Тұрлаулы мүшелер. Баяндауыш

Асқар Бекқасымов
«Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде
оқытатын МДБМ» ММ.  Семей қаласы

Мақсаттары: 1. Сөйлемдегі негізгі мүшелердің бірі-тұрлаулы мүше баяндауыштың құрылысына қарай түрлерін, жасалуын, сұрақтары мен қызметін түсіндіріп, жаттығу жұмыстары арқылы теориялық және практикалық жағынан меңгерту. 2. Өткен тарихты, ел жәдігерлерін тану, білуге тәрбиелеу. 3. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы     Сабақтың көрнекілігі: схемалы, таблицалы плакаттар
Сабақтың әдісі: деңгейлеп, саралап оқыту, сұрақ – жауап талдау, практикалық ізденулер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Тұрлаулы мүше. Бастауыш. Көркем  шығармадан бастауыштың жасалуына байланысты сөйлемдер жазу.

ІІІ. Жаңа  сабақ: Баяндауыш.

Тақырып жазылған соң/ тақтаға, дәптерге, /оқушыларға әр топ бойынша бірнеше тірек сөз/ етістік/ беріледі.

 

І топ

Тұрды, қарады, ойлады

ІІ топ

Жиналды, жуынды, шықты

ІІІ топ

Жүрді, келді, дем алды.

 

  • Осы тірек сөздерді қолданып мәтін құрау тапсырылады. І топ мәтіннің басын, ІІ топ ортасын, ІІІ топ соңын жазады.
  • Мәтін құрастырылған соң оқытылып, жаңағы тірек сөдерге сұрақтар қойылады.

Осы тірек сөздердің әрекеттің қимыл –қозғалысын білдіретіндігі түсіндіріледі.

ережесі шығарылады:

Баяндауыш – сөйлемде бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіретін тұрлаулы мүше.

Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

не болмақ? қайтпек? не істемек? не қылмақ?

неше? қалай? кімдікі? ненікі? кім? не?

Баяндауыш құрылысына қарай

Дара

Қобыз аспабын

Қорқыт есімімен

байланыстырады

Күрделі

Ол жасынан өте ұғымтал, құймақұлақ болып өседі.

Үйірлі

Қорқыт шамамен

ІІІ – ІХ ғасырларда өмір сүрген

 

  • Мысалдардың баяндауыштарын топтар бойынша талдау: дара, күрделі, үйірлі екендігін дәлелдету, басқа мысалдар келтіру.

Баяндауыш болатын сөз таптары (жасалуы)

Баяндауыш болатын сөз таптары

сұрақтары

Мысалдар

Етістік

Не істеді?

Айжан бүгін ерте келді

Сын есім

Қандай?

Бауырым ақылды

Зат есім

Кім?

Олжас – ұқыпты оқушы

Сан есім

Неше?

Бес жерде бес – жиырма бес

Есімдік

Кім?

Қайсары – мен

Көмекші етістік

Еліктеу сөз

Қайтті?

Үлкен көк төбет арс етті.

Жаттығулар

38-жаттығу.Бастауыш дегеніміз не, баяндауыш дегеніміз не? ережесін өздерің шығарып айтыңдар.

 

 

Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдер құраңдар.

… – ынтымақ.

… – байлық.

… – оқу.

… – сәлем берді.

… – төрт.

… – бөлінбейді.

… – жетім.

… – білерсің.

… – жаман.

Дидактикалық материалдардан

  1. 20-бет алг. деңгей

3. 20-бет жоғары

4. 20-бет о.деңгей

Шығармашылық жұмыс сурет бойынша. Алтын адам суретті іліп қойып, тапсырмалар беру.

1-деңгей. Жеке сөйлемдер құрап жазу.

2-деңгей. Мәтін құрап  жазу

3-деңгей. Тарихпен байланыстыра мәтін құрап жазу.

4-деңгей.Баяндауыштарды құрамына қарай талдау

тапсырмаларды тексеру, жинақтау.

Сабақты бекіту:

  1. Жаңа тақырыпты қорытындылау, бекіту. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы түсінген, меңгергендерін анықтайды.
  2. Үйге тапсырма: 49-50 беттерді оқыту 39-жаттығу 1-2 деңгейдегілер баяндауышқа сөйлемдер құрау. 3-4 деңгейлер Мәтін құрау.
  3. Бағалау.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше