Без рубрики

танымдық – мерекелік кештің бағдарламасы

 Қызылорда облысы   Қармақшы ауданы  Ақай ауылы

  №99 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәнініңмұғалімі .

Тәрбие ісінің меңгерушісі Маханбетова Бакыткул 

ҚР тәуелсіздігінің 21  жылдығына орай «Тәуелсіздік – ұлы рух» тақырыбымен өткізілетін танымдық – мерекелік кештің бағдарламасы.

 Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке- Отанымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдық  мерекесі. Егеменді елдің мерейлі мерекесі баршаңызға құтты болсын!

 

Біз – қазақстандықпыз

Бабалар намысымыз

Бар қаншама жетістік, табысымыз

Тәуелсізбіз, туымыз желбіреген

Болашақ Азияның барысымыз.

 

Әскери жетекшінің командасы.

  1. ҚР мемлекеттік туының енгізілуі
  2. ҚР мемлекеттік әнұранының орындалуы

 

Бақтың құсы — әр адамға қонып бір

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр

21 жыл. Қазағымның таңы атты

Отанымыз өркендеді бағы артты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

 

 

Қуан халқым, қуанатын күн бүгін

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін.

Тәуелсіздік тойы бүгін ағайын

Тойла, тойла, тойланатын күн бүгін

Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Ақай ауылындағы №99 ҚР тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік – ұлы рух» атауымен өткізілетін кешімізге қош келдіңіздер дейміз.

 

Бүгінгі 20 жылдық мерейлі мерекесін атап өтіп жатырған Қазақ елінің ХХ ғасырда тәуелсіздікке келу жолы ата – бабамыздың ғасырлар қойнауынан келе жатырған арманның жалғасы, Алматыдағы 1986 жылдың желтоқсан оқиғасынан бастау алады. Желтоқсан оқиғасы ұлттың көкейіндегі толқыған ойды жеткізе алған, ұлттық рухты аспандатқан жалынды жастардың бейбіт шеруінен басталды.

Сол бір суық, аязды желтоқсанның ызғарлы күндерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз, армансыз тапталған ар – намыстың ышқынған үні, мұзда жанған алау жанды жастар бейнесі арада 26 жыл өткенде де көз алдымызда.

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенің

Азаттық күні қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

 

Қақаған қыстың ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн

Қаракөз қазақ қыздарын

Жауыздар бастап тепкен күн

 

Жігіттер итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып

Қып – қызыл мұз боп жатқан күн

 

Сахнада Қайрат және оның анасының  бейнесі

Әлемдік қоғамдастықтың болашаққа бет түзеген ұлы көшінің құрамында өз алдына дербес ел болам деген қазақ елі келе жатты. Әлем сан алуан реңге толы еді. Түртіп қалсаң құлағалы тұрған қирандыдай күйге түскен одақ бір – ақ күнде соғыссыз қаусап түсті. Осы үйіндінің бір бұрышынан зәулім сарай тұрғызу, шаңырақ көтеру жолы тар жол тайғақ кешуге толы болды. 1990 ж 25 қазанында Қазақстан Республикасының  егемендігі туралы декларацияға қол қойылды.

Арманға жеттік ел болдық та егемен,

Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден

Тарихи сол күрестердің тартуы

Әруақ қолдап, әділ шындық жебеген.

Сүйінші! Ата – бабалар аңсаған  егемендікке қол жеткіздік.! Қазақ халқы үшін маңызы зор құжат тарих бетіне жазылды!.  Шашу, ағайын!

Шашу биі.

                                       Тәуелсіз ел  тарихы шежіресінен

1.КСРО кезеңінде ядролық сынақтардың барлығы дерлік Семей полигонында жасалды. Қазақ жері жарылыстардан тітіркенді. Палигон  зардаптарынан мүгедек боп туылған жанның  зарына құлақ түріңіздер.

Көрініс. «Жарық ай» монологі

Сол жылдардағы «Заман-ай» жыры да өзгеше естілді

 

2.1991ж 29 тамызында Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Қазақстан әлемдегі көлемі жағынан 4-ші ядролық қару- жарақтан өз еркімен бас тартты. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда да ұлт көшбасшысының ядролық қаруды таратпау және қысқарту ұстанымы жүзеге асып келеді.

 

.3.1992 жылдың 2 қазанында Алматы уақыты 11.59 минутты ұрғанда қазақ жігіті Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Байқоңыр ғарыш айлағынан ғаламшарға сапарға аттанды.

Әлемшардан ғалам шарға ұшты қазақ жігіті,

Абыроймен ақтады ол халқымыздың үмітін.

 

(Сахнада Ә.Тоқтар бейнесі)

 

4.1991ж  1 желтоқсанында Республикада бүкілхалықтық президент сайлауы болып өтті.1989 жылдан Қазақстан Коммунистік партиясының 1- хатшысы  қызметін атқарып келе жатырған,Н.Ә.Назарбаев Қазақ  Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ң президенті Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда ҚР Жоғары кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық  заңды қабылдады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ант қабылдау рәсіміне кезек береміз.

 

Елбасының бейнесі.

 

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң

Қазағымды жарқын жолға бастады

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

 

Ант беру рәсімі.

 

5.ҚР тәуелсіздігін ең алғашқы болып Түркия мемлекеті, Румыня таныды. 1992ж 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше боп қабылданды.

 

6.Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты ел. 1992ж 4 маусымда ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік рәміздерді халыққа таныстыруда сөйлеген сөзіне құлақ түріңіз

 

          (Үнтаспадан тыңдау)

 

7.1992 жылдың 29.09 – 03.10 аралығында Алматыда қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайы өтті. 30 елден 700-ге жуық делегат келіп қатысты.

 

            8.1993ж  15.11   ҚР Ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

 

9.1994ж 1 шілдесінде ғарышкер Т.Мұсабаев әлемшардан ғаламшарға тағы да

жол салды, 126 тәуліктік ұшу сапарынан өтті.

Қазақ десем қаным қызып

Қайнап кетем, ғажап күйге енем де

Қазақ десем Абай болып елестеп

Абай мені шақырады өлеңге

 

Сахнада Талған бейнесі.

Ән. «Байқоңыр туған жер

Аспаннан түскендей көрінген тәуелсіздігіміздің алғашқы толқынды жылдарында сан алуан пікірлердің бір арнаға тоғыса қоймағаны, дегенмен өтпелі кезеңнің өкпек желінің өтінен қазақ халқы тағы да сәтті шыққаны шындық.

10.1995ж 30 тамызында Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды. 90% сайлаушы қатысып, оның 81% -ы конституцияны жақтап дауыс берді.

Көркем сөз.

Ата Заңым

Алтын Заңым, ардағым

Аялаған адамзаттың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың

Алтын Заңда парасатым, пайымым

Алтын Заңда күш – қуатым, жалыным

Сен қорғайсың

Ата Заңым

Тәуелсіз таң, нұрлы үміт

Ортақ бізге қоғамдағы игілік

Ақиқаттың аппақ жолын аттамай

Жүрер халқым ,Заңым, сені ту қылып

.

         11.1997ж Елбасымыздың Астанасы Ақмолаға көшіру туралы ойының алғашқы кезеңдері жүзеге асырылды. Президентіміздің Астананы көшіру үрдістері туралы жазған «Еуразия жүрегінде» атты кітабында мынадай естелік жолдары бар.

 

(Естелікті оқу)

 

Ән «Астана», Композициялық би

.

12.1998ж 10 маусымында жаңа Астанамыздың  ресми түрде тұсаукесері болды. ЮНЕСКО шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» медалі тапсырылды.  «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасы әр жылға берілген нақты атаулармен жүзеге асырыла бастады. Орта Азия барысы болуға бет түзеген тәуелсіз елдің әрбір жылы тарихи жетістік, толағай табыстарға толы болды

13.1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының тағылымын терең ұққан қазақ елі жаңа ғасыр- 2000 жыл есігіне «Мәдениетті қолдау жылы» деп енді. Жыл атауы Президентіміздің 1999ж 29.12 күнгі жарлығымен бекітілді.

«Мәдениет – халықтың рухани болмысының көрінісі» десек, «Мәдени мұра» бағдарламасымен өмірге келген, қайта тірілген ұлттық құндылықтар қаншама?! Мектебіміздің оқушыларының «Сыр бойындағы қазбалар», «Шұбаттың емдік қасиеті», «Киіз үйдің құрылысы», т.б.  ғылыми жұмыстары, «Өнер» орталығы мүшелерінің мәдени іс – шараларға қатысуының нәтижелі көрсеткіштері аталған бағдарламалар аясында атқарылған телегей теңіздей істерге тамған тамшыдай деп түсініңіздер.

 

Ән. «Қазақ елі»-«Өнер»оралығы мүшелері

 

14.2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығын толағай табыстармен қарсы алған қазақ елі елбасының «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын, қоғамның ең басты байлығы – адам, оның денсаулығы. Дені сау адам – қоғамның байлығы» деген ұстанымы 2002 – Денсаулық жылында ерекше жүзеге асты және жалғасып келеді. Денсаулық сақтауға ішкі жалпы өнімнің 2002ж 1,9% бөлінсе, 2011 жылы 3,3% ұлғайды. Ең бастысы ел  ертеңі жастар салауатты өмір салтын ұстануда.

Сонымен қатар 2000 жылы Көне әулие ата – Тараз 2000 жылдың мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өтті. Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы өтті.

 

Спорттық би.

            15. 2003-2005 жылдары мемлекет ауылдың өркендеуіне басым бағыт берді

 

Шіркін, ауыл! Ауыл – атамекен, алтын бесік, халқымыздың талай туымды перзенттерін туған топырақ.

Ауылдың қолдауға ие болуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы біздің ауылымыздан да айналып өткен жоқ.

 

 

Ауылдың даму жолын көрсететін слайд.Ауыл әкімімен және  жас мамандармен сұхбат

16.Мен -қазақпын, белдімін, байтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім!-

деп ақын аға жырлағандай ХХІ ғасыр қазақты өмірге қайта әкелді. Абай ескерткіші Мәскеуде бой көтерсе, Мұқағалидың ер тұрманы түгелденді ХХ ғасыр ақыны атанды; ал Шәмші әуені Елбасы сөзімен өңделген «Менің Қазақстаным» өлеңі арқылы мемлекеттік әнұран боп шырқалды. Әнұранның жаңа нұсқасы 2006ж  6 қаңтарында бекітілді. 11 қаңтарда  ҚР Президентін ұлықтау күні өткізілді.

 

Б.Құсанбек  «Нұрекең» — Сая Тастемірова (1 сынып оқушысы)

Елбасы-Ринат Ерғазы 4-сынып  оқушысы.

17.Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- деп сырдың ақиық ақыны Ә.Тәжібаев жырлағандай, Мұқағали айтқан үш бақытымыздың бірі тілге құрмет – елге құрмет. Бұл 1997ж 11.ҮІІ қабылданған Тіл туралы заңында, Қазақ тілін дамыту туралы заңнамалық құжаттарда айтылған. ҚР тіл саясаты туралы тұжырымдамада көрсетілген. Біз Елбасы саясаты бойынша орыс, ағылшын тілдерін меңгеріп және қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Аудандық Тұрмағамбет, Абай, Мұқағали, Махамбет оқуларының жүлдегерлері де мектеп мақтаныштары дей келе мерекелік жыр мүшәйраларының жүлделерін ортаға шақырамыз.

  1. Махамбетов Дәріғұл ағай – ардагер ұстаз.

2.Уксукбаев Дархан- жас маман

  1. Әуесбай Күлән – бастауыш сынып мұғалімі .
  2. Амангелді Жансая- 9 сынып оқушысы

 

 Бастауыш сынып  оқушыларының айтысы

 

Әрбір жылды Елбасының 1997 жылдан бастап  халыққа жолдаған жолдауында көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру арқылы біз, бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген тәуелсіздік рухын әлемге таныта білдік. Елбасынша айтсақ «дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына түстік». Отандастарымыз ортамызға оралды. Білім беруді дамытуға бөлінген қаражат 10 есеге көбейіп, 129 ел арасында көш бастаушылардың қатарына ендік.

 

18.2010 ж 1 – 2 желтоқсанында Астана ЕҚЫҰ-ң ҮІІ саммиті өтті. Беделді ұйымға Қазақстан төрағалық етті. 56 елдің басшылары, 73 ресми делегация қатысқан, жоғары деңгейде өткен саммит жұмысын 1300 журналист жария етіп отырды.

 

Астана саммиті. Қауіпсіздік, ынтымақты қалап бір

Бар жүрекке ізгілікті таратты

19.Іле шала Азияда ойындары өтті төрінде

Чемпиондар ту көтерді қазағымның көгінде.

 

27 Азия елінен келген саңлақтар арасынан 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль қоржынға салды

Бұл жетістіктер қазақ елін дүниежүзіне танытқан марқұм Бекзат Саттархановтың, Ермахан Ибраимовтың, Бақтияр Артаевтың, Ольга Шишигинаның, Сыр бойының перзенті Илья Ильин, т.б. спорт саңлақтарының әкелген абыройына қосылған үлестері еді. Біздің мектебімізде де спортты серік еткен жас буынның өсіп келе жатырғаны көңілді қуантады.

 

Мектеп спортсмендер шеруі.

.

20.2011 жыл – Қазақстан тәуелсіздігінің 20-шы жылына арналды. Қазақстан қалыптасу сындарынан сүрінбей, тіпті орасан жетістіктермен өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Айдай әлемге тегеурінді, келешегі зор мемлекет ретінде танылды.

Қабырғалы мемлекеттердің көпшілігі Қазақстанды мойындады, Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаткерлігіне сүйсінді. Бұл жылы әлем халқы Қазақстанның  20 жылдық мерейлі тойын атап өту салтанатына куә болды

            21.2012жылы Қазақ елінің мерейі Лондон олимпиадасында туымды ұл-қыздарының жетістіктерімен тағы да асқақтады.

 

(Слайд бойынша шолу)

Әскери жетекшінің командасы – мемлекеттік тудың әкетілуі.

 

Қазақстан – қасиетті мекенім,

Күнің анау арай шашқан асқардан

Керек емес еркіндіктен басқа арман.

Еркіндігім – менің тәуелсіздігім

Күлтегіннің ерлігінен басталған.

Шаңырақтың еңгізілуі.

 

Өркендеп келеді елім ілімменен,

Дамудамын дініммен, тілімменен

Жастарды көр жүрегі «ұлт» деп соғар

Жол ашқан келешекке білімменен.

 

Әлихан, Мұстафа, Ахмет, Міржақыптар,

Санадан жоғалмайтын нұр – жақұттар

Киелі қадір тұтар қазақ елі

Жайнайтын жүректерде жыр-жақұттар

Шығарған елдің атын аналарым,

Аналарым, керемет даналарым

Тұмар, Абақ, Зарина, Бопай, Мәншүк

Ұмай, Күләш, Домалдақ, Сараларым

Қуандырып қазақтың баласын қай,

Жүзінен күн, шашқан нұр санасындай-ай

Тәуелсіздік пырағы биіктей бер

Самғай ұшқан қыранның қанатындай.

Қатысушы қонақтардың  тілегі.

Хор. «Көк тудың желбірегені» 

/p/p

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.