Без рубрики

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

ГКС-12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Калиева Бахыт Жантугановна

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

а) ақынның өмірі мен  шығармашылығы туралы айту ,  «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; ә) оқушының сөйлеу мәдениетін , дүниетанымын кеңейту,  өз бетімен жұмысқа, шығармашылыққа дағдыландыру;

б) Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру, бекіту сабағы.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: а)Қасым  жайында  видео ,  ә) қанатты сөздер б) интербелсенді   тақта.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасы: Ғ.Мүсірепов «Боранды түнде» әңгімесі.

Пысықтау  сұрақтар :

1.Кәменді  алып қашуға барғандағы  ауа райы туралы не айтасыз ?

2.Күреңтөбел мен Көкдауылдың басқалардан қандай  ерекшелігі бар ?

3.Кәмен қандай қыз?

4.   Әңгіменің күлкілі тұстары бар ма?

5 Әңгіме неліктен «Боранды түнде » деп  аталды ?

6.     Абайдың «Қыс » салыстырып көріңіз .

Жаңа сабақ.

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың эпиграфы:

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым,

Қасым солай болмаса несі Қасым?

Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің

Әммесінен Қасымның десі басым

Мұқағали   Мақатаев

Қасым   Аманжолов

(1911-1955)

Өмір жолы    туралы интербелсенді тақта арқылы слайд тамашалайық .

Қасым  Аманжолов  Сарыарқаның ең көрікті жері, Қарқаралыдағы     Қызыл деген жерде  дүниеге келген. Соғысқа қатысқан жауынгер (жаралы оралған).

Балалар үйінде тәрбиеленген. Қажырлы, қайратты, тік мінезді азамат. Әнші, күйші.

Өлеңдері:

«Сарыарқа», «Ертіс», «Жайық», «Орал»,

«Мен табиғат бөбегі»

Поэмалары:

«Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Бикеш», «Естай-Қорлығайын»

Өлеңнің тақырыбы: өз өмірін өлеңмен өрнектейді; өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді; туған ел, жер қасиетін жырлайды; болашақ   ұрпаққа өсиет қалдырады.

Өлеңнің идеясы: өмірді, туған жерді, Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірімнен өлең жасап» ,- деп өзі жырлағандай ,өлеңді, ақындықты құрметтеуге үндейді.

Жоспары:

1.     Өзі жайлы

2.     Өмір мен өлім туралы

3.     Ақындық, оның мақсаты

4.     Болашаққа өсиет

5.     Туған ел, туған жер туралы

«Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын».

Б.Момышұлы

Ақын өлеңіндегі көңіл-күйін талдау.

1қайғы, мұң;  2) шаттық, қуану;  3) берік сенім, үміт;  4) асқақ арман, өршіл мақсат;  5) өсиет, өнеге; өлең    Өмірінің соңғы жылдары жазылған «Өзім туралы» өлеңі (кей жерлерде аяқталмай қалған делінеді) ақынның өзі туралы толғанысы, сезімі, ақындық мақсаты айтылады.

Мағынаны тану кезеңі

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу (не айтылғанын сұрау)

2.Сөздік қоржыны (дәптермен жұмыс)

Жасық — жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз

Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші

Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін

Торқа – ең қымбат жібек мата

«Өзім туралы» әні орындалады.

Өлең құрылысына талдау

(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түріндегі қара өлең ұйқасы)

Тақырыбы

Авторы

Шумағы

Тармағы

Буыны

Ұйқасы

Бекіту.

Қорытынды: Қасым өмірді сүйген ақын.Майданда от кешкен, тұрмыс тауқыметін тартып,дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді.Сөзі тозған жоқ, өлеңі ескірген жоқ, уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ. Қасым сол баяғы Қасым күйінде қала береді. Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деген. Қасымды өртке тиген дауылдай өлеңдерімен бірге арамызда жүр деп сезінеміз.

Бағалау

Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау .

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.