Қазақстан қалалары
Қарағанды облысы,
Қарағанды қаласы,
Октябрь ауданы,
«№74 ЖББОМ» КММ-нің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Зарубаева Лилия Елеуханқызы
І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары.
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: берілген тақырып арқылы оқушы-
лардың сөйлеу тілін қалыптастыру, белсенді сөздік
қорын молайту; Қазақстан қалалары туралы оқушы-
лардың дүниетанымын кеңейту; құрмалас сөйлем
туралы түсініктерін тереңдету;
ә)дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау,
сауатты сөйлеу, тілдерін дамытып, тілдесім әрекет-
терін арттыру;
б) тәрбиелік: оқушыларды туған жерін, елін қадір-
леуге, сүйе білуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ
ІV. Сабақтың түрі: журнал сабақ
V. Сабақтың әдіс-тәсілі: жұппен жұмыс,СТО стратегиялары, графикалық
диктант, талдау, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, т.б.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, графикалық диктант парақ-
шалары, тест, т.б.
VІІ. Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, география, өлкетану
VІІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
Оқушылардың оқу құралдарының болуын қадағалап, зейіндерін сабақ-қа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Ребусті шешу арқылы сабақтың тақырыбын білу.
, ,, ,,,, ,,,, ,, , , ,,,,,
(Қазақстан қалалары)
2.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
3. Графикалық диктант «Қазақстан қалалары».
- Журналмен жұмыс.
1-бет. Қарағанды қаласы.
Сұрақ-жауап - Сен қай қалада тұрасың?
- Ол қандай қала?
- Қалада қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Олар қалай тұрады?
- Сенің қалаң жаңа ма, көне ме?
- Ол бұрын қалай аталған?
- Бұл қала облыс орталығы ма?
- Қандай аудандары бар?
- Қалада қандай оқу орындары бар?
- Бқл қалада қандай атақты адамдар тұрған?
- Қалада қандай ескерткіштер мен мұражайлар бар?
2-бет. Астана қаласы.
«Кубизм» стратегиясы. -
Суретте: құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салыстыр: құрмалас сөйлем мен жай сөйлемді салыстыр.
- Зертте: салалас құрмалас сөйлемнің қай түрлерінде ұқсас жалғаулықтар бар бар?
- Сарала: салалас құрмалас сөйлемдерде қолданылатын жалғаулықтарды ата.
- Қолдан: салалас құрмалас сөйлемнің кез келген түріне мысал келтір.
- Талқыла: салалас құрмалас сөйлемнің қай түрінде антонимді табуға бола-ды?
3-бет. Көкшетау қаласы.
Тестік жұмыс.
Қалалар
1. Көкшетау 2. Павлодар 3. Қарағанды
1. «Екінші Швейцария» атанған жер (1-Көкшетау)
2. Ғарыш айлағы – Байқоңыр қай жерде орналасқан? (0-Қызылорда)
3. Қай қала орыстың белгілі патшасының құрметіне орай атанған? (2-Павлодар)
Сөз таптары
1. Шылау 2. Одағай 3. Үстеу
1. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, сөзге үстеме мағына беретін сөз табы (1-Шылау)
2. Мекен, мезгіл, мақсат, сын-қимыл, себеп, күшейтпелі деген түрлері бар сөз табы (3-Үстеу)
3. Сұраққа жауап бермейтін, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөз табы (2- Одағай)
Геральдика
- Астана қаласының геральдикасын көрсетіңдер (2-Астана)
- Алматы қаласының геральдикасы (3-Алматы)
- Атырау қаласының геральдикасы (1-Атырау)
Салт-дәстүрлер
1.Беташар 2. Бесікке салу 3. Бастаңғы - Отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бөлейді. Жеті түрлі қа-дірлі, таза заттар қойылады. Бқл қандай салт-дәстүр? (2- Бесікке салу)
- Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. (0-Тұсау кесер)
- Жаңа түскен келінді бұл дәстүр жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі осы дәстүр жасалады. Мұнда келінге атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды.
(1-Беташар)
4-бет. Атырау қаласы.
«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы.
5-бет. Шымкент қаласы.
«Қасиетті Түркістан қаласы» мәтінімен жұмыс.
1-жұп: Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
2-жұп: Мәтінді әңгімелеу.
3-жұп: Мәтінге жоспар құру.
4-жұп: Мәтін бойынша сұрақтар құру.
5-жұп: Мәтіннен 7 септікте тұрған сөздерді табу.
6-бет. Қызылорда қаласы.
Сөзжұмбақ «Қала» .
Қ
А
Л
А
7-бет. Семей қаласы.
Талдау.
1. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.
2. Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады.
3. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
4. Малшы сырын білем: мен қасында өскем жасынан.
8-бет. Алматы қаласы.
Ақын-жазушылар картасы
Суреттегі ақын-жазушыларды туған жерлеріне орай картаға орналастыру
ІІІ. Қорытындылау
-Бүгін қандай тақырып өттік?
-Қазақстанның қалаларын атаңдар.
-Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? Атаңдар.
-Қарағанды қаласы несімен белгілі?
ІV. Рефлексия-Кері байланыс
– Балалар, бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Не ұнады, не ұнамады айтып, смалик арқылы көрсетіңдер.
V. Үйге тапсырма
«Менің қалам» тақырыбына эссе жазыңдар.
VІ. Бағалау
№ Оқушының аты-жөні Графикалық диктант Сұрақ-жауап Кубизм Тест Ұқсастық пен даралық Мәтінмен жұмыс Сөзжұмбақ Талдау Карта Қорытынды баға
1. Имантусупова Шынар
