Ағаш өңдеу кәсібі

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі Нурумбет Тулеу Бахтибергенулы

Ағаш өңдеу кәсібі

Мақсаты ;оқушы  тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты:алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын  арттыру.

Тәрбиелік  мақсаты:ұлттық  өнерге  тәрбиелу

Дамытушылық  мақсаты:дүниетанымын  дамыту.

Сабақ  көрнекілігі:

Компьютер, интерактивті  тақта, электронды  оқулық, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, трек-сызбалар, газет-журналдар.

Сабақ  жабдығы:

Тақта, бор, компьютер, интерактивті  тақта, теледидар, диафильм, бейнетаспа, үнтаспа.

Сабақ түрі:

Аралас сабақ, жарыс сабақ, сайыс сабақ, семинар, конференция, дебат.

Сабақ типі:

Жаңа сабақ, білімді тексеру, қайталау, пысықтау, бекіту, білімді бағалау.

Пән  аралық  байланысы:

Пәнмен, өмірмен, тарихи деректермен, қоршаған ортамен байланыстыру.

Сабақ әдісі:

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.

Сабақ барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын  сұрау  әдістері.

Үй тапсырмасын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы тексеру.

Ширату  кезеңі (тест алу) т.б.

ІІІ. Жаңа сабақты  түсіндіру

Ағаш өңдеу кәсібі  қазақтардың өндірістік қызметінің аса маңызды салаларының бірі болып табылған, өйткені ол тіршілікті қамтамасыз ететін мәдениеттің  элементтерін жасайтын.

Ағаш шеберінің құралдары көптүрлілігімен ерекшеленбейтін: шаппа шот, қашаулар мен пышақтар, біздер мен қысқаштар, аралар мен егеулер  жиынтығы.

Сүт сауатын шелектер ағаштан жасалған.

Қымызға арналған жиынтықтардың түрлері көп және сәнді болған: шара, тостағандар, қымыз құятын шөміштер мен ожаулар, олардың көлемі мен пішіні әртүрлі болып, көбіне күміспен және сүйекпен әшекейленген.

Май шайқайтын ағаш күбілерді қазақтар тек өздері жасап кана қоймай, жәрмеңкелерде даярларын да сатып алған. Май шайқайтын ағаш күбі – қабырғалары жоғары қарай сәл тарылыңқы етіп қиылған биік конус тәріздес ыдыс. Бүтіндей ойылып жасалғандары да, тақтайшалардан құрастырылғандары да кездескен. Әр үйде дәнді дақыл түйетін келі мен келсап болған.

Бүтін ағаш кесегінен жонылған, жалпақ түбі дөңгелек келген табақ ет салуға қызмет еткен.

Әр түрлі жиһаздарға әсем ою-орнек молынан салынып, сырланған, жозыланған және күміс тілімдермен әшекейленген. Бұл жиһаз үй ішіне сән берумен қатар, тұрмыста керекке жаратылған. Оған жататындар: заттар мен киім-кешек салатын сандық, тамақ сақтайтын кебеже, ыдыс-аяққа арналған асадал, жүк жиятын жүкаяқ, жастық ағаш, адалбақан, төсек және басқалар.

ІҮ. Бекіту.

Оқушыны  сабақ  барысы  кезінде  дамыту, сөйлету, қалыптастыру, дағдыландыру, ойландыру, қорытынды жасауға үйрету.

Ү. Бағалау.

Оқушыларды біліміне қарай бағалау.

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше