дене тәрбиесі.

Қызылорда облысы

Байқоныр қаласы

Ю . А.Гагарин атындағы

 № 8 орта мектебі.

   Дене шынықтыру  пән мұғалімі :

 Жанқуат Бақытбек

Сабақтың тақырыбы: Допты бір- біріне беру әдістері.

 

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:      Оқушыларды тақырып бойынша

білімдерін жетілдіріп, бір орында допты берудің әр түрлі жағдайда

және қозғалыста берудің,лақтырудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

                                 2. Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын нығайту,

қимыл-қозғалыс дағдысын жетілдіру,

пәнге қызығушылығын арттыру.

 

3. Тәрбиелік мәні:  Оқушылардың берілген тапсырма

бойынша жатығуларды ұқыпты, өз

мәнінде жасауға, ептілікке,

жылдамдыққа, күштілікке,

шыдамдылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:         Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі:         Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі:         Практикалық жұмыс.

 

Құрал-жабдықтар:   Баскетбол доптары, секундомер, ысқырық.

 

Өтілетін орыны,

сыныбы, уақыты:        Спорт зал. 8 «е»сыныбы, 2 кезек сағат 15 15 30.01.09

 

Сабақтың барысы:  1. Дайындық бөлім.

  1. Негізгі бөлім.
  2. Қорытынды бөлім.

 

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі:    Жанқуат Б.М.

 

 

№

 

Сабақтың мазмұны

 

 

Уақыты

 

Әдістемелік нұскаулар

 

 

1

I Дайындық бөлім

 

Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың тақырыбын айту, мақсатын түсіндіру. Оңға, солға, кері бұрылу.

 

 

 

14 мин

2 мин

 

 

Ара қашықтықты                   сақтау, дұрыс бұрылуына назар аудару.

2

Жүріп келе жатқанда орындалатын жаттығулар

 

а) қол жоғарыда, аяқтың ұшымен

ә) қол желкеде, өкшемен

б) қол белде, жартылай отырып

в) қол тізеде, толық отырып және секіріп

 

1 мин

10-15 м

10-15 м

10-15 м

10-15 м

 

 

 

 

 

 

Шынтақты бүкпеу.

Денені түзу ұстау.

Кеудені көтеру

Тура алға қарау, басты көтеру.

3

III  Жүгіріп  келе жатқанда орындалатын жаттығулар

а) қол белде, оң және сол

жақпен жүгіру.

 

ә) қол белде, тізені жоғары сермеп жүгіру.

 

б) қол желкеде аяқты артқа сермеп жүгіру.

 

в) қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру.

г) жылан тәрізді ирелеңдеп жүгіру.

д) ысқырық бойынша тоқтап қалып, кері бұрылу арқылы жүгіру.

 

е) бұрыштан – бұрышқа жылдамдыққа жүгіру.

 

ж) демді басып жүру

6 мин

15-20 м

15-20 м

15-20 м

15-20 м

50-60 м

20-25 м

30-40 м

20-25 м

 

 

 

 

 

 

Қол белде, ара қашықтық сақтау.

 

Кеудені тік ұстау.

 

 

Қолдың арасын қоспау.

 

 

Тізені бүкпеу, барынша жоғары секіру.

 

Қатарды бұзбау.

 

 

Команданы тыңда, ара қашықтық сақтау.

 

 

Жылдам жүгіреміз.

 

 

Ара қашықтық сақтау

4

IV Бір орында орындалатын жаттығулар

 

а) Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде, санақ бойынша, басты 1-4 оңға,1- 4солға айналдырамыз.

 

 

ә) Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғарыда, сол төменде с.б. 1-2 қолымызды артқа жазамыз, 3-4 қолымызды ауыстырамыз.

б) Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, қол желкеде  с.б. 1-2 кеудемізді оңға, 3-4 кеудемізді солға бұрамыз.

в) Б.Қ. аяқ иық деңгейінен алшақ, саусақтарымызды айқастырып, қолды алға созамыз, с.б 1-кеудемізді оңға 2-кеудемізді солға бұрамыз, 3-еңкейеміз, еденге тигіземіз, 4- тұрамыз.

г) Б.Қ. аяқ иық деңгейінде қол белде, белді  1-4 оңға айналдырамыз, 1-4 солға айналдырамыз.

д) Б.Қ. аяқ иық деңгейінен алшақ, қол белде с.б 1-оң аяққа отырамыз, 2- Б.Қ, 3- сол аяққа отырамыз, 4- Б.Қ.

е) Б.Қ.Н.Т қол желкеде  10-рет толық отырып тұру, 10-рет өкшені көтеру.

ж) Б.Қ.Н.Т. қол кеуде тұсында оң аяқпен 10 рет, сол аяқпен 10 рет, қос аяқпен биік 10 рет.

з) Б.Қ.  аяқ иық деңгейінде қолды жоғары көтереміз, аяқтың ұшына көтерілеміз, терең демаламыз, қолды еркін тастаймыз.

 

5 мин

4-6 рет

4-6 рет

4-6 рет

3-4 рет

4-6 рет

3-4 рет

1 рет

1 рет

1 рет

 

 

 

 

 

 

Денені түзу ұстау. Аяқты иық белдеуімен бірдей алшақ қою.

 

 

 

Қолды түзу ұстау. Шынтақты бүкпеу.

 

 

 

Денені түзу ұстау.

 

 

 

Қолды түзу ұстау

Тізені бүкпеу

Аяқты алшақ ұстау.

 

 

 

 

Қол белде,бас орында, белді айналдырамыз.

 

 

Барлығы бірдей жасау.

 

 

 

Қолды желкеден жібермеу.

 

Биік секіреміз.

 

 

Демаламыз дем шығарамыз.

5

II Негізгі бөлім

 

1) Допты бір-біріне беру

әдістері.

 

а) Допты кеуде тұсынан екі

қолмен  бір орында беру және

қағып алу.

 

б) Допты кеуде тұсынан екі қолмен, қозғалыста орын ауыстыра беру, қағып алу.

 

в) Допты жоғарыдан оң және сол қолмен иықтан беру және қағып алу.

 

г) Допты жоғарыдан оң және сол қолмен иықтан, қозғалыста орын ауыстыра беру, қағып алу.

 

д) Допты кеуде тұсынан бір

    орында еденге ұрып беру,

қағып алу

е) Допты кеуде тұсынан

қозғалыста орын ауыстыра

еденге ұрып беру, қағып алу.

 

и) Үшеуара сегіз жасап,

қозғалыста орын ауыстыра

арқылы, кеуде тұсынан екі қол

мен беру, қағып алу.

 

3)Қозғалмалы ойын «Допқа таласу»

(2-сурет)

 

Ойыншылар тең екі топқа бөлініп, алаңның шетіне қарама-қарсы сапқа тұрады. Бір топ қалқаншаның оң жағында екіншісі сол жағында. Ойыншылардың арасы 8-9 см ойыншыларға санақ арқылы нөмір беріледі. Басқарушы допты қалқаншаға лақтырып, кез-келген нөмірді атайды осы кезде екі топтағы аталған нөмірлі ойыншылар қалқаншаға соғып ұшқан допқа жүгіреді. Допқа бірінші жеткен ойыншы айдап келіп себетке тастайды. Ал доптан айырылып қалған ойыншы қалқаншаның алдына жүгіріп келіп, қарсыласына кедергі жасайды.Допты лақтырған ойыншы себетке түсірсе

2 ұпайға, түсіре алмаса

1 ұпайға ие болады. Ойын осылай жалғасады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

 

4) Қарапайым ережемен

2 топқа бөлініп баскетбол ойнау.

 

 

 

 

 

26 мин

1 мин

30 сек

 

 

2 мин

1 мин

30 сек

2 мин

1 мин

30 сек

2 мин

1 мин

30 сек

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ара қашытық сақтау.

Допты әуелете беру.

 

 

Екі қолмен беру.

Саусақтарды ашып қағу.

Доппен жүгірмеу

 

Допты жоғарылата беру.

Иықпен жұмыс істеу.

 

 

Доптарды түсіріп алмау.

Қапталмен адымдап жүгіру.

 

 

Допты ыршыта ұрғанда әріптесіне дәл жеткізіп беру.

 

Иықпен жұмыс істеу.

Себетке допты тізені бүгіп секіріп тастау.

 

Жылдам орын ауыстыру.

Саусақтарын қайырып алмау.

Соқтығысып қалмау.

 

2-сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–         басқарушы

–         әр түрлі топ

–         доп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ысқырықты тыңдау.

Ережені сақтау.

Мұғалімнің ақыл, кеңесіне назар аудару.6

III Қорытынды бөлім

 

Сапқа тұру .Аңғарымдылыққа байланысты, ой сергіту ойыны «Көз, мұрын, ауыз» ойыны.Өтілген сабақты қысқаша шолып өту. Оқушылардың еңбегіне қарай атап өту және бағалау, Үйге тапсырма беру.

Қоштасу.

 

 

 

 

5 мин

 

 

Үйге тапсырма беру, оқушыларды қателіктерін айту, көрсету.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше