Без рубрики

«Менің арманым»

Абшукирова Айгерим Жексембаевна

Педагог- психолог, Бершүгір орта мектебі

Шалқар ауданы, Біршоғыр стансасы

 

Мақсаты: балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.Бір бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру. Қызығушылығын ояту.

Қатысушылар: бастауыш, орта буын оқушылары.

Көрнекілігі: ватман, түрлі-түсті қарындаш, альбом, фломастер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық жаттығу.

Балалар болашақта кім болатынын сөзсіз қимылмен көрсетеді. Ал басқалар оны табады.

ІІ. Негізігі бөлім.

2. «Біздің фантазиямыз»

Балалар шеңбер құрып отырады. Шеңбер бойынша әр түрлі берілген сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

-Мектептегі балалар басқарса не болар еді?

-Егер сенде ұшатын кілем болса, сен қайда ұшасың?

 

3. «Сөйлемді аяқта» ойыны

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

-Егер де мен мұғалім болсам,………………

-Егер де  мен дәрігер болсам,…………..

-Егер де мен президент болсам, ………………..

-Егер де мен әкім болсам, ………………..

4. «Арманымның сурет».

Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарынды таңданыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңніңармандарыңның суретін саламыз. Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.

5. «Біздің арманымыз».

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Екі топқа да «Біздің арманымыз» тақырыбына бірігіп бір ватманға болашақ негізгі арманын бейнелеу тапсырылады.

Сұрақтар:

—         Бірігіп жұмыс істеген қалай?

—         Не ұнады, не ұнамады?

—         Сенде қандай армандар бар?

ІІІ. Тренингті аяқтау.

6. Сөйлемді аяқтау.

«Мен армандаймын ……….»

 

 

 

/p

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.