«Нақыл сөз-ақыл сөз»
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Төлеген Гүлшат Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы: «Нақыл сөз-ақыл сөз»
Сабақтың мақсаты:
І. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздердің, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу, мәнін ұғындыру және одан үлгі-өнеге алуға баулу.
ІІ. Халық шығармаларының бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және оқушылардың өз ойларын еркін айта білуін меңгерту.
ІІІ. Оқушылардың ұлттық сезімін ояту, ізеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тренинг сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру.
а) Ата-бабаларымыздың, ақылгөй даналарымыздың айтып кеткен өсиеттері, нақыл сөздері-балаларға қалдырған ақылы, мұрасы болып табылады. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Нақыл сөз- ақыл сөз».
ә) Гимн.
б) Бүгінгі біздің сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг сабақтың мақсаты сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айту.
Оқушыларды топқа бөліп алайық.
І-топ-«Ізденімпаздар»
ІІ-топ- «Өнерпаздар»
ІІ-топ- «Ақпараттық»
Енді әр топ басшысын сайлап алсын. Топ басшысы:
І топ- Исламбек
ІІ топ- Нұрболат
ІІІ топ- Меруерт
Әр топ топ мүшелерін сабақ бойы бақылап, соңында еңбегіне қарай бағалайды.
Сабағымыздың жоспары:
- Білгенге маржан.
- Санаға сапар.
- Ескірмейтін ескі сөз.
- Білімдіден ақыл шығар.
- Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай.
- «Кім көп біледі?»
- Қорытынды.
Әр топ басшылары өзінің атын ұранын айтады.
І-топ. «Ізденімпаздар»
Ұраны: Ұлылар өткен жолмен жүріп,
Ізденуден жалықпаған
Ізденімпаз боламыз.
ІІ-топ. «Өнерпаздар»
Ұраны: Өнерімен өрге жүзген,
Халқымызды танытқан
Өнерпаздар боламыз.
ІІІ-топ. «Ақпараттық»
Ұраны: Әлемдегі бар оқиға,
Жаңалықты жеткізетін,
Көз алдыңнан өткізетін
Ақпараттық біз топпыз.
Кіріспе.
Қазақ-сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді ауыздарынан тастамай, мағыналы сөздерін әсерлеп келе жатқан халық. «Мақалсыз сөз- мағынасыз сөз», «Өнерлі сөз- өнегелі өріс», -дегендей халық қашанда нақыл сөзді өнегелі өрісіміз деп білген. Ғасырлар бойы халықпен жасап келе жатқан мақал-мәтелдердің кейбіреуі қайта жаңарып отырады. Мақал-мәтел көп сөзбен берілмесе де, одан көп мағына ұғуға болады. Өз ұрпағына тәрбие беруді мақсат еткен қазақ халқы ұсынар тағылымдарын, өнегелерін мақал-мәтел арқылы қорытындылып тұжырымдаған.
«Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр», деген аталы сөз де осыған қатысты. Олай болса «Бірлік болмай, тірлік болмас»деген мақалды басшылыққа ала отырып, бірлесіп ұйымшылдықпен сабағымызды бастайық.
І шарт. Білгенге маржан.
Мұнда шашылып тұрған үлестірмелер берілген. Осы үлестірмедегі сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып рет-ретімен орналастыратын болсақ, Жүсіп Баласағұн бабамыздың ақыл сөзі шығады.
Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын
- Мақал дегенімізне?
- Мәтел дегеніміз не?
- Мақал мен мәтелге ортақ қасиет не?
- Нақыл сөздер дегеніміз не?
- Аталы сөз дегеніміз не?
- Шешендік сөздер дегеніміз не?
ІІ шарт. Санаға сапар.
Ойын ойнап ой сергітіп,
Білгеніңді айт балақай
Санаға сапар шегіп,
Алға ұмтыл тартынбай.
(Қалаған қатардағы түстерді таңдау арқылы белгіленген сұрақтарға жауап береді).
Киелі сандар.
Мақал-мәтел.
Тыйым сөздер.
Киелі сандар.
7саны қандай сан?Топтастыру жаса.
5санына байланысты ақын аталарымыз қандай өсиет, ұлағатты өлеңдерін білесіңдер?
3санына топтастыру жаса.
Мақал- мәтелдер.
Орын ауыстырылып берілген сөздерден мақал құрастыр.
А)Өрге, баспас,сөз,өтірік.
Б) Ерді, қамыс, намыс, өлтірер, қоянды.
Мына сөздерді пайдаланып, мақал құрастыр.
А) Көп-терең.
Б) Әке-ана.
5мақалды жатқа айтып бер.
Тыйым сөздер.
«Бүйіріңді таянба, үйге қарай жүгірме» сөзінің мағынасын түсіндір.
«Есікті керме, маңдайшаға төбеңді тіреме » сөзінің мағынасын түсіндір.
«Малды ұрма, малды теппе, сүйегін отқа жақпа» сөзінің мағынасын түсіндір.
ІІІ шарт. Ескірмейтін ескі сөз.
« Адамның сәні-өнер, білім,ақылы,
Жердің сәні-жеміс, өнім дақылы.
Сөздің сәні-өнегелі өткір нақылы,
Пікірдің сәні-ең пайдалы мақұлы» дегендей келесі шарт сөздің сәні.
«Мақал- мәтел» айтысы.
ІV шарт. Білімдіден ақыл шығар .
А)Берілген мақал-мәтелдердің мазмұнын өз ойыңмен қалай жеткізер едің?
1. Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
2.Көз қорқақ,қол батыр.
- Досы жоқ адам-
Тұзы жоқ тағам.
4. Қуыс үйден құр шықпа.
5. Мектеп-кеме,білім-теңіз.
6. Білікті-бірді жығар,
Білімді- мыңды жығар.
«Ұйқасын тап»ойыны. Сергіту сәті.
Ә) Көп нүктенің орнына сөз қойып, нақыл сөзді толықтырып айту.
1. Шешен сөз бастар.
……………………………………
2.Көп сөз- күміс,
………………………………..
3. Тіл тас жарады
…………………………………
- Жақсы байқап сөйлейді
…………………………………………
5. Атаңның баласы болма
…………………………………………..
7.Қына тасқа бітеді
………………………………
V шарт. «Жақсылардың үлгісі-жанып тұрған шамдай».
Ата салты-ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
(атақты би-шешендердің сөзін жатқа айту).
-Қандай аталы сөздер білесіңдер?
VІ шарт. «Кім көп біледі?»
а) Мақал-мәтел сайысы.
3 топ кезектесіп мақал айтудан жарысады.
ә) Берілген мақал-мәтелдерді оқи отырып, бір қатарға мақалды, екінші қатарға мәтелді ажыратып жаз.
- Отан-елдің анасы
Ел-ердің анасы.
2. Емнің алды- еңбек.
- Сумен ойнама, батарсың,
Отпен ойнама күйерсің.
- Көппен көрген ұлы той.
5.Ырыс- алды ынтымақ.
- Еңбек етсең- ерінбей,
Тояды қарның-тіленбей.
VІІ шарт. Қорытынды.
Аталар сөзімен өсіп өнген
Бабалар бұлағынан нәр алған
Даналар өсиетінен тәрбие алған
Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен
Дана халықтың ұрпағымыз біз.
Ендеше ата-бабамыздан мирас-өнеге болып қалған нақыл-ақыл сөздері мұрагері біз екенбіз.Бабаларымыз бен ғұламаларымыздың сара жолымен жүріп, білікті биік ту ұстап,болашаққа нық қадам басқан 50 елдің қатарына ену үшін не істейсіңдер?
-Сапалыбілім.
- Саналы тәрбие.
-
Бар күш жігерімізді Отанымызға арнаймыз.
Желбірейді көк-байрақ,ән ұраным,
Болдым міне иесі мол елімнің.
Тастап кеткен ұрпаққа бар байлықты
Бабаларға көп алғыс жаудырамын-дей келе «Нақылсөз-ақыл сөз»атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Топ басшыларының бағалауы. Мұғалімнің бағалауы.
