FrontPage редакторында графикалық объектілерді кірістіру
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
“№11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі” ММ
Информатика пәнінің мұғалімі Кенесбаева Акасыл Бузаубаевна
Сабақтың тақырыбы: FrontPage редакторында графикалық объектілерді кірістіру. (сурет, фондық әуен, бейнекөрсетілімдер енгізу)
Сабақтың мақсаты: FrontPage редакторында оқушылардың графикалық объектілерін енгізу әдістері туралы дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: Білімділік: FrontPage редакторында жұмыс істеу. Жұмыс алаңында графикалық объектілерді енгізумен жұмыс. Құралдар панелін, Терезе элементтерін дұрыс пайдалана білу.
Дамытушылық: Компьютерде FrontPage редакторын қолдана отырып оқушыларға графикалық объектілерді енгізуге байланысты білім-біліктерін дамыту, танымдық мүмкіндіктерін арттыру.
Тәрбиелілік: FrontPage редакторы арқылы оқушылардың эстетикалық және көркем мәдениетін қалыптастыру, сынып ұжымындағы сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, Интерактивті тақта, электронды оқулықтар, оқулық , жұмыс дәптері.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақ-жауап әдісімен жан-жақты білімдерін тексеру.
- FrontPage қолданбасы не үшін қажет?
- FrontPage-нің функционалдық мүмкіндіктері қандай?
- FrontPage-де қандай Web-құжатпен жұмыс істеу режимдері бар?
- FrontPage-нің кесте жасаудағы мүмкіндіктері қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Практикалық жұмыс.
1-тапсырма. FrontPage редакторында өз мектебіміздің сайтын жасақтап көрсету..
2-тапсырма. FrontPage редакторында «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына сайт жасақтап көрсету.
Қорытынды: Сайтты қалай жасақтағандарын FrontPage редакторында алгоритм бойынша осы жұмыстарыңды қорғаңдар.
- HTML-құжатқа графикалық объектілерді кірістіру FrontPage Кірістіру мәзірін қолданумен қалай орындалады?
- FrontPage редакторы графикалық файлдардың (сурет, фондық музыка, бейнефильмдер) қандай пішімдерін қолдайды?
- FrontPage редакторы Microsoft Office басқа қосымшаларына қарағанда көптеген мүмкіндіктері бар ма?
- Графикалық объектілерді енгізу арқылы FrontPage редакторымен өзіміздің сайтымызды жасауға бола ма?
Қосымша: FrontPage редакторында объектілерді енгізуде және көркемдеуге байланысты мектебіміздің көркейген бейнесінің сайтын жасап көрсетіңдер.

Акасыл сабагына улкен рахмет!Денің сау болып, Енбегің жемісті болып,жулдыз болып жана бар!
Т/б апан Шетпеден Меруерт
Почтама хабрласып тур
Асыл, еңбегің табысты болсын! Сабағыңа РАХМЕТ!
Кластасың Балсекер Сакеновна
нравится