Без рубрики

балабақша

      Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

Төретам кенті 4 Күн -Нұры

балабақша әдіскері

Байкубекова Перуза Смагуловна

 

Танымдық ойынға қойылатын әдістемелік талаптар

 Ойын барысында өз мінез- құлқын реттеу қалыптасатын және дамитын, қоғамдық тәжірибені жасауға және игеруге бағытталған жағдайдағы адам іс-әрекетінің негізгі түрі.

Қарым-қатынас ортасы тіл болып табылатын ересектерге қарағанда балалардың нағыз қарым-қатынас ортасы тіл болып келеді.Ойын – барлық халықтар мен барлық уақыттарда болған балалардың негізгі іс-әрекеті.

Ойын – баланың өз тәжірибесін ұйымдастыруға ұмтылысы болып саналады.Ойынның тағы бір маңызды функциясы шынайы өмірде елестетуге болмайтын нәрсені қадағалауға болатын жағдайға айналдыруы.Ол – коммуникация құралы.

Тұлғалық тұрғыдан алғанда, ойын – тұлғаның өзін-өзі анықтау мен өсуі жүзеге асатын өріс, алаң екені айқын.Тұлғалық өзін-өзі анықтау – осы өмірдегі өзінің «Менін» іздеуі, өз-өзіне осы бағыттағы сұрақтарға жауап беруі.Оқушы ойын барысында өзін көрсетеді, ашық және толық өзара әрекеттестік жүзеге асады.Бала рөлге ене отырып, өзіндік мән-мағыналарды өзгертеді,жаңаны қабылдайды.

Балалардың  ойлау, есте сақтау қабілетін дамытып, оларды еңбектенуге, ізденуге баулитын сабақ элементтерінің бірі – ойындар.Ойын оқушылардың сабаққа қызығуын, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейді, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды.Дұрыс таңдап алынған ойын баланың қиялын, сана- сезімін өсіріп, сөздік қорын молайтып, өз бетімен еңбектенуге дағдыландырады.Сабаққа даген ынта- ықыласын оятып, белсенділігін арттырып отырады.

«Бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады» деп А.С.Макаренко айтқандай, ойын – бала үшін, өзін тұлғалық тұрғыдан жүзеге асыра алуымен құнды.

Тарих сабақтарында оқушылардың білім- біліктілік,  танымдық, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор.Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады.Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз,өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.

Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек

Танымдық ойынға қойылатын әдістемелік талаптар

Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады:

Танымдық ойынның мақсаты нақты болу керек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешімі қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады.

Әлеуметтендіру(қоғамдық қатынастар жүйесіне ену, бірге өмір сүру ұстанымдарын игеру)

Ұлтаралық коммуникация(барлық адамдарға ортақ әлеуметтік- мәдени құндылықтарды игеру)

Түзету(тұлғалық көрсеткіштер құрылымына оң өзгерістер ендіру)

Диагностикалау(мінез-құлық нормаларынан ауытқуларды анықтау,өзін-өзі тану)

Ойын терапиаясы (өмірде кездесетін әр түрлі қиындықтарды ойын арқылы жеңу)

Өзін-өзі көрсету (адамзат тәжірибесінің негізгі алаңы ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру)

Қарым-қатынас жасау(коммуникация негізінде қарым-қатынас диалектикасын меңгеру)

Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал.Негізгі мақсатымыз – ақыл-ойын, сезімін, білімін,құзіреттілігін еркін үйлесімдікте ұстай білетін, өнегелі мінез қаліптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу.Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа да әдіс- тәсілдерді, сондай-ақ рөлдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.

Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті мектеп оқушыларын танымдық іс-әрекетін жетілдіру проблемасына педагогтердің, психологтердің еңбектері арналған.Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын  көне замандардан бастау алады.Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен.Ежелгі Рим философтерінің еңбектерінде білімді игеруде шәкірттерідің танымдық іс-әрекеті олардың дамуында ерекше орын алатындығы айтылады.Оқыту үрдісіндегі баланың танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы Я.Коменский, И.Песталлоцци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі.Мәселен А.Дистервег оқыту барысында баланың танымдық іс-әрекеті сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың  аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көңіл-күй көтеріңкілігі. Бәсекелестік пен сайысты тудыруы.

 

 

Ережелердің болуы.Логикалық немесе уақыттық бірізділікті, мазмұнды бейнелейтін тура немес жанама ережелердің болуы.

Басқаруға болатын қызмет ретінде ойынның құрылымына мақсат қою, жоспарлау мақсатты жүзеге асыру, нәтижелерді талдау әрекеттері кіреді. Ойын іс-әрекетінің мотивациясын оның еріктілігі, таңдау мүмкіндігі, бәсекелестік, өзін көрсету мұқтаждығы қанағаттануын қамтамасыз етеді.

Процесс ретінде ойын құрылымына мыналар жатады:

  • Қатысушылар мойнына алатын рөлдер;
  • Рөлдерді жүзеге асыру  құралы ретіндегі әрекеттер;
  • Қатысушылар арасындағы нақты қарым-қатынастар;
  • Ойын сюжеті(мазмұны);

Ойынның басты ерекшелігі – көңіл көтеру және сауықтыру бола отырып, оның шығармашылықпен танымдық қызмет атқаратыны, адам аралық қатынастардың еңбек барысында қалыптасып, реттелуіне мүмкіндік беретіні.

Мектепте оқу үрдісін белсендіру және пәрменді ету құралы ретінде ойын мына мақсаттарда пайдаланылады:

  • Ұғымдарды, тақырыптарды, тіпті пән тарауларын өздігінен игеру технологиясы ретінде;
  • Үлкен технологиялардың белгілі бір бөлігі ретінде;
  • Сабақ немесе оның құрамдас бөлігі ретінде;

/table

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.