балабақша

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

Төретам кенті 4 Күн -Нұры

балабақша тәрбиешісі

Рахманова Ақзибаш Қыстаубайқызы

 

Қоршаған ортаға саяхат 

Мақсаты:  Балалардың   жабайы   аңдар  туралы  түсініктерін   тиянақтау. Аңдарды  жекеше, көпше  түрде   білуге  үйрету. Осы   аңдарды, табиғатты   қамқорлауға, аңдарға  деген  сүйіспеншілікке   баулу. Халық   ауыз    әдебиетінің    артылмас   қазынасы – мақал – мәтел, жұмбақ, өтірік нақыл  сөздер, тақпақтарды  айтқыза   отырып  еліне, жеріне  деген    сүйіспеншілігін   арттыру, тілдерін  дамыту.

 

Көрнекілік   құралдар:  үлгі  суреттер, ойыншық  аңдар, құстар, ағаштар   атрибуттар, сандар.

 

Әдіс  тәсілдер:  түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сұрақ – жауап, ойын.

 

Сабақтың  барысы:

І. Қатармен   топқа  кіру. Амандасу. Шеңберге   тұрып   бір – біріне  алақан    арқылы  жылу  беріп  «сәлем» айту. Көктем   мезгілі  шуақты, көңілді, біз де   көктем   мезгіліндей  күлімдеп   шуақ   берейік.

Кәне, біздер   қол  ұстасып,

Күлімдесіп  қарайық.

Бір – бірімізге  «сәлем» айтып,

Шүбірелесіп  тарайық.

Біз   өз  еліміздің   патриотымыз Отанды , жерді, елді   сүйеміз.  Әнұран.

Ендеше, кім  айтады   Қазақстан   рәміздері   нелер?

 

Балалар:   — Қазақстанның  туы, елтаңбасы, әнұраны.

 

Тәрбиеші: — Туда, елтаңбада  ненің  бейнесі    бейнеленген   және   түстері  қандай?

 

Маржан:  — Мынау   Қазақстанның туы. Тудың  түсі  көк, ортасында   күн, күннің   түсі  сары   күннің   астында  Бүркіт, бүркіттің  түсі сары, оң  жағында  өрнек. Елтаңба  туралы  айту.

 

Тәрбиеші: — Қазақстан  Республикасының Елбасшысы  кім?

Балалар:   — Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.

Тәрбиеші: — Еліміздің   ел  ордасы   қай  қала?

Балалар:   — Астана қаласы .

Тәрбиеші: — Туған   еліміз, жеріміз  туралы  кім   нақыл  сөздер  біледі?

Балалар:   — Отан – оттан  да  ыстық.

«Отансыз   адам, ормансыз   бұлбұл», т.б.

Мадақтау, тамаша, өте  жақсы, жарайсың.

 

Таңдану  сәтіҚонаққа  қонжықтың кіруі.

Амандасу. Мен  анамнан  адасып  қалдым, маған   көмек  беріңдерші. Орманға   қалай  баратынымды   білмеймін.

 

Тәрбиеші: — Балалар   көмек-тесейік пе?  Ендеше, орманға  қандай   транспорт  түрлерімен   баруға  болады?

 

Балалар:  — Пойыз, машина, такси, трамвай, т.б.

 

Тәрбиеші. – Транспортқа   кіру  үшін, не  төлеу  керек?

 

Балалар: — Ақша, билет  алу  керек.

 

Тәрбиеші:  -Жарайды, ренжімеңдер, біздер   серуендеп, орманға  жаяу  барамыз. Бара  жатқанда  «қорқақ  қоян»   әнін   айту.

 

 

Тәрбиеші:  — Балалар, біздер  қайда  келдік?

 

Балалар:  — Орманға.

 

Тәрбиеші: — Жарайды, ренжімеңдер, біздер   серуендеп, орманға   жаяу  барамыз. Бара   жатқанда  «қорқақ  қоян» әнін  айту.

 

Тәрбиеші: — Балалар, біздер  қайда  келдік?

 

Балалар: — Орманға.

 

Тәрбиеші: — Міне, қонжық   орманға  де  келдік. Апанға   бара  ғой! (шығып кетеді).

 

Тәрбиеші: — Балалар  орманда  нелер   мекендейді?

 

Балалар: — Құстар, жәндіктер, жабайы  аңдар, т.б.

 

Тәрбиеші:  Мына  ағашқа   қараңдар, қандай   әдемі!  Мынау  хат  қой!!!

 

Кімде – кім   бізбен   ойын  ойнаса, соларға   сыйлығымыз   бар  делінген. Ойынның  аты «Кім  білгіш?» деп  аталады. Сұрақтарға   жауап   айту   керек екен. Кім  ойнайды?

 

Қасқырдың  сұрағы:

  • Қазір  жылдың   қай мезгілі?
  • Көктем  мезгілін, ерекшелігін айт.

  • Көктем   мезгілінің   айлары  қандай? (Наурыз, Сәуір, Мамыр)

  • Қазір  қай ай? (Сәуір)

  • Қасқырдың   түсі  қандай? (сұр)

  • Қасқыр  қалай   ұлиды? (у-у-у-у)

  • Қасында  несі  тұр? (бөлтірігі)

  • Кім  қасқыр туралы  тақпақ, өтірік   өлең   біледі?

 

Асылзат:  Бір  топ  қасқыр  қозымен

Келе  жатыр   бірге  өсіп,

Гүл  теріп тау   тоймен.

Жүреді  атқа  мінгесіп. (өтірік  өлең)

Түлкінің   сұрағы  (қызғылт сары)

Жолдас:

—    Апта  деген  ағайдың  неше  ұлы  болыпты?

—          Апта  күндерін  атаңдар.

—          Бүгін   аптаның  қай  күні?

—          Түлкінің  жанында   несі  бар? (баласы)

—          Түлкінің   түсі  қандай? (қызғылт  сары)

—          Түлкі  туралы  өлең, жұмбақ   кім  айтады?

 

Жұмбақ: «Өзі   бір қу, жүрген   жері  айғай шу». (түлкі)

 

Қоянның  сұрақтары. (күлгін  қызыл)

 

Абылай: 

  • Қоянның  терісі  қыста  қандай   болады, ал  жазда  ше? (Қыста  ақ, жазда  сұр)
  • Қоянның  артқы  аяғы   қандай, ал   алдыңғы  аяғы  ше?  (Қыста   ақ, жазда сұр)

  • Қоянның  жанында   несі  тұр?  (көжегі)

  • Олар  не  жегенді  ұнатады?  (сәбіз)

  • Қоянның  құлағы  қандай? (ұзын)

  • Қоянның  көлемі  қандай? (кішкентай)

  • Қоян, көжек  туралы   тақпақ кім  айтады?

  •  

    Тақпақ:  — Ақ  қоян – ау, ақ қоян

    Қорқақ  қоян, сақ  қоян.

    Қаша   берсең   қалыңға

    Қорқағым   деп  ат   қоям.

     

    Жұмабақ:  «Өзі  қорқақ, қыс  пен  жазда   екі   түрлі  тон  киеді»  (қоян)

     

    Аюдың   сұрақтары:   (Қоңыр)

     

    Ерсұлтан:  — Аю  жылдың  қай  мезгілінде   ұйықтайды?  (Қыста)

     

    —          Қай  кезде  оянады? (көктемде  оянады)

    —          Аюдың   жанында  несі  отыр?  (қонжығы)

    —          Аю мен  қонжық   не жегенді   жақсы  көреді? (бал)

    —          Аюдың  түсі  қандай, дене мүшелерін  атаңдар. (түсі қоңыр)

    —          Аю туралы  өлең, тақпақ, жұмбақ  кім  айтады.

     

    Ерсұлтан: Аю  отыр  партада,

    Екі  қолы  қалтада.

    «А» деді  «Б» деді,

    «Р»  -ға  тілі  келмеді.

     

    Өтірік  өлең:

    Қ.Б :     — Аю  жатыр   үйінде

    Төрт  түлік  мал  күйінде

    Барлық   аңдар   шаттанып

    Басты  көктем  биіне.

     

    Жұмбақ: «Қыста  ұйықтайды

    Жазда   қыдырады» (аю).

     

    Кірпінің  сұрағы:   Рима:

    • Мынау   ағаштың   қай  түрі (Ақ  қайың)
  • Ағаштың   көлемі   қандай? (Жуан, жіңішке)

  • Ағаштың   ұзындығы  қандай? (Ұзын, қысқа)

  • Ағаш  туралы  нақыл   сөз    білесіңдер ме?

  •  

    Әлишер:  Ағаш   ексең   аялап,

    Басыңа  болар  сая  бақ.

    Ауыл  сәні  терек,

    Терек  егу  керек!

     

    —          Кірпі  туралы  өлеңдер, жұмбақтар  кім  айтады?

     

    Жұмбақ:  Дегендей   ешкім   тимесін

    Алыпты   қадап  түймесін.

     

    Азамат:  Кірпі, кірпі, кірпі,

    Үстің   толған  ине

    Бірін  берсең  шіркін

    Қадар  едім   түйме.

     

     

     

     

    Жаңылтпаш:   Кірпі  пияз   жемейді.

    Кірпі, кірпияз.

    Мына   ағашқа  қараңдар, балалар:

    • Ағаш  бұтағында   нелер  отыр? (құстар  отыр).

    Қане, санайық: 1 – 5 ке   дейін тура   және  кері  санау. 2 торғай   ұшып  кетті, нешеу  қалды, 1 торғай   ұшып  келді, нешеу   болды. Осы   құстар   туралы   тыйым  сөз   білеміз, кім  айтады?

     

    Тыйым   сөздер:  «Аққуды  атпа», «Құстың   ұясын  бұзба» .

     

    Мына  сұрақтар   жазылған   пішіндерді  бәріміз   атап  айтайық  және   түстерін  айтамыз. Сандарға  байланысты  кім  жаңылтпаш, санамақ   айтады?

     

    Санамақ: 

    Қуаныш: Бір  дегенім – білім

    Екі дегенім – еңбек

    Үш  дегенім  — үміт

    Төрт  дегенім – төзім

    Бес  дегінім  — бестік.

     

    Жаңылтпаш: 

    Рима: Төрт  төртім   бар,

    Төрт  тортым  бар,

    Төрт   төртім  маған,

    Төрт  тортым   саған.

     

    Дидактикалық  ойын:  1. «Не  жоқ»  2. «Танграм»

    Рахмет  балалар,  енді   балабақшаға   оралайық. Міне, балабақшаға   да  келдік. Балалар, біздер   аңдар  туралы   ертегіні   білеміз. Соны   қонақтарға   драмалап, сахнаға   қойып  берейік. Ертегі «Мектеп» деп  аталады. Қуыршақ  театры.

     

    Бой  сергіту:  Алдына.

    Орнымыздан  тұрайық!

    Біз   тынығып   алайық.

    Оңға  бір  иіліп,

    Солға    бір  иіліп,

    Бір  отырып, бір  тұрып.

    Орнымызды  табайық.

     

    Дидактикалық  ойын:

    1) «Малдарды   ретімен  қой»

    2) «Жабайы аңдарды тап».

     

    Сурет   бойынша  әңгімелесу, жандарына  сандарды  қою, құрастыру (аңдардың   қиылған суретін).

     

    Үйге:  Сурет  салу  аңдардың.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше