«Сөз тіркесінен өткенді қайталау»

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі
Б. Қанатбаев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Камидуллина Әлия Жұлдызбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Сөз тіркесінен өткенді қайталау»
Сабақтың мақсаты:  1) өткен сабақтардан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру.   2) Пәнге деген көзқарасы, білімге құштарлыққа тәрбиелеу. Бір істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылдыру, төзімділікке баулу.   3) Сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: саяхат сабақ    Сабақтың әдісі:  сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, салыстыру, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: құстар (макеті, дыбысы), қызғалдақтар, балық, доп, мультимедиа

 

Сабақтың жүру барысы:

Қазір жылдың қай мезгілі?

–         Көктем

Бұл мезгілде айналамызда қандай өзгерістер болады?

–         Күн жылынады, құстар келеді, жер көгереді

Біз осы өзгерістерді сезініп жүрміз бе? Иә, себебі біз өткен сабақтарда «Сөз тіркесін» өткен уақытта жалпы құстар жайында оқып – білдік.Ал енді біздің ауылымызда қандай құстар бар екен? Өткен сабақта үйге берілген тапсырма «Сөз тіркесін қайталау» және ауылдағы құстар жайында білу болатын.Қане, кім біліп келді, бізде қандай құстар кездеседі екен?

(ауылымызда кездесетін құстардың мүсіндерін ұшырып әкелеміз, құстардың үні естіледі (компьютер)

–         Өте жақсы, міне құстардың өздері де келіп қапты. Қане, танимыз ба мынау қандай құс? Бұл құстардың бізге әкеп жатқан сұрақтары бар екен, соған жауап берейік  (әр құстың атын атап алады, артындағы сұраққа жауып береді)

  1. Сөз тіркесін қарастыратын қазақ тіл білімінің саласы қалай аталады? (синтаксис)
  2. Сөз тіркесі деген не? Айрықша белгілері қандай?
  3. Бағыныңқы сөз деген не?
  4. Басыңқы сөз деген не?

Сонымен біз ауылымыздағы құстарды танып – білдік. Бүгін ауа – райы тамаша, бәріміз саяхатқа шықсақ қайтеді? Ендеше қызғалдақ теруге саяхатқа шығамыз.Бүгінгі сабағымыз – саяхат сабақ.

( табиғаты, қызғалдағы бар слайдтар)

Табиғат қандай тамаша?! Енді осы таза ауада, әрі ой сергітіп, әрі бой сергітіп өткен сабақтарда   өткен  тақырыптарды пысықтайық» (интерактивті тақтадан қызғалдақтардың видеосюжеті және қолдан жасалынған қағаз қызғалдақтар стол үстіне қойылады.

-Бұл әлемде гүлдер көп балау шашқандай

бірақ әсем гүлдер жоқ қызғалдақтардай,-деп ән жолдарында айтылғандай ,дала қызғалдақтармен жайқалып,керемет боп тұр екен.Мен ұстаз ретінде бұл қызғалдақтарды алуға тек берілген тапсырманы орындаған балаларға рұқсат беремін. Сондықтан тапсырмаларды мұқият орындайық

Қызғалдаққа сипаттама бере кетейік.

Қызғалдақ- лалагүлділер тұқымдасына жататын сәндік өсімдік. Нақты атауы- жауқазын. Жауқазын- гүлді өсімдіктердің жалқы атауы, ал қызғалдақ- ақындардың сипаттауындағы жалпы атау. Көктемде шығатын өсімдік жауқазынныңбір түрі екенін ақын Абай атамыз «Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын» деп суреттеген. Ендеше көктем сәні қызғалдақтарды тезірек алуға ұмтылайық!

 

І

«Ең  әдемі қызғалдақты» кім алар екен?

Сөз тіркестерін түр-түріне ажыратып,әрқайсысын бөлек-бөлек топтап жазыңдар

бабымен пісіру,өнегелі бала,ақыл айту,әсем әуен,киелі сөз, ойнақтаған бота,намысына тию,ауылға бару,әсем табиғат (дұрыс жазған оқушыға қызыл,қателескенге-сары қызғалдақ беріледі)

ІІ

«Ойлан да тап»

Көп нүктенің орнына басыңқы сөзін қойып,есімді, етістікті сөз тіркестерін жасаңыз,сөйлем құраңыз

алыс  …,арқалы  …,ақылды…,ерінбей ..,өзімнің…

ІІІ

«Ұяшық таңдау»сызба бойынша сөз тіркесін  жасаңдар

зат есім +зат есім

сын есім+зат есім

сан есім+зат есім

есімдік +зат есім

 

септеулі зат есім+етістік

үстеу+етістік

сын есім+етістік

сан есім +етістік

 

Балалар міне, біздер керемет табиғат аясында бірнеше тапсырмаларды орындап тастадық. Саяхатқа шығу, қызғалдақ теру жақсы ма екен?

Уақыттың өткенінде байқамай қалыппыз.Енді таза ауада өзімізбен бірге алып келген жеміс – жидектерімізді жеп алайық. Себебі, жеміс – жидектерде адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп әрі далада жеген тамақ сондай тәтті болады.Ендеше  келесі бөліміміз – үзіліс сәті «Даналық ойдан дән ізде» деп аталады.

                                      IV

Алдарыңызда көрсетіп тұрған жеміс – жидектердің ұнағанын таңдайсыздар, оның артында тапсырмалар бар.

 

Балалар міне, біраз қызғалдақ тердік, кішкене витаминді тамақтармен қореқтеніп алдық енді, бой сергітіп «Кім шапшаң» ойынын ойнайық.

                                     V

Сергіту сәті «Кім шапшаң» ойыны

6 оқушы доп лақтыру арқылы тіркес құрау  Мысалы,1-екі десе,2-адам т.с.с

                                 VI

Келесі бөліміміз «Мұны білгенің жөн!» деп аталады.

Берілген сөз топтарынан 1бағанға еркін сөз тіркестерін,2бағанға тұрақты тіркестерді,3 бағанға курделі сөздерді теріп алып, орналастырыңыз.

Бұрын бару,үйге барды,қызылды-жасылды,ат ізін салмау,хат жазу,асығып-үсігіп,біздіңүй, мұрнын шүйірді,қоян жүрек,келе жатыр,ақ ала,жиналысқа қатысу,көзді ашып-жұмғанша

 

                                VII

                          Сөзжұмбақ

     1 Баланың әкесі. Қандай тіркес?

 

2       Меңгерудегі жоқ септік.

3       Сөздердің жіктік жалғауы немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы

4       Бағыныңқы сыңарға сұрақ қой: менде бар

5       Сөздің мағынасын зерттейтін сала.

6       Жіктік жалғауының 2-ші жағы.

 

 

                     VIII                                                                                     «Өлең сөздің патшасы»

Төмендегі сөз тіркестерінен бір шумақ өлең құрастырып,сөз тіркесіне талдаңыз,кімнің өлеңі?

1,Желсіз түнде,сәулесі дірілдеп,суда дірілдеп,терең сай,ауылдың жаны,жарық ай,күрілдеп тасыған,өзен тасыған

2,Тәтті күй,жақсы ән,бойды алар,көңілге салар,түрлі ой,құлақтан кіріп,менше сүй,әнді сүйсең.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше