Қазақ тілі: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Рита МУРЗАҒАЛИЕВА, Ақтөбе қаласы,№39 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

 

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту, ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу.

Сабақтың түрі: зияткерлік ойын үлгісінде.

Көрнекілік: интерактивті тақта.

 

Барысы:

Жүргізуші: « Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында » демекші,сендер сол болашаққа бүгінгі  білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымызға 10 оқушы қатысып отыр.

Ойынға қатысушы оқушыларымызбен таныс болайық.(Ойынға қатысушылар өздерін таныстырып өтеді). Енді біздің ойынымызды бақылап, сараптап отыратын әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

3.

Олай болса, интеллектуалды шоу мынадай турлардан тұрады:

І тур «Бәйге».

ІІ тур «Тапқырлық».

ІІІ тур «Жорға».

ІҮ тур «Полиглот».

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие-тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға – сол алда

деп, бірінші айналым «Бәйге». Олай болса іске сәт!

Бұл турда тез, әрі жылдам жауап берген ойыншымыз әр сұраққа 10 ұпайдан алады. Ендеше «Бәйге» сұрақтары:

1. Дауысты дыбыс нешеу?  ( 9 )

2. Тілдің ең негізгі қызметі?  (Сөйлесу,қарым-қатынас жасау құралы)

3. «Еңбек түбі-береке» мақал ма, мәтел ме? (Мақал)

4. Эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс?  ( Дисфемизм)

5. Қасиетті құранда неше сүре бар?  ( 114 сүре )

6. Адам атаның шын аты?  ( Сапиолла )

7. Мәтін нені білдіреді?  ( «Байланысу,бірігу» )

8. Шалға қарағанда балада не көп? (а дыбысы)

9. Тарихи сөздер мен архаизмді не дейміз? (Көнерген сөздер)

10.Фонетика нені зерттейді?  (Тіл білімінің дыбыстық жағын)

11. «Әдебиет» қай халықтың сөзі? (Араб)

12. Ер Төстіктің әкесі кім?  (Ерназар)

13. Құранды толық меңгерген адамды кім дейді? (иман)

14. Жиренше шешеннің сүйген жары,ақылшысы кім?  (Қарашаш)

15. С – қандай дауыссыз дыбыс? ( қатаң дауыссыз дыбыс)

Келесі турымыз «Тапқырлық» деп аталады.

Бұл бөлімде тұрақты тіркестерді оқимын,соның қандай мағына беретінін бір сөзбен атау керек.

1. Жұмған аузын ашпау.  (сөйлемеу)

2. Тонның ішкі бауындай.  (өте жақын,өз адамындай)

3. Бетінен оты шықты.  (ұялу)

4. Бармағын тістеді.  (өкіну)

5. Ит арқасы қиянда.  (алыс)

6. Қырық пышақ .  (араздасқан)

7. Төбе шашы тік тұрды.  (қорықты)

8. Түн ұйқысын төрт бөлу.  (ұйықтамау)

9. Ауыз жаласу.  (жақтау,болысу)

10. Қой аузынан шөп алмас.  (момын)

Музыкалық номер. (ән) Қосжанова Зайтуна мен Бекбол Шырынның орныдауында Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай».

Жүргізуші: Бүлкілдеп, құрбым,жорғадай майда шабыспен

Озып келерсің, күтеді сені қауым ел!

Құлагеріндей сері атамыз Ақанның,

Оқ атар жан жоқ,

Алды боп,құрбым,шауып кел! деп, келесі тур «Жорға» деп аталады. Бұл турда әр сұраққа жауап берген оқушы 20 ұпайдан алады.

1. Аллегория дегеніміз не?

а) Жансызға жан біту.      ә) Адам іс-әрекетін жануарлар арқылы беру.

б) Табиғатты суреттеу.

2. «Өгіз бен Бақа» мысалында қандай мінезді сынайды?

а) жалқаулық         ә) сараңдық                   б) мақтаншақтық

3. Ұлт-азаттық қозғалыс басшыларының бірі,ақын кім?

а) Исатай                    ә) А.Байтұрсынов        б) Махамбет

4. Халқына жайлы қоныс-Жиделібайсынды іздеген кім?

а) Асан қайғы            ә) Жамбыл                     б) Өтеген батыр

5. Алла Адам атаны неден жаратты?

а) Оттан                    ә) Балшықтан                   б) Ауадан

6. «Дүние де-өзі, мал да-өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз…» кімнің өлеңі?

а) Ы.Алтынсарин        ә) М.Жұмабаев             б) А.Құнанбаев

7. «Толағай» ертегісі қандай ертегі?

а) әдеби                        ә) қиял-ғажайып          б) халық

8. Әдебиетте табиғат құбылыстарын жандандырып кісі кейпінде

суреттеуді не дейді?

а) аллегория                ә) кейіптеу                    б) пейзаж

9. Жаралы болған ақсақ киікке жаны ашып,өлең арнаған кім?

а) С.Сейфуллин          ә) И.Байзақов              б) І.Жансүгіров

10. Абайға бата берген ақын қонақ кім?

а) Байкөкше                ә) Барлас ақын             б) Дулат ақын

 

Соңғы айналымға да келіп жеттік. Келесі ІҮ тур «Полиглот»

Мақал – мәтелдер беріледі,оның ішінде жасырылған сөзді

қазақ, орыс, ағылшын тілінде тауып айту керек. Олай болса іске сәт!

1. Бірлігі жарасқан … бұзылмас.  (ел-страна-соuntry)

2. Татулық – табылмас …     (бақыт-счастье-happiness)

3. … – ұлы қару          (сөз-слова-word)

4. Адамды … үйретеді, үйренбесе күйретеді.  (өмір-жизнь-live)

5. Адал … аздырмас, арамдық бойды жаздырмас.  (еңбек-трудь-work)

6. Тіл тас жарады,тас жармаса… жарады. (бас-голова-head)

7. Өнер алды – қызыл… (тіл-язык-language)

8. Сөз сүйектен өтеді,таяқ…өтеді. (ет-мясо-meat)

9-сынып оқушысы Нұрғазина Арайлымды өз шығармашылығынан-өлеңін оқуға шақырамын.

Жүргізуші: Әділқазыларға сөз беріледі. (марапаттау).

Қорытынды.

Бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті.

Тіл туралы айтылатын сыр да, жазылатын жыр да ешқашан таусылмайды, сол сырлар мен жырларды оқушылар жүрегіне дөп басып сіңіріп жатырмыз ба?! «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген сөздерді тек қағазға емес, көкірегімізге жаза білейік! Сонда ғана тіліміздің, еліміздің мерейі көтеріледі. Жастарымызды ұлттық рухта тіл арқылы тәрбиелей берейік, құрметті әріптестер! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Кездескенше күн жақсы болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше