VisualBasic бағдарламасында «Электронды көбейту кестесі» жобасын даярлау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
«№11 мамандандырылған физика — математикалық мектебі» ММ
І санатты информатика пәні мұғалімі Батқамбаева Ізбибі Далабайқызы
ХХІ – ғасыр — жаңа технология мен ақпараттану ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Қазіргі күннің талабына сай ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана білуіміз керек.
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл ақпараттық технологияның дамуына және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуіне байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс істесе , онда ерте ме, кешпе, программалауға деген талпынысы пайда болады.
Бұрыннан қалыптасқан пікір бойынша Basic тілі игеруге және пайдалануға оңай әрі қарапайым программалау құралы болып есептелінеді.Компьютерлік технологияның алғашқы пайда болған кезінде Basic тілі қарапайым программаларды құру үшін жасалған күрделі және әмбебап тілдерге біртіндеп өту алдыңғы программалау негіздерін үйрететін оқыту тілі ретінде пайдаланылды.
Қазіргі кезде Basic тілінің Microsoft VisualBasic for Windows сияқты нұсқасы өзінің дамуын жалғастыруда, ал Windows операциялық жүйесі үшін жыл сайын VisualBasic6 жобалау жүйесінің жаңа нұсқалары(ең соңғысы 6- нұсқа) шығарылуда .
VisualBasic тілі — программалаудың ең танымал тілдерінің бірі .
Адам мәдениетінің маңызды элементі болып саналатын математика саласындағы көбейту кестесін VisualBasic ортасында даярлап, компьютерлендіру процесіндегі көбейту кестесін визуалды ақпарат түрінде үйренуге болады.
«ЭЛЕКТРОНДЫ КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІ» бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының көбейту кестесін меңгеруге арналған . Бағдарламада кобейту амалдарының компонентері және ауыстырымдылық қасиеттері туралы айтылған.
Презентация түрінде көбейту кестесін өз бетімен орындау арқылы оқушы өз білімін шыңдай, пысықтай түседі. Бағдарлама соңында көбейту кестесін оқушы автоматты түрде көбейткішке мән беру арқылы орындайды.

Ізбибі апай, сайтқа салған сабағыңыз үшін рахмет! Еңбегіңіз көкке өрлеп, жемісін бере берсін!
Т/Б №12 ЖББОМ информатика пәнінің мұғалімі Кошерова Б. С.