балабақша
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Төретам кенті №4 Күн -Нұры
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
ЕСҚАЗИЕВА ЖАНАТ
ТӨЛЕШҚЫЗЫ
«Мінез-құлық ерекшелігінің себеп салдарын анықтау және оны қалыпқа келтіру үлгісі»
Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналады. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санының көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай-ақ, жеткіншектер арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және оның мінез-құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған.
Мінез-құлық ауытқушылығы мәселесі – педагогикалық психологияның басты әрі маңызды проблемаларының бірі. Егер өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың тәрбиесінде қиындық болмаған жағдайда жас ерекшелік және педагогикалық психология пәнінің қоғамдағы қажеттілігі оны оқуға деген сұраныс болмас еді.
Жеткіншектік жас – адам дамуындағы өте қиын кезеңдердің бірі. Өзінің қысқа уақытында (14-18 жасқа дейін) ол адамның тұлға болып қалыптасуында көп нәрсені анықтайды. Дәл осы жеткіншектік жаста тұлға болып қалыптасуға негіз болушы мінез-құлық құрлымы жүреді.
Бұл жағдайлар: баланың ересек болуға өзіндік әрекетке көшу кезеңі әдеттегі мек-теп оқуынан түрлі әлеуметтік іс-әрекетке ауысу; сондай-ақ ағзаның белсенді гармо-налді қайта құрылуы жеткіншекті жағымсыз ортаға осал, көнгіш, көңілшек етіп жібереді. Сонымен қатар жеткіншектерге тән: туыстарының басқаруынан, мұғалімдерінің және т.б. тәрбиөшілдердің қарамағынан тыс шығуға талпынысын ескерген жөн.
Бұл талпыныс жиі рухани құндылықтардың және жалпы үлкен ұрпақтың тұрақты өмірінің жойылуына әкеледі. Бір жағынан жеткіншектермен тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді айқындай түседі. Бұған қатысты ерекше ескеретін маңызды жағдай жанүядағы дұрыс емес қарым-қатынас ажырасу деңгейінің жоғарылауы.
Кәмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқы әр түрлі мақсатқа бағытталған. Жас өспірімдердің тұлға болып қалыптасуына әсер ететін социопо-тогенез нәтижесі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ әр түрлі ауытқушылық себептерінің арасында үлкен рөл ойнайтын әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық және психобиологиялық іс-әрекет үшін қажетті білімдер. Осылайша, кәмелетке толмаған балалардың мінез-қүлқын зерттеу психологиялық білімді қажет етеді. Осы білім негізінде жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқын зерттейді. Ассоциялдық көріністерге ескерту жасалынып, практикалық амалдар жасалынады.
Девиантты мінез-құлық қазіргі кезде өте кең тараған проблемалардың бірі. Бүрын мінез-құлық ауытқушылығы тек ер бала жеткіншектеріне тән десе, соңғы жылдары қыз баланың да мінез-қүлқы көңіл аудартуды талап етеді. Сонымен қатар, бүл жұмыс қыздардағы тек ұсақ құқық бұзушылық, алкогольдік немесе токсикомакцияның деңгейінің өсуімен ғана шектелер емес. Ең маңызды әлеуметтік мағынаға ие мінез-құлық ауытқушылығы және соған сәикес оның ауыр түрлері де болады. Сонымен бірге, жеткіншек қыздар жеткіншек ұлдардың мінез-қүлқының бұзылуына түрткі болушы яғни оларға ті-келей әсер ететін “рухтандырушы ” болып табылады.
Мінез-құлық ауытқуының көрінуіне түрткі болатын білім беруімен байланысты әр түрлі факторлардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Ассоциальді мінез-құлық психобиологиялық деңгей негізінде әсер етуші индивидуальды фактор реттінде индивидтің әлеуметтік жағдайының бейімделуін қиындатады.
Жанұялық және мектептегі тәрбиенің кемшілігінің әсерінен көрінетін психологиялық-педогогикалық фактор.
Оқу-тәрбие ұжымында, көшеде, жеткіншектің жанүясының адамдарымен біріккен іс-әрекетіндегі жағымсыз ерекшеліктерін ашушы әлеуметтік психологиялық фактор.
Индивидтің белсенді қарым-қатынас орнатуға өзі таңдаған қоғам ортасы,
нормаларға және өзін қоршаған құндылықтарға, педагогикалық әсері мол жанүя, мектеп, қоғам. Сондай-ақ өзінің мінез-құлқын езі реттеуші қабілөтінің түлғалық бағасының бағытын көрсетуші жеке тұлға факторы.
Әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік шартардың қоғамдағы алатын орнын анықтаушы әлеуметтік фактор.
Негативті (теріс) әсерді бөліп шығару қиындау, біріншіден өйткені олар оқшауланып көрінбейді яғни әр түрлі факторлар бірігіп әсер ететін негатив негізін қүрушы ауытқыған мінез-қүлық дамуына әсер етеді: адам дамуы көптеген факторлардың бірігіп әсер етуімен шартталған түқымқуалаушылық, орта (әлеуметтік, биогенді, абиогенді) тәрбие (яғни тұлғаның қалыптасуына бағыталған әрекеттердің түрлері), адамныңісәрекетіндегі өзіндік практикалық жұмыстар.
Ескеретін жайт, 12-13 жаста мінез-құлық микроәлөуметте (микросоциум) болатын бақылаусыздық және сын көзбен қарамаушылық факторлы жағдайына тікелей байланысты.
Агрессияның және жоғарғы алаңдау-шылықтың негізі жиі ерте балалық шақта пайда болып, түрақталынып кейінгі кештеу жаста бекітіледі.
Агрессия реакциялар формаларын келесі түрде бөліп көрсетуге болады:
Физикалық агрессия (шабуыл) – біреуге қарсы физикалық күш көрсету.
Жанама агрессия – бүрма жолдарымен жасалынатын бір адамға бағытталған (өсек, орынсыз қалжың) әрекет, сондай-ақ ешкімге бағыталмаған долылық көрністері (айғай, аяғымен тепсіну, жұдыруқпен стол үстін үру, есіктерді қатты серпу, т. б
Вербальді агрессия – негативті сезімдерін белгілі бір форма ретінде (айғай, үрысу, у-шу, бүлдіру, сондай-ақ сөздік жауаптар арқылы қорқыту, қорғау, сөгу) білдіреді.
Тітіркенушілікке бейімділік – кішкене ғана көрінетін қызбалық қозуға шамданғыштық дөрекілікке қарсы дайын болу.
Негативизм – әдетте беделдікке немесе басшылыққа қарсы бағытталған оппозциондық мінез-құлық мәнері. Ол қалыптасқан заң мен дәстүрге қарсы белсенді күресті үйымдастыруға дейін өсуі мүмкін.
Мінез-қулық ауытқушылығы бар балалар-мен коррекциялық жүмыстың өз ерешелігі бар. Жеткіншекпен жеке жүмыс өте тиімді. Ең бірінші, жанұямен жұмысты қатар жүргізу қажет. Жанүялық қарым-қатынас диагности-касынан кейін үйлесімсіздік сатысына қарай психокоррекциялық жұмысты жеке және топтық түрінде жүргізуге болады. Бірақ негізгі жұмыс жеке жеткіншекпен бірге жүргізілгені дүрыс.
Агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:
Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайды үйрөту;
Балаларды әр түрлі өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдісіне үйрету;
Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;
Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
