Сәулелі жұлдыз іздеген адам. Ә.Сәрсенбаев.
Атырау облысы, Мақат ауданы
Мақат поселкесі Х.Санбаев атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Камидуллина Маруа Жулдызбаевна
Сабақтың тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам. Ә.Сәрсенбаев.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Ы. Алтынсариннің өмірі мен еңбектері туралы түсінік беру. Ә.Сәрсенбаевтың «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» атты әңгімесінің мазмұнын түсіндіру.Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, көркем шығармадағы негізгі ойды ажыра білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ақыл-ойын,тіл байлығын, сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру. Көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын туғызу.
Тәрбиелігі: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын үлгі ету. Отан, туған жерін сүюге, білімге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кітаптар, «Ойлан кестесі», үн таспа, мақал-мәтел, Ыбырай атаның суреттері, сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын тексеру. Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Енді біздер бір-бірімізге жақсы тілектер айтумен сабағымызды бастаймыз.
Қуанамын менде
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге,- деп жақсы тілекпен сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Қанжығалы Бөгенбай»
1. Мәтінді түсініп, мазмұнын айту.
Сұрақтарға жауап беру.
1.Бөгенбай кім?
2. «Батыр аңғырт десек те,
Көрсеткендей ел үшін» деген жолдары Бөгенбай батырдың қандай ісін марапаттауға арналған?
3.Тәтіқара жырау Бөгенбайға қандай мінездеме берді?
4.Бұқар жырау Бөгенбайға батырға қандай мінездеме берді? Қандай батырларды білесіңдер? (Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Тілеуке, Райымбек, Наурызбай, Қылышбек)
Тест сұрақтары: 1. « …ақ киізге отырғызып көтеріп,ел басқарған сұлтандар әр жақтан дауыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылығын, ержүректігін т.б қасиеттерін айтып тауыса алмайды» деген үзіндіде кім туралы айтылған? А. Қабанбай В. Абылай. С. Бөгенбай. Д. Наурызбай. 2. Осы шығарма кімнің қандай шығармасынан алынған? А. Ш.Уәлиханов «Абылай» В. Қ.Толыбаев «Қаракерей Қабанбай» С.А.Сатаев «Қанжығалы. Бөгенбай» Д. М.Мағауин «Қазақтың хан сайлауы» 3.Жоңғарлардың қазақ даласын басып кірудегі мақсаты: А. Хан билігіне таласу В. Қазақ елімен қарым-қатынасты күшейту. С. Қазақ елін қиын қыстау кезеңінен құтқару. Д. Қазақтың бар байлығын иемденіп, жерін тартып алу. 4.Жоңғар контайшысының аты: А. Солтанбек В. Цянъ-лунъ С. Шарыш. Д. Қалден-Серен.
3.Жаңа сабақ. Әбу Сәрсенбаев ( 1905-1997) Атырау облысы, Теңіз ауданында туған. Қазақтың белгілі қаламгері.Оның «Туған өлке», «Отан таңы» т.б өлеңдер жинағы «Толқында туғандар» «Теңіз әуендері» романдары бар. Әбу Сәрсенбаев – жазушы. Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарушы.
Үнтаспадан Ыбырай атаның «Кел, балалар, оқылық!»өлеңін тыңдату. – Бұл кімнің өлеңі. – Ыбырай ата қай жылы туған? – 1841 жылы туған. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожаның тәрбиесінде өседі. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып,онда мұғалім болды. Қазақ балаларына арналған ана тіліндегі тұңғыш оқулық «Қазақ хрестом атиясының» авторы.
4.Жаңа білімді меңгерту
Оқушыларға мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
1. Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту. Мақсаты:мәтінді дұрыс,әні мәнерлеп оқыту, бөлімдерді мазмұнға қарап бөлуге дайындау.
2. Топтық жұмыс: Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қиялдарын дамыту.
1-топ. Жоспар құру. Әңгіменің басында не туралы,ортасында не туралы айтылған?
2-топ. Соңғы бөлімде не туралы айтылған?
3-топ. Неліктен әңгіме «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталады?(Пікірін тыңдау 5-7мин)
5. Создік жұмыс
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
1864 жылы мектеп ашты.
Әбу Сәрсенбаев (1905-1997) Атырау облысы Теңіз ауданында туған. Қазақтың белгілі қаламгері
Сергіту сәті
6. Поэзия минуты. Ыбырай аталарыңның қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
1. Кел,балалар,оқылық!
2. «Өнер-білім бар жұрттар»
3. Өсиет
4. Өзен
7. «Ойлан» кестесі
1. Бай баласы мен жарлы баласы
2. Таза бұлақ
3. Әке мен бала
4. Асыл шөп
5. Аурудан аяған күштірек
6. Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш
8. Сөзжұмбақ «Ыбырай»
| А | С | Ы | Л | Ш | Ө | П | ||
| Е | Ң | Б | Е | К | ||||
| К | Р | Ы | Л | О | В | |||
| Ө | Н | Е | Р | |||||
| Б | А | Л | Ғ | О | Ж | А | ||
| С | Е | Й | І | Т | ||||
9 Дамытушылық тапсырма
Тамаша педагог
Жазушы
Тұңғыш ағартушы
Аудармашы
Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Мұғалімдер Тұңғыш
дайындайды хрестоматия
авторы
10. Жаңа білімді бекіту.
– Әңгіме неліктен «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған?
– Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?
Өздік оқу. Мәтінді іштей оқыту. Содан кейін бір оқушыға мазмұнын айтқызу
11. Сергіту сәті. А, Ә, Б, Е әріптерінен басталатын мақалдар айту.
12. Қорытынды.
№1 Алғаш мектеп ашқан адам (Ы.Алтынсарин)
№2 Ыбырай атаның ізбасарлары кімдер? (А.Байтұрсынов, С.Көбеев)
№3 Қандай әңгімелерін білесіңдер?
№4 Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы қандай?
13. Шығармашылық жұмыс
Сөздерді дұрыс пайдаланып, мақалды жазу
І-топ.
1. Азбайды, тозбайды, ақыл, білім. (Ақыл азбайды, Білім тозбайды).
2. Білім, бітеді, басқа. (Қына тасқа бітеді,
Қына, бітеді, тасқа. Білім басқа бітеді).
3. Аты, өлмейді, жақсының (Жақсының аты өлмейді,
Хаты, өлмейді, ғалымның Ғалымның хаты өлмейді).
14. «Мың бір мақал» ойыны. Еңбек, оқу-білім туралы мақал-мәтелдер айту.
15. Болашаққа болжам.
Батыл Табанды
Қарапайым Әдепті
Іскер Төзімді
Мейірімді Талғампаз
Шыншыл Әділ
Биязы Кішіпейіл
16. Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау.
17. Бағалау, мадақтау.
18. Ризамын саған өлеңі

сабақ өте жоғары дәрежеде өткен.маған ұнады.осы тақырыпта сабақ жоспарн іздегеніме көп болды.рахмет сіздерге