«Құстар келді». Ана тілі. Ашық сабақ
Атырау облысы, Мақат ауданы
Мақат поселкесі Х.Санбаев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Камидуллина Маруа Жулдызбаевна
Сабақтың тақырыбы: Құстар келді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік және барлық құстардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру. Оқушы білімін тексеріп, әртүрлі тапсырмалар орындату.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, белсенділік, қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, «Орманға саяхат» плакаты, сынау қағазы, топтастыру, топпен жұмыс, слайд.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, жұмбақ, мақалдар, көрініс.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Дүниетану, математика, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II.Үй жұмысын тексеру
1) Топқа бөлу.
1топ – «Қарлығаш» тобы
2топ- «Қараторғай» тобы
3топ- «Бұлбұл» тобы
– Үйге қандай тапсырма берілді?
– Жаңбырлы күні
– Балалар, біз бүгін үй тапсырмасын орындамас бұрын «Жау-жау, жаңбыр» өлеңін айтып жіберейік.
– Оқушылар, мына сиқырлы сандықшаны ашамыз. Осы сандықшаның ішінен не көріп тұрсыңдар?
– Геометриялық фигуралар көріп тұрмын.
– Сол геометриялық пішіндердің артында тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындаймыз.
1.Төртбұрыштың тапсырмасы – Өлеңді мәнерлеп оқы.
2.Үшбұрыштың тапсырмасы –Сұрақ-жауап.
1) Құстардың қандай пайдасы бар?
2) Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
3) Жаңбыр жауар алдында, жаңбыр жауғанда аспанда қандай өзгерістер болады?
3.Дөңгелектің тапсырмасы– Топтастыру-Жаңбырдың қандай түрлерін білесің?
Жай ақ
Майда нөсер
– Ненің суретін құрастырдық?
– Ұяның суретін құрастырдық.
III. Жаңа сабақ
1.Сұрақ-жауап
– Жылдың қазір қай мезгілі? – Көктем
– Көктемде бізге нелер қонаққа келеді? – Құстар
– Көктемде біздер құстарды қарсы аламыз. Құстарды қарсы алу үшін біз
ұямызды жасап қойдық.
– Бүгінгі өтетін сабағымыз Т.Молдағалиевтің «Құстар келді» өлеңі.
1935 жылы
Ақын Алматы облысы
2.Өлеңді мәнерлеп оқу
3. Түсіндіру
– Оқушылар, осы жыл құстары біздің сыныбымызға қонаққа келе жатыр. Қараторғайдың аузында сіздерге алып келе жатқан хаты бар. Соны алып оқып көрейік.
– Балалар, біз өзіміздің туған жерімізге ұшып келгенде жай келмейміз, сендерге тапсырмалар алып келеміз. Сол тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, сендер бізге қамқоршы бола білесіңдер.
4. Енді, балалар, біз өзіміздің жасаған ұямызға құстарды қондыру үшін, олардың тапсырмаларын орындауымыз керек.
1. Қараторғайдың тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп оқып бер. (тапсырманы орындап болған соң, құсты ұяға апарып қондырамыз)
2. Көкектің тапсырмасы: Сұрақ-жауап
– Құстардың қандай пайдасы бар?
– Қандай жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды білесіңдер?
– Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады? (Көкекті ұяға қондыру)
3. Қарлығаштың тапсырмасы: Құстар туралы тақпақ айтыңдар. (Ұяға қондыру)
4. Тырнаның тапсырмасы: «Құстарды қорғау» ойыны– 3 сөйлем құрау
1-топ. Қараторғайға балалар ұя жасады.
2- топ. Қарлығаштың біздің үйге ұя салғанына екі жыл болды.
3- топ. Бұлбұл ұясын биік бұта басына салды. (Тырнаны ұясына қондыру)
5.Шымшықтың тапсырмасы: Сергіту сәті.
Құстардың ұшатынын «Ұшты-ұшты» ойыны арқылы дәлелдеу. (Шымшықтың ұясына қондыру)
6. Бұлбұлдың тапсырмасы: «Кім алда?» ойыны. Балалар жұмбақ айтып, оның шешуін тауып жарысады. (Бұлбұлды ұяға қондыру)
7. Ұзақтың тапсырмасы: Құстар туралы көрініс көрсет. – Көрініс «Сауысқан»
IV. Білімді бекіту- Сынау қағазын үлестіру.
1) Сөздерді сызықпен байланыстыр.
Бұлбұл қарқылдайды
Шымшық қаңқылдайды
Қарға сайрайды
Қаз шықылықтайды
2) Топтастыру стратегиясы
Тырна қараторғай
Бұлбұл Қарлығаш
Ұзақ Көкек
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, суретін салып келу
VII.Ән «Көңілді көктем»
VII. Қорытынды

маған өте қатты ұнады!!!!! рахмет