Пысықтау сабағы
Тақырыбы: Пысықтау сабағы.
Кіріктірілген сабақ (математика және экономика).
Мақсаты: а) Білімділік: Экономика туралы түсінік қалыптастыру. Экономикалық ойлауға, іскерлік пен дағдыға үйрету.
б) Дамытушылық: Шаруашылық есеп, өз шығынын өзі өтеушілік, өзіндік құн маңызын жетік білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың слайдтарын мына жерден көшіріп алыңыз.
Дулатова Толғанай Сабырқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі
Кіріктірілген сабақ /математика және экономика/
Тақырыбы: Пысықтау сабағы.
Мақсаты:
а) Білімділік: Экономика туралы түсінік қалыптастыру. Экономикалық ойлауға, іскерлік пен дағдыға үйрету.
б) Дамытушылық: Шаруашылық есеп, өз шығынын өзі өтеушілік, өзіндік құн маңызын жетік білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
в) Тәрбиелік: Экономиканы танып білу арқылы үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: Білімді бекіту.
Сабақты оқыту әдісі: Іздену, зерттеу, проблемалық түсіндіру әдістері т.б.
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ 1. Сабаққа ену №1 слайд
- Балалар, банк дегеніміз не? /ақша салу, айлық, зейнетақы алу, несие алу/
- Ақша не үшін қажет?
- Оны қалай пайдалану керек?
- Банк несиені кімге береді? /жұмыс істейтін адамдарға және кәсіпкерлерге береді/
- Дұрыс. Олай болса, біз банктың несие бөлімінде қызмет атқарушы болып жұмыс істейміз делік. Бірақ әр қайсымыздың атқаратын қызметіміз әртүрлі. Кімнің қандай қызмет атқаратынын білу үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек!
2. Арифметикалық диктант. 2 ұпаймен бағаланады. №2 слайд
3. Осы нәтиже бойынша оқушылар үш ұжымға бөлінеді. Дұрыс орындалған тапсырмалардың нәтижесі арқылы қызмет орны тағайындалады. №3 слайд
4.Балдық жүйе бойынша сабақтың құрылымымен таныстыру. №4 слайд
5. Мұғалім оқушылардың алдында міндет қояды
ü Үш фирма, «АО Мақсат», «Сауда – сервис» , «Құрылыс сауда – сервис «Нұрсұлтан» банктен несие алуға усыныс берді. Бөлінген қызметтерін бойынша осы фирмаларды қадағалауларың керек. №6 слайд
6. Кестеге шыққан нәтижесін толтыру керек. №7 слайд
7. Негізгі бөлімі. Пайдасын есептеу үшін, балалар өрнектерді есептейді. 2 ұпаймен бағаланады №8 слайд
8. Кестеге жауабын жазады және ең көп пайда көрген фирманы анықтайды. №9 слайд
9. Келесі кезең: Саланың ұзындығын табу керек. Қай фирма өз дуалын үнемді жұмсады? 4 ұпай. №10 слайд
- Қай фирма өз дуалын үнемді жұмсағанын табу үшін, нені табу керек? /периметрін табу керек/
10. Кестеге жауабын жазу. №11 слайд
11. Сергіту сәті. №12 слайд
12. Төл құжатты хаттау кезеңі. 6 ұпаймен бағаланады. №13 слайд
- Қай фирма аз уақыттын ішінде төл құжатты хаттайтындығын келесі тапсырма бойынша анықтаймыз.
13. Кестеге жауабын жазу. №14 слайд
14. Жұмысшылардың санын анықтау кезеңі. 8 ұпаймен бағаланады. №15 слайд
ü Фирмалардың көретін пайдасы кімге байланысты? Сендер осыны анықтап алуларың қажет
15. Кестеге жауабын жазу. №16 слайд
16. «Маңызды кездесу» кезеңі. Оқушыларға қойылған міндет: сурет бойынша есеп құрастыру және шығару, есеп түрін ажырату. 10 ұпаймен бағаланады. №17 слайд
- Бул есептің қандай түрі? /Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық/
17 Кестеге жауабын жазу. №18 слайд
18. Тығырықтан шығу «Құпия ақпарат» кезеңі. Оқушылардың міндеті: қай фирманың іс-қужаттары ең құпиялы? 12 ұпай. №19 слайд
19. Кестеге жауабын жазу. №20 слайд
20. Қорытынды барысында оқушылар кестелік нәтиже бойынша қай фирмаға несие беруге болатынын анықтайды. Жеңімпаз фирма мадақталады
ІІІ 1. Сабақтын қорытындысы рефлексия формасында өтеді.
- Не ұнады, не білдім, неге үйрендім?
2. Оқушылар жинаған ұпайын есептеп, мұғалім Excelге енгізеді.
IV. Үй тапсырмасы
