Еліміздің рәміздері – мақтанышымыз!
Туреева Шнар Есаманқызы
Қобда қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Еліміздің рәміздері – мақтанышымыз!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру.
Мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ,оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру.Отанды сүюге еліміздің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу , көрнекілік .
Сабақ барысы:
М: Мемлекеттік рәміздер дегеніміз не?
О: Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдіңөзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман –аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
М: 1992 жылдың 4-маусымы-тарихи күн. Мемлекеттік рәміздерді сол кездегі ең Жоғарғы Үкімет орны ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі бекітті.
Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Тарихшы: ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған арқау болып тұрған-шаңырақ. Ол Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Шаңырақ бейнесі-бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірінің нышаны. Шаңырақ шын мәнінде күннің қозғалысын, жылдамдығын көрсететін дала сағаты. Шаңырақтағы белгілерге қарап, қазақтар күн мезгілін айқындаған. Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.
Суретші.: Қазақта «Ат-адамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар-дала пырағы оның көзге ілеспес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Тұлпар – Күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы. Айрықша күш- қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің иесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кеңінен тараған образ. Ол – биік арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлылықпен, қайраттылықтың нышаны.
Желмаядай жүйрік тұлпар уақыт пен кеңістікті жалғастырады. Діни түсінік бойынша, киелі пырақ адамды тәңірлер мекені аспанмен байланыстырады. Ол мәңгіліктің белгісі, ал Елтаңбадағы қыран қанатты, ай мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін,рухани байлығын, өсіп-өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді.
Тарихшы.: Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекеткеде қажет. Бізде өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болуына әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа же Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз, Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтатын халқымыздың «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Мемлекеттік Ту – 4 – маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Тудың ұзындығы – 2метр, ені -1 метр. Авторы –суретші Шәкен Ниязбеков.
Көк байрақ –Туымыз-халқымыздың қасиетті киелі белгісі. Ертеден-ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде, «Уа, аруақ,қолда» деп туды елдің киелі белгісі деп таныған. Сол байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалды. Туымыздың аспан түстес көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн –халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр, алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс- ерлік белгісі. Кеңпейілді, кеңістігі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр. Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын қырандай түлегі болу- зор бақыт.
Мемлекеттік Әнұранды алғашқы жолы ақындарымызМ.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева жазған. 2006 жылдың қаңтарында ҚР-ның жаңа гимні қабылданды. Гимн авторлары:Ж.Нәжмеденов,Н.Назарбаев, музыкасын жазған Ш.Қалдаяқов.
Оқушы: Құт –береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Оқушы: Тәуелсіздік жолында
Талай- талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім Елтаңбам.
Оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй .
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Оқушы: Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім
Мұнда да бар жер күшім.
Оқушы: Қара шаңырақ – ел күні
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Көк байрақ туымыз
Оқушы: Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан, күн, қыран -сәні бар.
Көк байрақ – ашық көккең ісім,
Алтын күн – белгісі жеңістің.
Оқушы:Алтын күн көтерген ел құсы-
Халқымның батырлық белгісі
Киелі көк байрақ астында
Иелі іс ұқсас тасқанға.
Оқушы:Көк байрақ күш беріп әр істе,
Ерлерді жеткізген жеңіске.
Желбіреп тұр байтақ аймақта,
Елжірей қараймыз байраққа
Оқушы:Киелі байрақта аруақ, бақ:
Иеді басын ел ардақтап.
Көк туды қастерлеп, сүйіп те,
Көтеріп ұстаймыз биікке
1-жүргізуші:
Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, еліміздің қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
2-жүргізуші:
Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.
1-жүргізуші:
«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген Елбасымыз Н.Назарбаевтың терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы тиіс.Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Оқушы: Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Оқушы: Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде.
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде
Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар, елдігімізді танытар Елтаңбамыз бен Туымыздың 20 жылдығы құтты болсын!
Әнұранды айту
Қобда ауданы
