Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы ГКС-12 орта мектеп
дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ахметов Мирас Жадырасынұлы
Пәні: Дене тәрбиесі Пән мұғалімі: Ахметов Мирас Жадырасынұлы
Өтілетін сыныбы: 10– сынып. Өтілетін мерзімі: 12.10.2011ж
Сабақтың тақырыбы: Ұзыннан қойылған ағашаттан қолды тірей секіру.
Сабақ мақсаты: а) теориялық: гимнастика сабағының мазмұндылығы мен ерекшіліктерін көрсету жетілдіре үйрету. б) дамытушылық: оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын, ептілік пен икемділікті, күштілік қасиеттерін қалыптастыру. в) тәрбиелік: спортқа деген қызығушылығын арттыру, икемділікке, ептілікке, салауатты өмір салтын сақтауға баулу.
Кіріспе (дайындық) бөлімі |
17 мин | ||
| 1 | Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары | 2 мин
|
Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау. |
| 2 | Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
Алға жүру: 1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру 2.Қол белде өкшемен жүру. 3.Қол желкеде жартылай отыр жүру. 4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру. |
5 мин |
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау. Жоғары секіру. |
| 3 | Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:
1.Жеңіл жүгіріс 2.Тізені алға көтеріп жүгіру. 3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. 4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру. 6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру. |
10 мин |
Ара-қашықтық сақтау. Тізені алақанға тигізу. Аяқты алақанға жеткізу. Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру. |
Негізгі бөлім |
25 мин | ||
| 1 .Ағаш аттан секіру кезіндегі қауіпіздік ережесі
2.Көлденеңнен қойылған ағашаттан секірту. 3.Қиғаш қойылған ағашаттан секірту 4.Ұзыннан қойылған ағашаттан секірту. ДҰРЫС СЕКІРУ ҮЛГІСІ
|
2 мин
7 мин 6мин 10 мин |
1.Секіру кезінде төсеніштің дұрыс орналасауын қадағалау
2.Секіргенде аяқтын арасының ашылуын қадағалау. 3.Оқушылардың дұрыс жерге қонуына назар аудару. |
|
Қорытынды бөлім |
|||
|
1. Сапқа тұрғызу .
2. Қорытынды жасау, бағалау.
3. Ұйымдастырып қайтару. |
3 мин |








