Қызылорда облысы
Байқоныр қаласы
Ю.А.Гагарин атындағы №8 мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Рахметова Сұлушаш
Сыныбы 6
Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар» (Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романынан)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: шығарманың мазмұнын меңгерту арқылы
оқиға желісімен танысу. Тұрар арманы оның
орындалған мұраты екенін дәлелдеу. Ұлт
мақтанышы Тұрар Рысқұловтың өмірдегі шынайы
бейнесін көрсету. Кейіпкерлер бейнесін аша отырып,
оларға тән адамгершілік рухты таныту.
- Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін
дамыта отырып, өзіндік ойлау дәрежесін, ізденушілік
қабілеттерін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету,
шығармашылық жұмыстар арқылы таным-түсініктерін
кеңейту, талдау білуге, қорытынды жасауға
дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Отанын, туған жерін, халқын сүюге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорыту, жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау,
сатылай кешенді талдау, іздендіру, салыстыру, СТО
стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы суреті, шығармалары, Т.Рысқұлов суреті,
нақыл сөздер, сызба- кесте, Қазақстан картасы.
Тех.құрал- жабдық: мультимедиялық проектор.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 8 минут
ІІІ. Үй тапсырмасын қортыу 2 минут
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру 8 минут
Ү. Жаңа сабақты бекіту 20 минут
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту 3 минут
ҮІІ. Үйге тапсырма беру 1 минут
ҮІІІ. Оқушылардың білімін бағалау 2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Жоспар бойынша шығарманың мазмұнын айту.
«Тұрар-жаралы арыстан баласы»
- Броников, Рысқұлға мінездеме беру.
Жоспар:
1 Тұрар нағашы жұртында
- Тұрар Қырғызбаев-орысша-мұсылманша мектеп оқушысы.
-
Тұрар-зерек, сауатты оқушы.
-
«Жоқ, шынтақ жеңнен жылтылдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды». (Ломоносов)
-
Тұрар-тілмаш, әрі писарь
-
Диірменде туған тышқанның баласы дүрсілден қорықпайды.
Шығарма кейіпкері, саяси тұтқын Бронниковке мінездеме беру.
Оқушы Бектұрғанова Ақниеттің жұмысы:
Түрме ауласында аяғы кісендеулі адамдар Тұрарды көргенде жүрістерінен жаңылып, бір-біріне соқтығысып қалды. Түрме бақылаушысы арбадағы тезекті төгіп алғаны үшін Тұрарды бұрышқа тақап, зәресін алды. Баланы аяп кеткен Бронников өзі тұтқын болса да араша түсіп, оған жылы жүзбен қарап, мейірімділік көрсетті. Бронников-революционер, өз ойын айтудан қорықпайтын батыл, ақ жарқын, ақылды, мейірімді адам.
Рысқұлға мінездеме оқушы Мұхамедкалиев Әлишердің жұмысы
Рысқұлдың тағдыры-кескілескен қиын өмір. Рысқұл-қиындыққа төзімді, өзінен зордан ықпайтын турашыл адам. Ол оқымаған жан болғанымен, көкірегі ояу адам. Өте бауырмал, адал, намысқой, қайратты. Бірақ айла-тәсіл жасауға икемі жоқ. Өз дәуіріндегі би-болыстардан қиянатты көп көрсе де, қайтпас қайсар. Өзінің қызмет еткен би-болыстарының арамдығына көзі кеш жетті. Дегенмен үлгергенінше олардан кек алды. Оның аңғалдығы да бар. Өзі тұтқындалып қоймай, бал-шағасына да қатер төнгендігін байқайды. Бірақ өзінде ерік жоқ. Ол-жаралы арыстан.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Сонымен балалар, өткен сабағымызда Ш.Мұратазаның «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауымен таныстық. Рысқұл өмірінің қандай қиын жағдайда өткендігіне көз жүгірттік. Әке тағдырының қиындығын көзбен көріп өскен Тұрардың да қайтпас қайсар, өжет адал бала болып жетіліп келе жатқандығын байқадық. Қорыта айтқанда, «Ата көрген оқ жонар» деген халық мақалы осы Тұрарға айтылғандай.
ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту
Он сегізінші ақпан
Бала Тұрар
Бүгінгі жаңа сабағымыздың мақсаты Тұрардың бойындағы қасиеттердің қалыптасуын, оның білімге құштарлығын, қайсар, турашылдығын, өмір әділетсіздігін сезуі мен ой түйіндей алатын жақсы қасиеттерін оқи отырып, шығармаға талдау жұмыстарын жүргіземіз.
- Приходько мырза Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда қандай мақсат көздеді?
Приходька мырзаға мінездеме бер
- Тұрар бойындағы қайсарлық, алғырлық мінездің көзі неде?
Әкесінің «Жүдеме! Жаралының жан серігі-жасымау. Жасыма! Деген сөзінен Тұрардың қорытынды шығаруы.
Қырғызбай мен Салиха бәйбішенің адамгершілігін дәлелде.
Тұрардың білімге деген құштарлығы шығарманың қай тұсынан көрінеді?
Ұстазы Иван Владимировичтің Тұрармен мақсаты, тағдыры ұқсас екенін дәлелде.
Кітаппен жұмыс.
Шығарма қаһармандарының түрлі ситуациядағы көңіл күйлері мен сезім сырларын, адамдармен қарым-қатынасын, ішкі сезім құпиясын таныту мен сыныпты сондай әсерге бөлеу, әрі оқуға жаттықтыру мақсатында мәтіннен жеке үзінділер оқылады.
1.Жаралы жолбарыстай Рысқұлдың түрмеде аласұрған жері
2.Аркашаның есірік мінезін көрсететін жолдар
3.Тұрардың «абжыланның алдында жападан жалғыз қалған көжектей» күйге ұыраған сәті мен Бронниковтің оған ара түсетін жері.
4.Әкелі-баланың қоштасар күні қарсаңындағы көңіл күйі.
5.Тұрардың бүркеншек атпен оқуға алынатынын баяндайтын жолдар.
- « Қызыл Жебенің» Иван Владимировичпен қоштасар сәті.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Топтық жұмыс. Оқушылардың алдына дайын кесте үлгілері таратылады.
1 қатар 1-нұсқа. Тұрарға мінездеме беру
1 қатар 2-нұсқа Тұрар мен Атамырзаны салыстыру. Венн диаграммасы
2 қатар 1-нұсқа Иван Владимировичке мінездеме.
2 қатар 2-нұсқа шығармаға сатылай кешенді талдау
3 қатар 1-нұсқа кейіпкерге хат
3қатар 2-нұсқа концептуалдық кесте
Оқушылар шығармашылығынан: ойтолғау «Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді». 4 оқушының шығ жұмысы жазылады
Шығарманың қаншалықты дәрежеде меңгергенін білу мақсатында кесте бойынша жұмыс жасау. (Ауызша)
І. –Тұрар сен де шоқына сал, пайдасы болмаса зияны жоқ «Иә құдай әкемді дарға асудан сақта» десең мүмкін құдайдың құлағына шалынар.
Рысқұл, Бронников, Приходько
2. –Кімнің баласы болса, оның баласы болсын. Әйтеуір адамның баласы. Қорлама оны!
3.-Қанаты қатаймаған балапаным, қарадауылға қарсы ұша алар мысың, сен?
Тұрар бейнесін әдебиет теориясына сәйкес топтастыру
Тарихи бейне
Саяси қайраткер
Тұрар Рысқұлов халық қамқоршысы
Ұлт мақтанышы
Ұлы тұлға
Заманының зиялы перзенті
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту
«…Шерхан жазушының «Қызыл Жебесінің» жөні бөлек. Халқымыздың ұлы перзенттерін шаңға көмген мылқау мезгілді, қараңғы түнекті жарқыратқан жұлдыздай ысырып тастап, ұрпақтарға табыстырған жазушының бұл шығармасы-әдебиетіміздің өмірбаянындағы жарқын беттері»-деп баға берген Фариза Оңғарсынова.
ҮІІ. Ұйге тапсырма беру
1.М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятын негізінде жасалған кинофильммен осы үзіндіні салыстыру.
- «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» ойтолғау жазу.