балабақша
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Төретам кенті №4 Күн -Нұры
балабақша ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
ЕСҚАЗИЕВА ЖАНАТ
ТӨЛЕШҚЫЗЫ
Отбасы тәрбиесінің балаға әсері.
Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бастартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мүндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.
Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсеңдегенінің куәсі болдық. Сонымен бірге еңбек тәрбиесіне кеңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апа-рып соғатын бірден – бір нақты жағдай болып отыр.
Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге бай-ланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде. Қазіргі жағдайда жауапкершіліксіз ата-ана көбейіп кетті. Бала тәрбиелеуде ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді. Баланың әлеуметтік даму деңгейі қала береді. Әлеуметтік даму деңгей деген не? Ол мінез
- құлқы қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспейді. Отбасындағы берілетін тәрбиеге келетін болсақ, отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.
Отбасында кездесетін көп кемшіліктердің бірі-баланың тілін дұрыстамаймыз. Бала ерке-лікпен тілін бұрап, басқаша сөз айтады.
Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде әсіресе жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әртүрлі жағдайлар туындауда.
Ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстағаны жөн
Баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін қүрметтеуге тәрбиелеу.
– Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
– Ата -ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;
– Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
– Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;
– Отбасында баланың рухани байлығын(эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық т.б) дамыту;
– Отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;
– Баланың өзін-өзі басқаруы (финанс.іс-әрекет т.б.).
– Баланың табиғатына сәйкестендіріп. кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру;
Сонымен. жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп есіру отбасының. балабақшаның, мектептің, барша журтшылықтьің міндеті болып отыр
– құлқы қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспейді. Отбасындағы берілетін тәрбиеге келетін болсақ, отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.
