Без рубрики

«Менің болашақ өмірім» (тренинг әзірлемесі)

Абшукирова Айгерим Жексембаевна

Педагог- психолог, Бершүгір орта мектебі

Шалқар ауданы, Біршоғыр стансасы

«Менің болашақ өмірім»

(тренинг әзірлемесі)

Мақсаты:        

-балардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру;

-бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту;

Қатысушылар: бастауыш сынып оқушылары.

Көрнекілігі:  микрафон, түрлі қарындаш, альбом.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  

1.Психологиялық жаттығу.

Әркім өзіне ұнайтын қандай да бір мамандықты сөзсіз қимылмен көрсетеді. Ал басқалар оны табады.

ІІ. Негізгі бөлім.        

1.«Менің болашақ өмірім».

Бүгінгі біздің мектепке телерадионың журналистері келіп отыр. Олар сендермен «Менің болашақ өмірім» тақырыбында бағдарлама жасамақ. Бұл бағдарламада осы сынып оқушыыларының келешек өміріне қандай жоспарлары бар, сол бойынша сұрақтар қоя отырып бағдарламаны жүргізеді.

  1. Келешекте кім боласың?
  2. Қандай және қайда жұмыс істейсің?
  3. Бос уақытынды қалай өткізесің?

Әр оқушы микрафонды алып, сұраққа жауап береді. Мүмкіндігінше барлық балар қатысуы керек.

  1. «Сөйлемді аяқта» ойыны.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

—         Егер де мен

—         Егер де мен

—         Егер де мен

  1. «Менің болашақ үйім».

Балалар өзінің болашақ үйлерін салады және кіммен бірге тұратынын жазады. Салып болғандар өз еріктерімен суреттерін сынып оқушыларына көрсетеді.

Балаларға сұрақ:

-Неге сен осы адамдармен тұрғың келеді?

-Сенің үйің басқалардан несімен ерекшеленеді ?

-Сен үйіңді қалай атайсың?

ІІІ. Тренингті аяқтау.

Сөйлемді аяқта

«Менің болашағым …. ұқсайды ……..»

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.