Қазақ тілі: Сөз таптары. Зат есім.

Рита МУРЗАҒАЛИЕВА, Ақтөбе қаласы,№39 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

І. Сабақтың тақырыбы: Сөз  таптары. Зат есім.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – зат есім туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

2. Дамытушылық – түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту; сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

3. Тәрбиелік – ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабағы

Сабақтың типі: жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан  ойлау стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: тарих, қоршаған орта.

Сабақтың көрнекілігі: сызба.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. (оқушыларды бірден төртке дейін санай отырып, 4 топқа бөліп отырғызамын, топтар: «Көл», «Өзен», « Тау», «Теңіз»).
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Қайталау сұрақтарын қою арқылы өткен сабақта алған білімдерің тексеру.

  1. Сөз таптарын ата.
  2. Атауыш, көмекші, одағай сөз дегеніміз не?
  3. Төмендегі сызбаны толтыр.

Сөз

табы

1

2

9

8

6

3

7

5

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 116-жаттығу тексерілді

ІІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі.

1.   «Ой шақыру» мақсатында топта отырған әр оқушы зат атауларын жазады.

2. Жұптасып жазған мысалдарын бір-біріне оқып, толықтырады.

3. Топқа әр жұптан бір оқушы өз мысалдарын оқиды.

4. Әр топтан бір оқушы топтың ортақ келісілген мысалдарын класқа оқиды. Мұғалім тізбектеп оқушылардың мысалдарын тақтаға жазады.

 

Зат атаулары.

Мектеп                                            ата-ана

Кітап                                               әнші

Мемлекет                                        бөлме

Қалам

ІV. Мағына ашу кезеңі.

1. Тізбектегі мысалдарды топтастырамыз.

Жалқы, жалпы зат есімнің ережесін оқушылармен бірге отырып шығарамыз.

№37 ОМ

Зат

есім

жалқы

жалпы

кітап

ата-ана

«Абай жолы»

роман-эпопеясы

Айым

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  Таблица толтырады.

Жеке заттарға атау жалқы есім Ұқсас, жалпы заттарға

берілген атау жалпы есім

дара күрделі дара күрделі
Ақтөбе Қазақстан Республикасы қала ата-ана

 

1. Артық сөзді көрсетіңіз.

А) Қойшы, айлық, білім, құс.

Ә) Белбеу, азық-түлік, Сарысу, парасат.

Б) Әсем, Қайрат, Арман, доп.

2. Толықтырыңыз.

А) Күз: республика күні.., қыс ……

Ә) Композитор: нота:, суретші ……

Б) Рим: Италия:, Варшава:….

В) Тіс: шайнау:. өкпе:…..

V. Ой толғаныс кезеңі.

Эссе жазады.

 

«Мен – зат есіммін»

Сабақты қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап жазып келу тапсырылады.

1. Сенің жолдастарың кімдер?

2. Қандай газет, журнал, кітап оқисың?

3. Қандай өзен, көл, теңіз аттарын білесің?

4. Қандай ірі қалаларды білесің?

5. Сіздің үйде кімдер тұрады? Олардың аты-жөнін толық жазып көрсет.

 

Оқушылардың білімін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше