«Аралдағы саяхат» сайысы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Жем қаласы.№5 Жем орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Рысмағанбетова Айгүл Дүйсеновна
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар.
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.
Сайыстың өту барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар,ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Аралдағы саяхат» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл сайысқа 1-4 сынып оқушылары қатысқалы тұр.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік.
1 сынып оқушылары – «Ақпарат» тобы
2 сынып оқушылары – «Компьютер» тобы
3 сынып оқушылары – «Информатика» тобы
4 сынып оқушылары – «Алгоритм » тобы
Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.
«Ақпарат» тобы
«Компьютер» тобы
«Информатика» тобы
«Алгоритм» тобы
Таулардың тапсырмасы:
«Ақпарат»тобы. Қоршаған ортадан ақпаратты қалау аламыз?
Көру- Көзімізбен көру арқылы
Есту- Құлағымызбен есту арқылы
Иіс сезу – Мұрнымызбен иіс сезу арқылы
Дәм сезу – Тілімізбен дәм сезу арқылы
Сипап сезу – Қолымызбен сипап сезу арқылы
«Компьютер» тобы «Емес» сөзді пайдаланып терістеуді тап
Тәтті алма – теті емес ащы алма
Жай жүретін ұлу – жай емес тез жүретін қоян
Биік тау – биік емес аласа тау
Ыстыө шай – ыстық мес суық шай
«Информатика» тобы. Нысандар жиынын тап.
Балабақша- балалар жиыны
Сынып – оқушылар жиыны
Бақша – Көкөністер жиыны
Кітапхана – кітаптар жиыны
«Алгоритм» тобы. Кері әрекетті тап
Отыру – тұру
Ашу – жабу
Кабинеттен шығу – кабинетке кіру
Ақпаратты енгізу – ақпаратты шығару
Көлдің тапсырмасы: Көлдегі балықтарды қармақпен аулап, балықтардың бауырында жазылған жұмбақтарды шешу керек.
Әр топқа әріп беріледі, сол әріптерден информатикаға қатысты сөз тауып жазу
Тастардың тапсырмасы: Сөздерді құрастыр
Өзеннің тапсырмасы. Өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал ағада тұрған екі қайық әріптерден құралған арқанмен байланып жатыр, арқанды шешу үшін ақпараттық мәдениет негіздері пәніне осы уақытқа дейін өткен тақырыптарымызды табуымыз керек.
1 СЫНЫП
- МОНИТ_Р
- ТЫШ_АН
- ПРОЦ_ССОР
2 СЫНЫП
АҚИҚАТЖАЛҒАНТҰЖЫРЫМДАРКОМПЬЮТЕРҚҰРЫЛҒЫСЫАҚПАРАТТАРАҒЫНЫГРАФИКАЛЫҚРЕДАКТОР
3 СЫНЫП
НЫСАНДАР БҰТАҚТАР ГРАФТАР КОМБИНАТОРИКА КООРДИНАТТЫҚ ЖАЗЫҚТЫҚ АҚПАРАТТЫ КОДТАУ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ
4 СЫНЫП
ЖИЫНДАР АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕР ТҮРЛІ ӘРЕКЕТТЕР ТІЗБЕКТЕР АЛГОРИТМДЕР СЫЗЫҚТЫҚ АЛГОРИТМ ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕР ЦИКЛДІК АЛГОРИТМДЕР
Батпақты жердің тапсырмасы: екі топқа 10 сұрақ қойылады, яғни әр сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап қайтару керек, «иә» деп ойласаңыз «иә» деген орындыққа, «жоқ» деп ойласаңыз «жоқ» деген орындыққа отыруыңыз керек. Әр топ мүшелері кезекпен жауап береді
Құстардың тапсырмасы:
«Ақпарат» тобы
«Компьютер» тобы
«Информатика» тобы
Аңдардың тапсырмасы: Әр топқа информатикаға қатысты суреттер жасырылынады, сол жасырылған суретті әр топ табады
Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шықрайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер.
(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).
Жүргізуші: Осымен бүгінгі интеллектуалдық олимпиадамыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
