Дөңгелек және бағанды диаграммалар. Практикалық сабақ
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы
Көп бейінді №3 мектеп- гимназиясының математика
пәнінің мұғалімі Акитбаева Күлзипа Кәрімқызы
Өткізілген орны: «Көпсалалы №3 қазақ мектеп- гимназиясы» 5 «В» сыныбы
Математика пәні мұғалімі: Акитбаева Күлзипа Кәрімқызы
Экология пәні мұғалімі: Абилмажинова Асем Чаймуратқызы
Сабақтың тақырыбы: Адам денсаулығына қоршаған орта әсері. Дөңгелек және бағанды диаграммалар (практикалық сабақ).
Мақсаты: 1. Қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізер пайдасы мен зиянды жақтарын дөңгелек және бағанды диаграммаларда кескіндей отырып, өз беттерімен есеп шығаруда қолдана, салыстыра білуге жаттығады. 2. Диаграммаларды салу ережелерін ескере отырып, өз беттерімен бірлесе жұмыс жасайды, ойларын ортаға салады, тез есептеуге дағдыланады, экологиялық білімдерін қалыптастырады. 3. Топта жұмыс істейді, өз ойын еркін айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға үйренеді. Достық қарым- қатынастарын нығайтады.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Сабақ әдісі: Оқу және жазу арқылы сыни ойлау жобасы.
Қажетті материалдар: үлестірмелі карточкалар, мәтіндер, таблицалар, диаграммалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Топқа бөлу («Топқа бөлу» стратегиясы бойынша 5- топқа бөлінеді). Конвертке әртүрлі аурулардың аттары жазылған жетон салынады. Оқушылар жетонды ала отырып, сол ауруды емдеуші дәрігердің тобына барады (астма, бронхит,нефрит, дерматит, гипертония, холецистит, анемия, жүрек аурулары, гастрит т.б.)
1- топ. Тынысалу жүйесін емдеушілер.
2- топ. Асқорыту жүйесін емдеушілер.
3- топ. Қанайналым жүйесін емдеушілер.
4- топ. Эндокриндік жүйені емдеушілер.
5- топ. Тері және теріасты ауруларын емдеушілер.
2. Топ мүшелеріне сұрақтар таратылады, топта ойланып, талқылап, топтан бір оқушы шығып өз ойын айтады. Басқа топ мүшелері толықтырады.
Сұрақтар:
1) Адам денсаулығына қоршаған орта қалай әсер етеді- деп ойлайсыңдар? (1-2 топ).
2) Адам денсаулығына қоршаған ортаның әсерін дөңгелек және бағанды диаграмма тақырыбымен қалай байланыстыра алар едіңдер? (3-4 топ).
3) Өскемен қаласындағы қандай ірі кәсіпорындарды білесіңдер? (5- топ).
3. ББҮ- кестесін толтырады, топта талқылайды, мұғалім оқушылармен біріге отырып интерактивті тақтада «Білемін», «Білгім келеді» бөлігін толтырады.
| Білемін | Білгім келеді | Үйрендім | Білдім |
ІІ. Мағынаны ажырату.
- (Оқушыларға мәтін таратылады, топта «Бірлесе оқу» стратегиясы бойынша оқиды. Интерактивті тақтада аурулар тудыратын улы заттардың кестесі (№1 кесте) көрініп тұрады).
Мәтін:
Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Қазақстан жеріндегі экологиялық апаттың қауіп- қатеріне байланысты экология мәселесі көкейтесті проблемаға айналып отыр. Осыған орай «Қазақстан-2030» даму стартегиясында үздіксіз экологиялық білім беру ұсынылған. Бүгінгі таңда экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.
Адам- қоғам табиғат арасында өзара байланыс және тәуелділік бар. Қоғамның дамуына, өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың тұрпатына қарай адам мен табиғаттың өзара қатынасы үздіксіз өзгеріске ұшырайды. Адамның өндіруші іс- әрекеттерінің салдарынан ауа мен су бассейндері ластануда. Су ресурстары, орман алқаптары сиреп, қазба байлықтар қоры кеміп, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің саны азаюда. Осыдан барып Арал қасіреті, Семей полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы сияқты айналамыздағы қоршаған табиғатта экологиялық мәселелер туындады.
Табиғаттың денсаулыққа тигізетін маңызын әркім- ақ жақсы біледі. Біздер сол туған ортамыздың қасиетті жұпар иісті ауасын жұтамыз, мөлдір бұлағын ішіп, шөлімізді қандырамыз. Туған жер дегенде тұла бойында қаны қызбайтын, жүрегі елжіремейтін адам баласы бола қоймас. Біздер сол туған ортамыздың қасиетті жұпар иісті ауасын жұтып, суын ішіп отырған Өскемен қаласының экологиясы туралы неге айтпасқа. Қаламыз өнеркәсібі жоғары дамыған қалалардың біріне жатады. Бұл өндірістер «Қазақмырыш», «Өскемен жылу орталығы», «УМЗ», «ТМК», «Мұнайгазмаш» бірлестігі бірден- бір атмосфераны ластайтын өндірістер болып отыр. Дәлірек айтсақ Өскемен қорғасын- мырыш комбинаты бір жыл ішінде ауаға 1113 тонна қорғасын, 128 тонна мырыш, 66 тонна күкірт ангидридін шығарады. Титан магнии комбинаты бір тәулікте 2-3 тоннаға дейін хлорды, ал тәжірибелі қорғасын зауыты жылына 500-600 тонна күкіртті ауаға жібереді. Улылығы жағынан күкіртті ангидрид бірінші орында тұр.Соңғы жылдары қала ауасының ластаушысының біреуі автомобильдер бөлетін улы газдар ауаның ластануына бірден- бір себепші болып отыр. Облыстық МАЙ-дан алынған мәліметтер бойынша Өскемен қаласында 67 мың автомобиль бар. Бір жылда автомобиль 800кг көміртегі тотығы,200 кгкөміртегі бөлетінін ескерсек, онда Өскемен қаласын жыл сайын 67 мың тонна зиянды заттармен тек автомобильдер ластайды екен. Осындай ластанған ауаның құрамындағы улы заттар мен газдар адам денсаулығына кері әсерін тигізетіні белгілі. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
№1- кесте.
| № | Аурудың түрі | Ауаның ластану түрі |
| 1 | Темір дефициті анемиясы. | Қорғасын |
| 2 | Қан және қан тамыры органдарының аурулары. | Азот қышқылы |
| 3 | Вегетативті тамырлар дистониясы. | Шаң, қорғасын |
| 4 | Гипертония ауруы | Қорғасын |
| 5 | Ишемиялық жүрек ауруы | Қорғасын |
| 6 | Созылмалы бронхит | Қорғасын |
| 7 | Астма бронхиті | Қорғасын, күкіртті газ |
| 8 | Ішек- қарын жолдарының аурулары | Күкіртті газ |
| 9 | Холецистит | Көміртегі қышқылы |
| 10 | Пиелонефрит | қорғасын |
| 11 | Дерматиттер | Фосфорлы ангидрид |
| 12 | Ревматоид полиартриті | Фосфорлы ангидрид |
| 13 | Цистит, уретрит аллергоздар | Фтор сутегі |
Осыған орай соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында өнеркәсіп орындарында газ бен шаң жұтатын үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды, ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар ашылды. Транспорттық маршруттары неғұрлым шоғырланған жерлерді сирету, яғни орталықтағы автобус бағыттарын өзгеру керектігі ұсынуда. Сонымен бірге жүк тасымалдайтын транспорт түрлерін қаланың орталық көшелерінен жүргізу мейілінше қысқарған. «Жасыл ел» бағдарламасы негізінде Өскемен қаласындағы Сол жақ жағалауда көлемі70 га экологиялық парк ашылды. Халық арасында жасыл желекті «Қаланың өкпесі» деп текке айтпаған. Өскеменде көп қабатты үйлердің арасындағы ескірген ағаштарды кесіп, орнына жас ағаштарды отырғызуда. Зерттеулерге қарағанда әр түп ағаш тәулігіне екі адам тыныс алатын оттегін бөліп шығарады және әрқайсысы ауада кездесетін улы газдардың 70 пайызын бойына сіңіріп алатын көрінеді.
2. Тапсырма №1:
2004-2008 жылдар аралығындағы кесте бойынша Өскемен қаласының 1000 адамға шаққандағы ауру адамдардың санын көрсететін дөңгелек диаграммалар салыңдар. Интерактивті тақтада кесте көрсетіледі.
Кесте №2
| № | Аурулар түрлері | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
| 1 | Тынысалу жүйесінің аурулары | 455,7 | 346 | 360 | 398,4 | 390,5 |
| 2 | Асқорыту жүйесінің аурулары | 101,1 | 68 | 71,4 | 28,5 | 29,9 |
| 3 | Қанайналым жүйесінің аурулары | 171,4 | 95 | 100 | 15,9 | 16,6 |
| 4 | Эндокриндік жүйе аурулары | 94,2 | 45 | 52 | 14,5 | 14,8 |
| 5 | Тері, теріасты аурулары | 50,5 | 57 | 58 | 38,1 | 38,1 |
1- топ. Тынысалу жүйесінің аурулары бойынша.
2- топ. Асқорыту жүйесінің аурулары бойынша.
3- топ. Қанайналым жүйесінің аурулары бойынша.
4- топ. Эндокриндік жүйе аурулары бойынша.
5- топ. Тері және теріасты аурулары бойынша.
(Оқушылар дөңгелек диаграмманы салу ережесін пайдаланып салады, топта талқылайды. Әр топтан 1 оқушы шығып интерактивті тақтада салып көрсетіп, қорытынды жасайды. №1 кесте бойынша осы ауруды қандай улы заттар тудыратынын және біздің Өскеменнің жерінде кезіге ме?- деген сұраққа жауап береді).
Тапсырма №2:
№3,4 кесте бойынша ШҚО, Өскемен қаласының 200000 адамға шаққандағы балалар, жасөспірімдер, үлкен адамдардың ауруының санын көрсететін бағанды диаграмма көрсетіледі.
Кесте №3
| № | жылдар | 2007 | 2008 |
| 1 | Үлкендер | 60 | 60 |
| 2 | жасөспірімдер | 135 | 145 |
| 3 | балалар | 175 | 175 |
Кесте №4
| № | жылдар | 2007 | 2008 |
| 1 | Үлкендер | 50 | 52 |
| 2 | жасөспірімдер | 90 | 85 |
| 3 | балалар | 120 | 125 |
(Әр оқушы өз беттерімен дәптерлеріне кесте жасайды, талқылайды, ой бөліседі, қорытынды ойларын топтан 1 оқушы шығып айтады. 1-2 топ №3 кесте бойынша, 3-4-5 топ №4 кесте бойынша).
Тапсырма №3:
Енді өзіміздің Көпсалы №3 қазақ мектеп- гимназиясында жыл сайын 5-8 сынып оқушылары медициналық тексеруден өтеді. Осы тексеруден өткен 330 оқушының қандай аурулармен ауыратыны туралы алынған мәлімет бойынша интерактивті тақтада кесте көрсетіледі.
Кесте №5
| № | Аурудың түрлері | Оқушы саны | % есебімен |
| 1 | Көз аурулары |
47 |
1,4% |
| 2 | Жүрек қан тамырлары ауруы |
60 |
1,8% |
| 3 | Тонзиллит |
98 |
2,9% |
| 4 | Нерв жүйесі аурулары |
40 |
1,2% |
| 5 | Жалпақ табан |
67 |
2% |
| 6 | Скалиоз |
23 |
0,6% |
| 7 | Бүйрек аурулары |
17 |
0,5% |
| 8 | Тіс кариесі |
27 |
0,8% |
| 9 | Гастрит |
29 |
0,9% |
(Дөңгелек және бағанды диаграммалардың салу ережесін пайдаланып, салып көрсетеді. Топта ой бөліседі, қорытынды жасайды, ойларын оқушылардың қалауы бойынша кез- келген бір топ мүшелерінен сұралады, қалған топтардың мүшелері толықтырады).
Тапсырма №4:
Кесте №6 интерактивті тақтада көрсетіледі. Оқушылар бағанды диаграммаға қарай отырып, 2002-2006 жылдар арасындағы Өскемен қаласының 1000 адамға шаққандағы туу мен өлген адамдардың саны.
Кесте №6
| № | жылдар | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
| 1 | Туғандар | 10 | 11,6 | 12,3 | 12,8 | 14,2 | 14,6 |
| 2 | өлгендер | 12 | 23 | 12 | 12,3 | 12,8 | 12,9 |
(Оқушылар диаграмманы салыстырып, өз ойларын ортаға салады, 1 топ мүшесінен сұралады, қалғандары толықтырады).
ІІІ. Ой- толғаныс.
1. Дөңгелек және бағанды диаграммалардың толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыра кескіндеуде қазіргі кезде кез- келген мекемелерде көптеп қолданылатынын біледі және келешекте табиғат байлығын сақтауға, оны қорғау керек екендігін үйренеді.
ББҮ- кестесіне қайта оралып, қалған «Үйрендім», «Білдім» деген екі бөлігін оқушылар толтырады, бірлесе талқылайды. Мұғалім тақтада оқушылардан сұрай отырып, кестені толтырады, толықтырады.
2. Хат. (Оқушылар «Экобиоорталық», Өскемендегі ірі кәсіпорындардың басшыларына адам денсаулығына зиянды заттардың шығуына тосқауыл болатын шаралардың көптеп жасалуына байланысты сұраныс хатын жазады).
3. Қорытынды мұғалім сөзі: Алған экологиялық білімімізді достарымыздың және көпшіліктің арасында насихаттап, табиғатты қорғауға бағытталған қоғамға пайдалы еңбек етуімізге жұмсауымыз керек. Әр адам табиғат тазалығын бұзатындарға төзбестікпен қарап, табиғат байлығын, жердің жасыл жамылғысын сақтап және молайту саласындағы істерге белсенді түрде қатысуға міндетті. Италия халқының ұлы математик ғалымы Галилео Галилей (1564-1642): «Табиғат математика» тілімен сөйлейді, әрбір табиғаттың құбылысынан математикалық заңдарды шығарып алуға болады. Математика мен экология табиғатты қорғау проблемеларын үндесе отырып шешіп, математика ғылымы табиғатты адам игілігі үшін мәңгілікке сақтап қалуға көмектесетін болады- деген.
4. Бағалау. (Бағалау парағы бойынша топ басшысының және мұғалімнің ортақ келісімі бойынша қойылады).
| Бағалау деңгейі | Баға | |
| 1 | Сұрақтарға жауап беру | |
| 2 | ББҮ кестесін толтыру | |
| 3 | Диаграмманың дұрыс салынуы, салу, ереженің сақталуы | |
| 4 | Диаграмма бойынша кесте құру | |
| 5 | Диаграмма бойынша өз ойларын айта білу |
5. Үйге тапсырма:
1) Мектеп медбикесінен 5а,5б,5в,5г сынып оқушыларының денсаулығы туралы мәлімет алып, ауыратын және дені сау балалардың санын көрсететін бағанды және дөңгелек диаграмма жасап келу.
2) Эссе: «Табиғат- тіршілік көзі»
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы
Көп бейінді №3 мектеп- гимназиясының математика
пәнінің мұғалімі Акитбаева Күлзипа Кәрімқызы
Хобби: аулада гүл өсіргенді ұнатамын, өзім гүлдердің әр түрлерін өсіремін, келешекте оларды өсіру, күтіп – баптау туралы пайдалы кеңестер жинағын шығарғым келеді.
Педагогикалық ұстаным: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне дәнін сеуіп, нұр құятын тынышсыз, лаулаған жалын иесі», – дейді Ян Амос Каменский. Осы нақыл сөз ұстанымым.
Неліктен мектепте математика пәнінің мұғалімі болғым келеді:
1. Математикалық білім негізі қандай сала мамандары үшін де табыс кепілі екендігі өмірде дәлелденген. Осы қажетті білімді мектепте беріп оқушылардың логикалық ойын, шығармашылығын дамыту мен үшін үлкен қуаныш.
2. Дарынды оқушы – ұлт болашағы. Оқушы дарындылығының дамуы, ашылуы ұстаздың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Осы дарындылық көзін математика сабағы арқылы ашып, еліміздің ертеңіне қажетті ұл – қыздар тәрбиеленіп шығатынына көзім жетті.
