Без рубрики

Ғасырлық өміріңді ойласаң,онда бала тәрбиеле. /ата-аналармен/

Ақтөбе облысы   Шалқар ауданы  Қауылжыр ауылы  ГКС-12 орта мектебі  өзін-өзі тану пәні мұғалімі  Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

І .Топпен жұмыс: Ғасырлық өміріңді ойласаң,онда бала тәрбиеле. /ата-аналармен/

ІІ. «Сөйлемді аяқтау»педагогикалық –психалогиялық әдіс

Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыру,бала тәрбиесіндегі түсінігін қалыптастыру,байланысты күшейту.

Көрнекілігі:интербелсенді тақтаныйдалану

Қатысқан ата-ана:32
Ата-аналарды 3 топқа бөлу.
Жетекші –сынып жетекшілер:

І топпен жұмыс

І топ
Баланы көп еркелетесіз.Қолынан іс келсе де әдейі жұмыс істемейді.Ондайда сіздің әрекетіңіз.

ІІ топ
Балаға қаттырақ қарауға қорықпаңыз.Бұл баланың өз орнын таба білуіне мүмкіндік беріңіз.Сіз бұған қалай қарайсыз?

ІІІ топ.
Баланың алдына түсіп қолынан келетін ісін де өзіңіз орындайсыз.Бала күтуші ретінде пайдаланады.Сіздің ойыңыз қандай?

Топтар өзара ақылдасып ойларын ортаға салу.
Қорытынды:Балаға ненің не екенін айыра білуге дағдыландыру.Алдына түспеу ,талап қоя білу және оның орындалуын қадағалау.Тура сөйлеуге үйрету.Балаға сенім арту,дос,сырлас бола білу,үнемі сыр бөлісіп отыруға дағдылану,балаға уақыт бөлу.
ІІ.Педагогикалық-психологиялық әдіс.
І топ.
Егер баланы үнемі сынап отырса,…

Балаға үнемі күлсе,…

Баланы қолдап отырса,…
ІІ топ.
Баланы үнемі тежеп отырса,…

Бала төзімділікте өссе,…

Бала қауіпсіз жағдайда өссе,…
ІІІ топ.
Бала кемшілікте өссе,…

Бала адалдықта өссе,…

Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе,…

Әр топ ойларын тыңдау.
І топ. ІІ топ ІІІ топ

Қорытынды:

1.Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле
Бабалар өсиетінен.

2.Балаға берілген дұрысс тәрбие-бұл бақытты қарттық,нашар тәрбие-біздің болашақтағы сорымыз,біздің көзжасымыз.
А.С.Макаренко.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.