Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздікке –20 жыл

Ашық  тәрбие сағаты:  Тәуелсіздікке –20 жыл.

Тақырыбы:   «Мен қазақпын, мың өліп,  мың тірілген… »

І жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

 

ІІжүргізуші:

Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін  мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Өзіңдікі -Елің де,

Өзіңдікі – Жерің де

Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде!

Қанатыңнан қайрылып,

Қыр -арқаңнан айрылып

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айрылып!

 

Мұғалім:          Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…

Ж. Молдағалиевтің  осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны міне осындай…

Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 20 жыл толып отыр. Осы жылы Ы. Алтынсариннің 170 жылдығы, Абылай ханның 300 жылдығы, Д. Нұрпейісованың 150 жылдығы, М.Мақатаевтың 80 жылдық торқалы тойлары тойланып жатыр.

VII қысқы азия ойындарының Қазақстанда өтуі, Тәуелсіз елімізді бүкіл әлемге мойындатқаны емес пе?

 

І жүргізуші:Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 25 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің  Тәуелсіздігін алғанына  20 жыл толған мерейлі тойына арналған «МЕН – ҚАЗАҚПЫН, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН…»  атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

ІІ жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

 

Хор: «Әнұран» Слайд №1

 

Мұхамедәли:  Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен- жігітпін, айқасқа, сынға асықпын

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

Мен- қара көз сұлумын, сайтан қызбын

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

 

Мадина:

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропада,  Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

І жүргізуші:

Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.

Мадина И: 

Жоқ,  қазақ деген ел болмайды жер бетінде,

Мал соңынан құл емей, желдейтін не?

Мен- жоңғармын,  атыңды өшіремін,

Менмін сені тірідей жерлейтін де.

 

Бақтияр:

Қан да, көздің жасы да сорықпады,

Күреңітті көлдердің борықтары.

Азан-қазан,  Ақтабан шұбырынды,

Ала топан жоңғардың жорықтары.

 

 

 

Ақбота:

Ықпаған ығыр заман ыңғайына,

Бозторғай ұя салған таңдайына.

Үш бидің тастап кеткен өсиеті

Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда.

 

 

Аяжан: Абылай хан

Азаттық жолы -азапты,

Төземісің әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет,

Зорлықты жеңер ынтымақ,

Қорлықты жеңер ар-намыс.

Шығарар тардан тәуекел.

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы

Болмасын деп қара жер.

Жойқын жаудың жолында

Жойылмасын деп қайран  ел.

Азаттықтың қамы үшін,

Болашақтың бағы үшін

Ұлы жорық бастаймын!

Еремісің, әлеумет!

 

Айдын:

Қазақстан- асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.

 

Асқар: 

Мен қазақпын, болмысым, барымменен,

Азаттығым үшін мен бәрін берем.

Ұлы елімде ұлттар көп, Отан жалғыз,

Отанымды сүйемін арымменен.

 

Ернар: 

Қазақстан- туған Отан, алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан- көпті көрген қария

Қазақстан- мейірімді ана,  жер қымбат.

Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып

Қазақстан- біздің туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен,  жайнай бер мәңгілік!

 

Ән «Елім нұрлы»

 

Бекболат: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

 

І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

ІІ ж:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ ж:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Ләззат:

Озбырлық күшпен  тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

КӨРІНІС:

Ортаға бір топ қыз жігіттер шығады.

–         Қыздар, мен газет әкелдім

–         Қане, не жаңалық бар екен?

–         Пленум болыпты.

–         Қонаевты орнынан алды дейді.

–         Онысы несі?

–         Орнына кім болыпты?

–         Колбин деген. Ульяновтан келіпті.

–         Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

–         Т.б.

Жастар шуласып кетеді

І- жүргізуші:

Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі – қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атныдағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

Бір топ жастар Менің Қазақстаным әнін айтып шығады.

–         Пленум шешіміне қарсымыз!

–         Әр ұлтқа өз басшысы!

–         Колбинді әкетсін!

–         Қонаевтің өзі сөйлесін!

Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады. 1-2 адамдарды ұстап алады.

–         Қайрат!

–         Қайрат! – деп топ шуласып тарайды.

Қайратты тергеуге әкеледі.

 

 

Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың

Балағаттайсың маған бір түйінін түсінбедім.

Жазықты емеспін қайталай берем несіне,

Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдап арбау тәсілімен

Мойындата алмадым.

Қайрат:

Мойындата алмайсың

Тергеуші:

Байқа, 87 бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тіліңді безеп, өлең айт маған десең,

Свицкийді өлтірдің алаңда сен.

Қайрат:

Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан.

Сенбесеңіз құдай менен достар куә.

Тергеуші:

Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға,

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрібір іске аспады амалдарың

Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз

Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.

Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозтоғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!

Жанель:

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

 

Мұғалім: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Слайд №2

Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

 

 

Дарын: Мұхтар Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық»

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің

Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.

Өсер ұлдың қай сәтте де  берік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей өр-намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

ІІ жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге  енбеген оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейікші.

 

І жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.

1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.

1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің  түңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1991 жылы 29- тамызда  Семей полигоны  жабылды.

1992 жылы 2- наурызда  ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

 

ІІ жүргізуші:   1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

1992 жылы  4- маусымда ҚР-ң  Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.

 

І жүргізуші:    1993 жылы 2- қарашада ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Ұлы Абайдың 150 жылдығы тойланды.

 

ІІ жүргізуші:   Армандаған күнге де жеттік.

Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.

 

І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды.  Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 13 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 20 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Хор: «Егемен Қазақстан»

Айдана:

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың  алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

 

Рақымжан:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

Диана:

Ұлан-байтақ жеріңді

Бөтен ел таптамасын!

Ешқандай жау аттамасын!

Ие болып өзің туған жеріңе,

Жер-ана қызмет етсін еліңе,

Атом жарылмасын төріңе,

Ие болып, қорғасақ,

Жетер анық, өзіңдікі өзіңе.

 

Диас:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

 

Балауса:  Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырық алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші, Отан деген,

Кім мықты?- десе біреу, – Отан дер ем.

…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен

Сымбат:

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

Т – білдіреді теңдікті,

Ә – әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

 

Данира:

Далада думан, қалада думан жыр бүгін

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса

Қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен:  Жаса, Қазақстан!

Ақбота:

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

 

Султан:

Туған жерім Қазақстан байтақ елім

Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат

Елім жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

 

Ақмарал:

20 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

 

Мұхамедәли:

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

20 жасың құтты болсын нұр елім.

20 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

 

Мадина:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

 

 

І-жүргізуші:

Туған жерді сүю – парыз

Сүю үшін білу – парыз

Қасиетін ұғу – парыз

Күзетіне тұру – парыз

 

ІІ-жүргізуші

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Хор:

І-жүргізуші.

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген…»   атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ендігі сөз кезегін тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жерім Қазақстан байтақ елім

Туып өстім тәй бастым қастерледім

Туған жердей жер болмас деген мақал

Еске салар мәңгі сені аяулы елім

Қастерлесең табынсаң думан елге

Ардақты да мен деген бол азамат

Елім жерім деген ер жігітке

Тәуелсіз еліңді қыл аманат

Ол аманат еткен адам Нұрсұлтан

Нұрдың да алаштың да сұлтаны болған

Жетістікке жеткізді ол қаншама

Алға,алға тәуелсіздік Қазақстан!!!

 

20 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

 

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

20 жасың құтты болсын нұр елім.

20 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

 

Қазақстан – байтақ ел, нұр мекенім

Қазақстан – айым менен күнім менің.

Қазақстан – астығы мол, туған жерім,

Қазақстан – ыстық маған алып елім.

 

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

 

Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,

Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.

Астана-қазағымның жас қаласы,

Ажарын көрген адам қызығардай.

 

Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы,

Тансантқан таңғажайып дәру жүзі;

Бой жазған Сарыарқаның самалында,

Астана-қазағымның бақ жұлдызы.

 

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

 

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың

Отан үшін табандары тозбады.

 

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

 

Болмасам да сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін,

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

 

Сен де арманда едің ау, мен де арманда,

Сол арманға қол жетті, арман бар ма!

Өзімізді өзіміз таба алмастан,

Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.

 

Аспан түсіп туымыз желбіреді,

Шықты және теңгеміз – ел біледі.

Әнұран да, Елтаңба – өзімдікі,

Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!

 

Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,

Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?

Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,

Әлем шырғап, қосылып тұрар ма еді!

 

Тәуелсіз ел қанатын жаяр алар ма ед,

Бұратана бұтамды саялар ма ед?

Тұрарлары тіріліп, Сұлтанбектей,

Ардақтылар архивтен оянар ма ед?!

 

Тарихтың белгілі енді алдамасы,

Оңтүстік – достық, бірлік жалдамасы.

Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,

Тұранды қосты бүгін – Ордабасы!

 

Енді кімнің қаламыз жүлдесінен,

Тандырмады таңданып кімді есінен –

Кең маңдайы жарқырап – Назарбаев,

Сөйлеген жер жүзі – мінбесінен!

 

Қантөгізсіз дербестік алған едік,

Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.

Ауыр боп тұр, мұнан да қиын болған,

Қынжылмайық, халайық, тәубе дейік!!!

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше