімелеу арқылы үйге берілген «Біздің Отанымыз» тақырыбын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
|
көп елі |
Фигураларды тиісті орнына орналастыру арқылы өлең құрастыру
|
Қазақ елі қашаннан да – |
|
Тарихында тұлғалар |
|
Қазақстан аясында |
|
бұрыннан |
|
Жыр елі |
|
Бірнеше ұлт |
|
бірге өмір сүреді |
ІҮ.Жаңа материалды меңгерту
1. Кіріспе әңгіме
Қымбатты оқушылар жаңа жоғарыда өздерің атап өткендей біздің Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер, дүнгендер, украиндар, өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді.Олар бір-бірімен тату – тәтті тұрады.Соның арқасында еңбектерінің жемісін көруде.Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде.Бұл олардың бастарын біріктіреді.
– Ой қозғау
– «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» мақалдың мағынасын ашу.
– Жаңа ақпарат беру.
– «Халықтар достастығы» монументі
«Халықтар достастығы» монументі Автор: Сәкен Нарынов. Материал: қола. Ашылған күні: 2003 жылы 1 мамыр. Монумент өзімен тостақты, бұрқақты бассейнді білдіріп, оның ортасында биіктігі 8 метр болатын үш қиылысатын фигуралардан қола мүсін орналасқан. Астана тұрғындары мен қонақтары монументті Республика даңғылы мен Омаров атындағы көше қиылысында көре алады. Мереке күндері бұрқақтар музыка ойнап, астынан түрлі түсті шамдар жанып «жүгіре аққан толқын» түрінде жұмыс істейді.
– Әр ұлт өкілдерінің мәдеиеті мен ұлттық ерекшеліктері туралы мәлімет алу
– Суреттер арқылы ұлт өкілдерінің бейнесін таныту
Адасқан әріптер ойыны
|
Ә І У Л С З Т Е
|
Адасқан әріптерден «Тәуелсіз» сөзін шығарып, ой өрбіту
Ү. Сабақты бекіту.
Біз бүгінгі сабақта көптеген өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстық.Сонымен қатар халықтар достығын танытатын монумент, ескерткіш орнатылса, талай ақын, жазушыларымыз достықты жыр етіп, ән шырқаған.
Ән. «Дос болайық бәріміз»
ҮІ. Үйге тапсырма
– Бірлік, достық туралы мақал-мәтелдер жазып келу
ҮІІІ. Бағалау.
– Мадақтау, үлгі ету, ынталандыру
