Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Жем қаласы.№5 Жем орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті і мұғалімі
Қожахметова Айнур Самухановна
Сабақтың мақсаты:
1) Абай шығармашылығынан алған білімдерін тексеру, сыни тұрғысынан ойлау арқылы пысықтау, әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білім бере отырып, басқа өнер түрлерінен айырмашылықтарын айыра білуге үйрету;
2) Оқушылардың байқампаздығын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу.
3) Табиғат пен адам, жалпы тіршілік атаулының тұтастығын түсіндіре отырып, оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, отанды, туған жерді сүюге табиғатты қорғауға, қолдауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кубик, презентациялар.
Сабақтың түрі: өткен тақырыпты пысықтау.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті
Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық, іс-әрекет
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау, кубизм әдісі. проблемалық баяндау, зерттеушілік әрекет.
Тақырыпты толық ашу үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары:
І. Ой шақыру
ІІ. Топтастыру
ІІІ. Кубизм
ІV. Еркін жауап
V. Ой толғаныс
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 4 топқа бөлу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Қызығушылықты ояту сатысы: ой шақыру, оқушылар зейінін интерактивті тақтаға аудару.
Қәзіргі сәттен бастап Абай шығармаларын қаншалықты білетіндіктеріңді көрсетейік. Ендеше осы сөзді таратып айтайық.
Топтастыру әдісі: оқушы жаңа идеяларды жинақтап, бір-бірімен сабақтастырады және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Кубизм: тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің алты қыры бар. 1. Суреттеңіз. 2. Салыстырыңыз. 3. Зерттеңіз. 4. Қолданыңыз.5. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді? 6. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз
Суреттеңіз(5 минут) | Зерттеңіз(4-5 минут) | Салыстырыңыз(4-5 минут) | Қолданыңыз(4-5 минут) | Қолданыңызне қарсы шығыңыз | Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді? | |
Абай-сазгер | Кубиктің осы беті түскен сәтте Абайдың Абайдың өмірі мен шығармашылығын, қарасөздері мен сазгерлігін тірек-сызба арқылы түсіндіреді | |||||
Абай-аудармашы | Ақынның өмірін, сазгерлігін, қарасөздерін зерттейді | |||||
Абай-қарасөз шебері | Ақын өлеңдерін басқа ақынмен салыстыру. Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі. | Қарасөздерінің ерекшелігі. Қазақ тілінде, кітаби түркі, дін, т.б. | ||||
Абай-дана,Абай- дарақазақта | Ақындығын талдау, яғни ақын өлеңдерін, қарасөздерін жатқа айту | Ақын өлеңдерінОқыған кезде сол заманның қиын жағдайы көз алдымызға елестейді |
Біз бүгін төрт топпен жұмыс істейміз.
- Абай-аудармашы. 2. Абай-сазгер. 3. Абай- қарасөз шебері. 4. Абай-дана, Абай-дара қазақта.
Әр топтың өзінің алдына қойылған мақсаты мен міндеті бар. Енді соларды жүзеге асырайық.
Балалар, ұлы Абай қазақ халқын етектен алған кеселдерді жоюдың тамаша бір амалын ойлап тапты. Ол халықты ояту үшін орыс әдебиетіне жүгініп, аударма жасау дәстүрін дүниеге әкелді.
ІV топ мүшелері «Абай-шебер аудармашы» деген тақырыпты қорғайды. Абай өлеңдері- құты қашпас қазына, аудармасы- осының айғағы. Жақсы аударма халық пен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады.
ІІІ топ. «Абай-дана, Абай-дара қазақта»
Абай біртуар ұлы ақын емес, кемел ойлы ғалым, кенен дарынды жазушы, терең білімді тарихшы, әуез әлемін жаңғыртқан сазгер, құқық қағидасын қалыптастырған заңгер, халық қамын жеген қайраткер, яғни сегіз қырлы, бір сырлы бітімі бөлек тұлға.
І топ. «Абай қарасөздері»
Абай қарасөздері- Абайдың философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық зертханасын ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.
ІІ топ. «Абай-сазгер»
Абай атамыз ән жазған. Абайдың музыкалық мұрасын зерттеуде інісі Ысқақтың баласы Архамның үлесі зор. 1935 жылы Латиф Хамиди екеуі реттеп шығарады. 1983 жылы Ғайси Сармурзиннің орындауымен Уәли Бекенов «Торы жорға», «Май түні» күйлерін нотаға түсіреді. 1957 жылы «Желдірмесі» Хамза Демейсіновтің орындауымен қағазға түсіріледі.
Абай қазақ халқының рухани әлемін өзінің терең мағыналы әрі әуендік құрылымы жағынан мүлдем тосын ырғаққа құрылған романстық сипаттағы әндерімен де байытты. Ол Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның әндерін жоғары бағалады. Ақын музыка өнеріне аса қатты зейін қойып, оған қатты талап та қоя білген.
ІІІ топ. Ой толғаныс сатысы.
Шығармашылық деңгей.
Бұл кезеңде әр оқушы өздерінің Абай шығармашылығына байланысты ойға түйгендерін байқатты. Бір оқушы «Байға арнау» атты өлеңін оқыды, келесі бір оқушы шығармасын, ал үшінші оқушы «Абай атаға хат» жазған.
Сабақты қорытындылау. Қалыптасқан білім, білік дағдыларын тексеру және жүйелеу. Абай мұрасы- адамзаттың ғұмыр бойы игеріп түйсіне түсетін тұтасқан ғажайып бір әлемі. Абай мұраларын парасатты ой, зерделі санамен оқып үйрену- біздің қасиетті парызымыз. Бақылау, бағалау кезеңі. Оқушылардың зерттеу жұмысын, сабақтағы жауаптарын бағалау: 1) жоғары білім деңгейі; 2) ортада өзін-өзі еркін ұстауы; 3) өз ойын фактілермен дәлелдеуі; 4) өзінің және өзгенің ойын қорыту шеберлігі; 5) кілттік ұғымды табу шеберлігі.
Үйге тапсырма: «Абай- қазақ поэзиясының асқар биігі» тақырыбына шығарма жазуға дайындалып келу.Қазіргі заман ұрпақтары Абайды оқу арқылы өзінің жоғын түгендейді. Абайды оқи алмаған, оны көңіліне тоқи алмаған адамды рухани аш, жүдеу жан деп есептеуге болады. Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі айтқан ұлы Абай жалынды жырларымен бізбен бірге жасап келеді.