а+7, а-7 әріпті өрнектері
а+7, а-7 әріпті өрнектері
Сабақтың тақырыбы: а+7, а-7 әріпті өрнектің мәнін табу.
Сабақтың мақсаты: 7 санының қатысуымен әріпті өрнектер құру және оның мәнін табу тәсілдерімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
· Оқушылардың өткен сабақтардан әріпті өрнектер туралы алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған тапсырмалар орындату.
· Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап
беруді талап ету.
· Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, дүниетану, музыка.
Сабақтың типі: ақпараттық-коммуникативті құралдар қолдану сабағы.
Сабақтың құрал-жабдықтары: таратпа материал, карточкалар, проектор
Сабақтың барысы:
І. Мақсаттық бағыттау.
1. Сабақтың психологиялық ахуалы. ♫ слайд№2
«Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Таңдай арайлап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Сабағымызды бастаймыз.»
ІІ. Оқушылардың білімнің өзектілігін анықтау.
1. Үй тапсырмасын тексеру. Дәптерде орындалған тапсырманы қарап, оқушылардың дәптерлерін жинап алу.
2. Ауызша есеп. Көңілді есептер: слайд№3
Есептің жауаптарынан өсу ретімен орналастырып, «ӨРНЕКТЕР» деген сөзді құрастыру. cлайд№4
|
Ө
|
Р
|
Н
|
Е
|
К
|
Т
|
Е
|
Р
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
— Өрнектер ненің көмегімен жасалады? cлайд№5, 6
— Өрнекті тағы қалай атаймыз?
— Мына өрнек қалай аталады?
— Өрнектің қандай түрлері бар?
— Санды өрнек қалай жасалған?
— Әріпті өрнек ше?
— Ендеше бүгінгі сабақта да әріпті өрнектер бойынша жұмыс істейміз.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс. Қызығушылықты ояту:
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Мақсатын ұғындыру. cлайд№7
2. Дәптерде жұмыс. cлайд№8
Күн ретін жазу слайд №9,
таза жазу минутасына 7 цифрын жазу слайд№10
Сергіту сәті. слайд№ 11
3. Кестені толтыру. слайд№ 12
Әріпті өрнек құру және оның мәнін табу. слайд№ 13, 14
|
а
|
0
|
1
|
2
|
3
|
|
а + 7
|
4. Оқулықпен жұмыс 112 бет, №4 есепті шығару. cлайд№15
— Есеп қандай бөлімдерден тұрады?
— Есептің қандай түрлерін білесіңдер?
Слайд№16
Тауық — 6
Үйрек — 4
6 + 4 = 10(қ)
Жауабы: барлығы 10 құс.
Сергіту сәті (көзге арналған, слайд№ 17, 18)
5. Жұппен жұмыс слайд№19,
7 санының құрамын толтыру, дұрыс жауап, слайд№ 20
|
7
|
1
|
|
3
|
|
5
|
|
|
|
2
|
|
4
|
|
6
|
Оқушылар бірін-бірі бағалау, слайд№21
6. «7 – киелі сан» 7 санымен байланысты халық тағылымынан қосымша мағлұмат беру. слайд№22
Сергіту сәті слайд№23
7. «Жыл құстарын қарсы алайық» ойны.
Қазір жылдың қай мезгілі? Туған жеріне жыл құстары оралды.
Ендеше құстарды қарсы алуда біз де үлесімізді қосайық.
Ребустар шешу. слайд№ 24
ІҮ. Үйге тапсырма беру.
111 бет №2, 112 бет №3 өрнектер құру және мәнін табу. слайд№25
Ү. Сабақты қорытындылау.
«7 санын қатыстырып, қандай әріпті өрнектер құрауға болады?» слайд№26
7 санының қатысымен жасалған мына сөзөрімдерді шешейік. cлайд№ 27
VІ. Оқушыларды бағалау. cлайд№28, 29
-балалар сабақ ұнады ма? Несімен?
