Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төретам кенті
№85 орта мектеп
География пәні мұғалімі
Сәрсен Ғабит
Тақырыбы: Байқоңыр-туған қалам, Жазира, дархан далам!
Жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Негізгі бөлім.
- Кіріспе. Мұғалім сөзі.
IV.Әдеби-сазды монтаж.
Ән. «Туған жер» орындайтын .
V. Көрініс. «Аңшы мен бала».
VI. Мақал-мәтелдер.
VII. Жұмбақ шешу.
VIII. Табиғатқа байланысты тиым-сөздер.
IX. Баяндама. «Туған қаламның табиғаты».
X. Қорытынды
Мақсаты:
1. Оқушыларға туған қаламыз, туған жеріміз туралы әңгімелеу, Отан, ел, туған жер туралы білімдерін толықтыру.
2. Қаламыз, туған жеріміз туралы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
3. Туған жердің табиғатын сүйе білуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет көрмесі, буклет, сұрақ-жауап, Қазақстан картасы.
Әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап
Түрі: аралас сабақ.
- I. Ұйымдастыру бөлімі. Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар, бүгінгі «Байқоңыр-туған қалам, Жазира дархан далам» ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Барлық оқушыларды сабаққа бір кісідей жұмылып, атсалысып отыруға шақырамын.
- Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар «Менің туған қалам» тақырыбына шығарма жазып келу керек болатын. Енді, осы шығармаларды тыңдап көрейік. (оқушылардың шығармалары тыңдалады) Балалар, біз сендердің шығармаларыңды тыңдай отырып, туған қалаларыңның өздеріңе ыстық көрінетінін білдік.
III. Кіріспе. Мұғалім сөзі.
Байқоңыр қаласының тағдыры ғарышпен тікелей байланысты. Ғалымдар осы жерді жердің кіндігі, яғни ғарышқа сапар шегу тек қана осы жерден ғана өте тиімді болады деп есептеген соң, қала құрылысын, космодром құрылысын салу ісі тез арада күшті қарқынмен жүргізіле бастады. Қалада көп қабатты тұрғын үйлер, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйі, кинотеатр, спорт кешені, бассейн, кітапханалар, музыка мектебі, мұражайлар, қонақүйлер, ауруханалар, базарлар, дүкендер, монша т.б. салына бастады. Қалаға ғарышты игеру мақсатында әртүрлі мамандық иелері мен әртүрлі ұлт өкілдері қоныс тебе бастады. Қазіргі таңда қалада көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ғарышты игеру мақсатында қызмет етуде. Қалада барлық тұрғындардың, әсіресе жастардың өсіп жетілуі мен жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Қала жастарының әр түрлі спорт секциялары мен үйірмелерге қатысуларына барлық мүмкіншіліктер қарастырылған. Қаланың табиғатын қарастыратын болсақ, қаланың территориясы Қазақстанның шөлейт және шөл зонасының аралығында орналасқан. Климаты шұғыл континентті, яғни қысы мен жазының айлық орташа температураларының, күндізгі және түнгі тәуліктік температураларының арасында үлкен айырмашылық байқалады. Жануарлары, мен өсімдіктері өте жұтаң. Бұл жерден тек қана шөлге бейімделген өсімдіктер мен жануарларды ғана байқауға болады. Сырдария өзенінің жағалауынан ғана өсімдіктер мен жануарлар мен өсімдік түрлерін көбірек ұшыратуға болады.