С.Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі
Б. Қанатбаев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Камидуллина Әлия Жұлдызбайқызы
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин ,,Ақсақ киік“ өлеңі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: а) ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағ- дай туғызу,“Ақсақ киік“өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; ә) өлеңді мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын менгере отырып автор шеберлігін тануына көмек- тесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықта- нып,түйінді ой,өзіндік пікір қалып тастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін және табиғатты қадірлеп, қастерлеи білуге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрi: кіріктірілген. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, СКТ.
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,география, музыка
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, шығармалары, Қазақстан картасы, электронды күй дискісі, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың сәлем десуі, түгелдеу.
ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
“Өнер алды-қызыл тіл“
Анаңдай оны құрметте!
Қапсымай,талмай үйрен,біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.
II. Үй тапсырмасы:
Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық?
1.Сәкен Сейфуллин кім, оның қандай еңбектерін білеміз?
2. «Ақсақ киік» өлеңін оқығанда қандай сурет көз алдарыңа келді, қандай сезім туғызды?
3. Киікті көргендеріңіз бар ма?
4. Топтастыру «Кім не біледі?»
III Жаңа сабақ:1. Қ.Сағырбаев «Ақсақ киік» күйі ( компьютерден) баяу орындалады. Мұғалім өлеңнен үзіндіні әсерлеп жатқа оқиды.
2. Проблемалық сұрақ.Күй әуенімен өлеңнен қандай әсер алдыңыздар?
Киік пен бөкеннің айырмашылығы неде деп ойлайсыздар?
3. Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап,экраннан жазылған сөздерді көрсету.
-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.
-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.
-Қос-шатыр,күрке. -Бетеге- шөп атауы.
-Киік –аталық жануар. -Бөкен-аналық жануар.
– Боялыш- жапырақсыз сойдиған шөл өсімдігінің аты.
– Көкпек – шөлде өсетін өсімдік аты.
4.Слайдпен киіктің суретін көрсету, киікке биологиялық тұрғыдан анықтама беру.
Сүтқоректілердің жұп тұяқтылар отряды
– Денесінің ұзындығы -150см
– Салмағы – 50 кг
– Мекені – шөл және шөлейтті жерлер ( Бетпақдала, Арысқұм, Үстірт)
– Өмір сүру мерзімі 10-12 жыл
– 1960-1970ж – 1млн
– ХХІғ басында- 100мыңнан аз.
– Мүйізі – Тибет медицинасында
– Еті – жеуге жарамды
– Терісі – бағалы
– Баласы – құралай
География пәнімен байланыс: Картадан ақын шығармасының кейіпкері ақ бөкендер мекендейтін Сарыарқа мен Бетпақдала дала зоналарының шектесетін аймағын көрсету.
Әдебиет пәні бойынша. –География, биология бойынша біраз мағұлмат алдық, енді әдеби тұрғыдан өлеңді талдап көрейік.
Ақсақ киік
авторы –
тақырыбы-
идеясы –
жанр түрі –
шумақ саны –
тармақ –
бунақ –
буын саны –
ұйқас –
әдеби – теориялық ұғымдар –
а) пейзаж
б) теңеу
с)эпитет
д) метафора
өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні –
– Экологиялық жүйедегі орны туралы.
Ал енді осы киіктердің бүгінгі күнде өмір сүру деңгейі қандай? Оның сандық көрсеткіші туралы не білеміз
-Кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы.
-Киіктің дене тұрқы,салмағы,жылдамдығы туралы түсінік беру.
-Қазақстандағы киіктер санының өзгеруі туралы гестограмма.
Білімді бекіту:
Не айтқысы келді? Нені түсіндік?
Табиғатты қорғау, жан – жа- «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»
нуарларды аялау, сұлулық-
ты сезіндіру
«Қызыл кітап» жөнінде ой бөлісу.
VII. Сөз соңында айтарымыз,ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Құрманғазының”Ақсақ киік” күйі, Жақсыкелді Сейілов ағамыздың “Жез киік” әні,С.Сейфуллиннің сөзі мен қоса әні де айтылатын “Ақсақ киік”әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезімі айқын байқалады.
Біз табиғат сақшысы болуымыз керек.
Үйге тапсырма: «Ақсақ киік» өлеңі бойынша әңгіме құрастыру, сурет салу.
