Оқушымен бірге жүргізілген жұмыс “Айбалта – шабу құралы”

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы  орта мектебінің
еңбек пәнінің мұғалімі  Жотаев Оразбай  Кажибаевич

 Зерттеу тақырыбы: Айбалта – шабу құралы

Зерттеу мақсаты: Бұл зерттеу жұмысы  қару-жарақ – дәстүрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде әлуметтік статусты айғақтау және әлуметтік қатынастарды реттеу «құралы» екендігін айқындау. Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырып, оның жасалу жолдарын айқындау.

Зерттеу жұмысының әдісі: Жинақтау, жүйелеу,талдау, қорыту.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы

–   Айбалталардың  әрқайсысы әр шебердің  қолынан шыққанын аңғартады.

  • Жыр жолдарында сирек кездескендігіне қарамастан, балта кейінгі ғасырларға шейін қосалқы қару ретінде пайдаланылған.

 

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмысты технология, өнер  пәні бойынша арнаулы курстар мен семинар жүргізуге қажет дереккөзі ретінде пайдалануға болады

 

 

Кіріспе

       Киелі Елі мен Жерінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда батыр қазақ халқы астындағы атының беліне, өзінің сом білегінің күшіне, алып жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруының айбатына сеніп, арқа сүйеген. Қыпшақтардың – қазақтардың қару-жарағының айрықша қуатты болып, жауының құтын қашырғаны, батырларының мәртебе-мерейін асырғаны тарихтан ән-жыр, дастан, аңыз болып, жазба ескерткіштері, құжаттар арқылы бізге жеткен ақиқат. Алайда қазіргі жас ұрпақ ата-бабаларының осынау әскери қару-жарақтарының көптеген түрінің атауын да ұмытып бара жатқандай  Қазақтардың әскери сауыт-саймандары: қару және қорғаныстық құрал – жарақ болып бөлінген.

Қазақ қаруы дәстүрлі бес түрге бөлінген:

  • садақ (кейіннен мылтық)
  • қылыш (ертеректе семсер, шашке)

  • найза (сүңгі – найзаның бір түрі)

  • айбалта-

шоқпар (соғыста «гүрзі» қолданылған.

Қазақта «ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. Ол бес қаруға aтy қарулары – садақ, түйрегіш қарулар – найза, сүңгі, жыда, кесу қаруы – қылыш, семсер, сапы, шабу қаруы – айбалта, соғу қаруы – шоқпар, гүрзі жатады. Қару – атадан балаға мұра. Ер жетіп, алғаш рет ел қорғауға шыққан жас батыр әкесінің, не атасының қаруын сандықтан алып беліне таққаны тарихтан белгілі. «Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екенбіз?! Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ма екенбіз?!» – деп жырлайды Ақ­тан­берді жырау. Осылайша отансүйгіштікке, ерлікке шақырады. Киім – кешекте, қаруда тарихтың ізі, уақыт табы жатады. Жауынгерлердің киімдері ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын көрсетеді. Өйткені сол замандағы халықтың күйбең тіршілігі үнемі аттың жалында, түйенің қамында жүргенін, жайма – шуақ, мамыражай жүре алмағандығын көрсетеді. Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып өмір сүрген. Ұлттың ұлт екені – бірінші тілі болса, екінші мәдениеті дейді. Әрі ата дәстүрден қалған мұрасы дейді. Бізде құдайға шүкір, мұрамыз жетеді. Ұлан байтақ елімізді қазақ ағаларымыз, батырларымыз білектің күшімен, қаһарлы жүрегімен, әрине, қару жарағымен елімізді, жерімізді қорғап, осы бүгінге дейін алып келе жатыр.

1.1 Қару-жарақтың тіршілік цикіліне байланысты атқарылатың ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесіндегі орны.

Дәстүрлі мәдениетте қалыптасқан өмір циклы ырымдарында да қару-жарақ ғұрыптық құрал функциясын атқарады. Қазақтарда неке қию рәсімінде ат жалының қылдары байланған садақ оғы қолданылған. Оғыздар заманында «Жігіт үйленер болса, әуелі садақтан оқ атып, сол оқ түскен жерге қалындық шатыры тігілген». Бұрынғы кезде қазақтарда да садақпен атылған оқтың түскен жеріне жас жұбайлардың отауын құратын, яғни қарудың әрекеті арқылы отаудың құтты орны анықталған.

19 ғасырдың ортасына дейін Қазақтарда ұзатылған қыздың жасауының ішіне де ең бағалы зат ретінде де қымбат қару-жарақ түрлері (сауыт, қалқан, садақ) кірді. «Ер Төстік» ертегісінде Қаныкей сұлу өзінің жасауына атасынан Ақсырмал сауытты сұрап алады. Архивтік құжаттарда сұлтан М.Орманов өзінің немересі Мейіржанды күйеуге бергенде оның жасауына, түрлі бағалы заттармен қоса, сәукеледен кейін, кезінде Орыс императоры атынан хандық белгі ретінде Шерғазы ханға сыйланған, жазуы бар алтын қылышты бергені айтылады. Жақ пен оқтын бейнемоделін қорғаушы зат ретінде түркі халықтарында ұл баланың бесігіне, кейіміне таққан. Дәстүрлі түсінік бойынша бұл тұмар балаға батыл да күшті болуға көмектеседі деп сенген. Көшпеліліердің обаларынан осы сияқты жақпен оқтың кішкентай моделінің кездесіп отыруы, жақ пен оқтың бейнесін қорғағыш тұмар ретінде кейімге тағу дәстүрі көшпелі халықтарда көне заманда пайда болғаның көрсетеді. Көшпелі халықтарда қаруға табыну жерлеу ғұрыпымен тығыз байланысты, ер қаруы жерлеу мүліктеріне кіретің негізгі заттардың бірі болды. Сақ – скиф, Ғұн, Түркі, Оғыз – Қыпшақтардың жерлеу ырымында өлген жауынгерлер өзі ұстаған және соғыста олжаға қару-жарағымен жерленіп, молаларының қабырғаларына, еденіне семсер, оқтар, найзалар, қадалып қойылған. Ғұрыптық қару ретінде жерлеу ғұрыптарында кей жағдайда қарудың өзі емес, оның ағаштан, тастаг жасалған үлгіліері пайдаланылды. 18-19 ғасырларға дейін қазақтар да мәйтпен бірге оның қару-жарағын жерлеген. А.И.Левчин: «Кейде мәйітпен бірге қару-жарақты, ат әбзелдерін, марқұмның кейімдерін жерлейді», «Зираттарға жақ, оқ, найза қойылады». «Қырғыз зираты – саяхатшы үшін таңғаларлық көріністің бірі. Бір жерде ол желкілдеген аттың жалы, баулар және желектер байланған найзаларды кездестірді. Даңқты салт аттының моласынан ол найза мен ерді, садақты, жебені табаны…» десе П.И.Рычковтың айтуынша «Қазақтардың (15-3) ғасырдағы молаларында қадаулы түрған найзалар мен қылшандағы оқтар өлген адамның батырлығының белгісі болады». «Кезінде Ұлқияқ өзенінің бойында, Орск бекінісінен 470 шақырым жерде орналасқан Әбілхайыр ханның зиратының үстіненкүмбезді төрт бұрышты ғимарат салынып, оның астына денесімен бірге қылыш, найза және жебелер қойылған». Батыс қазақстанда қарудың орнына жауынгерлердің моласында, құлпытастарында, қарудың бейнелері салынған.

Қару-жарақ – дәстүрлі қоғамдық қатынастар жүйесінде әлуметтік статусты айғақтау және әлуметтік қатынастарды реттеу «құралы»

                         1.2.Қарулардың көшпелі қоғамдағы қызметі

Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырылған. Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Әйелді күңдікке, ерлерді құлдыққа жібермей, ат үстінде күн кешіп, байрақты жеңіс тұғырынан түсірмей елдігімізге жетуімізге сіңірген еңбегі қаншама десеңші…                                                                                                                                 XVII-XVIII ғ. өмір сүрген тарихи тұлғалар: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ханкелді, Малайсары сынды халқы үшін ерліктің өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі – елін, жерін сүю, халқының ар- намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді.  Ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билері батырлармен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақ азаттығын қорғауға ұйытқы болып әрі қолбасшылық қызметін атқарған.

Ал XVIII ғ. батырлардың ерлік, батырлық өнегелерінің түп – тарихы V-VII ғ. Күлтегін, IX ғ. Қорқыт ата, XIV- XVI ғ. Алтын Орда дәуіріндегі түркі жұртының жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алады. Әсіресе XVIII ғ. Ш. Уәлиханов «Абылай ғасыры – ерліктің ғасыры» деп атап көрсетті. Қазіргі мектеп жасындағы балаларға ұрпақты ерлікке баулу мақсатында пайдалануды тиімді деп білеміз. Қазақ жігіттері елінің амандығын, жерінің бүтіндігін ат жалында жүріп қорғаса, қазақ қыздары тал бесікке асылып отырып-ақ ұлттың мәдени-рухани тұтастығын қамтамасыз еткен. Әрбір ұзатылған қыз өзі шыққан ортаның тілін, дәстүрін, ән – күйін, аңыз әңгімесін, қол өнерін, тағам дайындау тәсілін, моральдық – этникалық нормаларын келін болып түскен ортаға дарытып отырған. Ер қаруы мен ер киімі көшпелі қоғамдағы түрлі әлуметтік қатынастарды айғақтайтың символдық белгілер ретінде де қызымет етті. Герадот келтірген скифтерден шежіре аңызында, скиф қоғамының әлуметтік құрлымын символдайтың, аспанна түскен киелі заттардың ішінде қару – айбалта (екінші анызда садақ) скиф қоғамындағы әскерилер сословиесін және сол сословиемен байланысты патшалық билікті билейтің символ болып көрсетілген. Дәл осы мифтік аңызды аздап өзгерген вариантта қайталайтың сақтардың аңыздарында да әскерилер қоғамдық жігінің символдық белгісі болатың қару – жақ пен оқ.

                     1.3.Түркілер қолданған қарудың бес түрі немесе бес қару.

Түркілердің дәстүрлі қару-жарақ жүйесі шабуыл мен қорғаныс қаруының бірнеше түрі мен топтарынан құралған. Қарулану термині қазақ тілінде қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жүйесін толық түсінуге мүмкіндік береді.
Түркілердің қару-жарақтар түлрлері, олардың қосымша элементтерінің атауы өзге түркі тілдес халықтардікіне ұқсас болып келеді. Бұл осы жүйенің барлық түркітілдес халықтар үшін ортақ болғанын және оның түркі дәуірінде қалыптаса бастағанын білдіреді. Көшпенділердің қорғаныс қаруы да осы дәуірде пайда болды. Қазақтың аңыз-дастандарында жауынгерлер қауымы өкілдері яғни, батырлар қолданған бес түрлі қару туралы жиі сөз болады. Қазақта «Ер қаруы – бес қару» деген даналық бар. Қару-жарақтың бес түрге топтастырылуы оның қасиеттеріне байланысты. Жауына күйрете соққы беретін қару-жарақтың әр қайсысының өзіндік қайталанбас қасиеттері бар. Осы қасиеттеріне қарай ер қаруы: ату, кесу, шабу, түйреу және соғу қаруы деп бес түрге бөлінген. Әр топ іштей бірнеше түрге жіктеледі.

Ертедегі қазақтардың негізгі деген төрт шабу қаруы болған. Олардың жарақаттау қабілеті мен пішіні жағынан айтарлықтай ерекшелігі бар. Бұл қарудың бір түрі «балта». Оның жүзі орташа болып келеді. Жүзі ай пішіндес әрі енді болып келетін балтаны қазақтар «айбалта» деп атаған. Жүзі сына тәріздес болып келетін қару «шақан» деп аталған. Бірақ, қазақ батырлары соғыста балтаның төртінші түрі – жарты айбалтаны көп қолданған. Кәдімгі балта, айбалта мен шақанның қасиеттерін біріктіру арқылы жасалған айбалтаның басы балға пішіндес болады. Қазақ балтасының сабы кейде металмен көмкеріліп, былғарымен қапталады. Жауынгер балтасы сабының ұзындығына қарап: ұзын сапты, орташа сапты және сабы қысқа балта деп үшке бөлінген. Қазақтар сабының ұзындығы орташа болып келетін балтаны кеңніне қолданған. Ал, қысқа сапты балталарды әдетте белдікке қыстырып жүретін болған. Ұзын сапты айбалтаны хан сарайын немесе қорған қақпасын күзететін жауынгерлер ұстаған. Бұл қару-жарақтар киелі қару-жарақтар. Өнер саласында да алатын орны өте көп. Айбалтаның негізі деректер бойынша, жеті түрі бар. Өздерінің көлеміне, ұзындығына байланысты. Енді айбалта да қорғаныс үшін, шабуыл жасау үшін пайдаланылатын қару-жарақ. Ерте заманнан атам қазақ темірден түйін түйген халық қой. Қазіргі жағдайдың өзінде әр ер азамат қару-жараққа қызығады, біледі.

Қазақ батырлары айбалтаны өте жиі қолданған. Ол екі бөліктен тұрады: «басы» және «сабы». Басы мен сабының түйіскен жерін«сағағы» деп атайды. Қолға іліп алу үшін бүлдіргі тағылады. Балтаның басы жалпақ келіп шабуға арналған жағы «жалманы», шабатын жері «жүзі» деп аталады. Айбалтаның негізгі түрлері сақ, скиф, сарматтар заманында, біздің заманымызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда қалыптаса бастаған. Қазақ батырлары қолданған айбалта түрлері 18-19 ғасырға дейін сақталған. Сабының ұзындығына қарай қысқа, орташа, ұзын сапты болып бөлінеді. Ең көп қолданыста болғаны – сабының орташа ұзындылығымен. Қазақ айбалталарының бізге жеткен үлгілерінің басым көпшілігі орташа сапты айбалталар. Саптарының ұзындығы ат үстінде айқасуға ең ыңғайлы мөлшер. Балталардың сабы әр түрлі ағаштардан жасалып, кейде терімен немесе тұтастай металмен қапталған.

                                      2.Айбалта — соғыс қаруы.

Балта да – ежелден келе жатқан қару. Қола ғасырына жататын мифологиялық кейіпкерлердің  басты қаруы ретінде осы балта пайдаланылған. Бірақ дәстүрлі көшпелі қоғамда балтаның рөлі басқа қару түрлеріне қарағанда, төменірек болған сияқты, өйткені қазақтың батырлар жырында балта қару ретінде басқа қару түрлеріне қарағанда сирек аталады. Дегенмен, балта

туралы жыр жолдарының бар екендігін айтуымыз керек, мысалы:

 

Айсаұлы Ахмет

 

Ұңғысынан омырып,

Алпыс балта сындырды…

Немесе:

Көк болаттан соқтырып,

Ай балтасын саптады…

 

Жыр жолдарында сирек кездескендігіне қарамастан, балта кейінгі ғасырларға шейін қосалқы қару ретінде пайдаланылған. Балтаға қатысты, балта түрлеріне қатысты атаулар өте аз, қолда бары – айбалта ғана.

Айбалта – қазақтар ұзын сапты, өткір жүзді, жарты ай бейнесіндегі балтаны сыртқы пішініне қарап айбалта деп атайды.

Айбалтаны көшпелі халықтар өте ерте заманнан қолдана бастаған. Қазақтар бұл қару түрін 20 ғасырға дейін пайдаланып келді. Айбалтаның басы металдан соғылады, пішіні әртүрлі болып келеді. Балта басының — жалманының жарты Ай сияқты болып дөңгелене соғылуы ай атауына негіз болған. Көне көшпелі халықтардың Айбалталары екі басты немесе балта басының шүйдесі ұзынша келген балға пішінді, әйтпесе істік түрінде болып келген. Шүйдесі балға түрінде, бірақ қысқа жасалған айбалта бастары қазақтарда да кездеседі. Қазақ айбалтасының басына күмістен ою-өрнек салынады. Ерте замандарда айбалта басына салынған ою-өрнек магиялық рөл атқарған. Айбалтаның сабы ағаштан жасалып, кейде терімен қапталады, металл жапсырмалармен әшекейленеді. Кейбір балта саптары түгелдей терімен, күміспен қапталуы да мүмкін. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдіргі тағылады. Қазақтар ұстанған айбалта саптарының ұзындығы негізінен 70-90 см аралығында. Жауынгерлер айбалтаны белге байлап, жорыққа шыққанда тебінгінің астына қыстырып алып жүрген

Жыр жолдарында сирек кездескендігіне қарамастан, балта кейінгі ғасырларға шейін қосалқы қару ретінде пайдаланылған. Балтаға қатысты, балта түрлеріне қатысты атаулар өте аз, қолда бары – айбалта ғана.Айбалта – қазақтар ұзын сапты, өткір жүзді, жарты ай бейнесіндегі балтаны сыртқы пішініне қарап айбалта деп атайды. Кезінде қазақ арасында болып, қазақ даласы туралы көлемді еңбек жазған А.Левшин деген кісі қазақта “шақан” (чакан) деген балтаның бар екендігін жазған болатын: “чакан есть топорик, насаженный на длинную рукоятку. Раны, им наносимые в голову, большою частию смертельны”. ¥зын сапты деп түсіндірілуіне қарағанда, шақан мен айбалтаның осы тұрғыдан ұқсас екендігін көруге болады. Бұл – ІХ ғасырдың басындағы қазақтарға қатысты мәлімет, соған қарап балтаның кару ретінде пайдаланылуы сол уақыттарға  дейін жеткендігін аңғаруға болады.

Көне заман көшпелілерінен қалған балтаның тағы бір атауы – балчар немесе балтчар (сірә, балташар). Ол – печенег тілінен қалған көзайым. Яғни бал(т)чар – әскери балта (боешвой топор(?)). Бұл атау, сірә, тек балта атауын ғана емес, сол балтамен қаруланған балташыны да білдірген болар деп жорамалдауға болады. Орыс тілінде ұзын ағаш сапты, сопақтау келген пішіні бар ескі қару (алебарда, айбалта) балта “бердыш” деп аталыпты. Осы сөздің сыртқы тұрпатына қарай бір кездері орыс тіліне ауысқан түркі сөзі болар деп жорамалдауға  болады.

Эпос, батырлар жырына көз тастасақ, ақ берен, сауыт, көбе, жалаңқат, зере, кіреуке, торғауыт, қаттама деген сөздер көптеп кездеседі. Олар батырлардың киімдері. Батырлық жырлар, дастандар, эпостар жалпы ауыз әдебиетіне үңілсек, батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болған.

Толғамалы ақ балта

Толғап ұстар күн қайда?

Доспамбет жырау, 16 ғ.

Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып,

Тепсінісіп келгенде…

Шәлгез. 15-16 ғғ.

Мен бір шарга ұстаған

Қара балта едім,

Шабуын танып

Махамбет. 19 ғ.

Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай…

 

Айбалта – ежелгі Египет заманынан бері белгілі соғыс қаруы, өткір де айбатты. Айбалта Орта Азия мен Қазақстанға 14-15 ғасырда кеңінен тараған. Оның алғашқы үлгілері Батыс пен Шығыстың көптеген елдерінің қару-жарағында ұшырасады. Қазақ ұсталары айбалта сабының ұңғыдан өтер екі жағын темір құрсаумен шегелеп, оны ұлттық қошқар мүйіз тәрізді ою-өрнекпен безейді. Қолға ұстау үшін саптың төменгі жағына қайыстан бүлдірге байлайды. Айбалта сабының ұзындығы 70-90 сантиметрге дейін жетеді. Айбалтаны белге байлайды немесе тебінгінің астына қыстырады.

 

 

 

                                        2.1. Айбалтаның жасалуы.

Қазақ айбалтасыкөк темір, құрыш сияқты арнаулы  асыл темірден, көбінесе, жүзі саптың ішкі бауырына қарай икемделе соғылып жасалады.Айбалтаның ішке қарай икемделіп жасалу себебі шайқас кезінде қарсыласына құлаш бойымен шеңбер жасап сілтегенде қарудың екпін күшін ішке  орап тарту арқылы соққының екпінін күшейтеді. Бұндай соққы тиген  жеріне ауыр жарақат салады. Шүйдесі үшкір  соғылған немесе шығыңқы шымыр өрнектелген кейбір түрлері кездеседі. Ұңғысы  тесіліп жасалған соң суғарып асылдандырылады.Айбалталардың  әрқайсысы әр шебердің  қолынан шыққанын аңғартады.

                                               Айбалтаның сапталуы.

Негізінен  ырғай, емен, шетен, қайың сияқты мықты ағаштармен  сапталған.Саптың мықты әрі қылыш сияқты өткір қарулар қимас үшін асыл темірден саптың үстіне желкелік, астыңғы алқымына бауырлық пышақ тәрізді темір бекітіледі. Осы асты- үстіне салынған  темірлердің бір ұшы  сап арқылы бірігіп айбалтаның ұңғысына киіледі.   Ұңғы арқылы  шыққан ұштарына  ұңғысын жабатын пішіндегі темір екі  жерден тесіліп  кигізіліп тойтарылады.  Ал саптың асты үстіндегі темірлер  арнаулы шеге арқылы саппен бірге  шегеленіп тойтарылады. Бұлай  саптау тәсілі айбалтаның  басының  берік тұруына үлкен септігін тигізген.

                                                  Айбалтаның түрлері.

Ұзын сапты айбалта сабы кісі бойындай болып келеді. Оны негізінен  хан орадасын  күзететін  жаяу күзетшілер ұстайды.

Орташа түрі. Оң иықтан бастап өлшегенде  сол қолды созғанда алақан ұшымен шамалас жасалса, жауынгердің ат үстінде айбалтаны ұстаған адамның меңгеру мүмкіндігін көрсетеді. Айбалта  сабының ұзындығы сол қаруды ұстаған адамның  бойы мен қолының  ұзындық шамасына  сәйкес белгілі бір заңдылық аясында сабы жасалады. Сол өлшемді  тапқанда жауынгер  ол қаруды ыңғайлы меңгеріп, ұзақ шайқасуға мүмкіндік алады. Қолдан  түспес үшін сабына бүлдіргі тағылады. Ша   йқас кезінде келесі  қаруды ауыстырып қолданған кезде айбалта  бүлдіргі арқылы білекте жүре береді.

 

                                                     Айбалтаны алып –жүру

Айбалтаның басмен өлшеніп көк теріден пішіліп тігілген балта қапқа салынып арнаулы  ілгегі арқылы жай кезде  ердің басына  іліп немесе  қанжығасына байлап алып жүреді. Шайқас кезінде балтаны  қапсыз жалаң күйінде  сабын таралғының  астына өткізіп  тақымға қысып аладтын болған.Бұл әдіс шайқас кезінде  өте ыңғайлы  болған.

                                                      Ұсталық кәсіп

Осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата – бабаларымыз жер қойнауының құпиясын аша да , оның бар асылын пайдалана да білген. Тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын ,сан – алуан әсемдік әшекейлерді, қару – жарақтарды жасаған . Бүл кәсіп атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін үзілмей жалғасып келе жатқан ұсталық және зергерлік кәсіпті қалыптастырған . Демек ұсталық кәсіп , зергерлік өнер көшпелілер өмірінде , шаруашылық және тұрмыстық қолданбалы бұйымдарды жасап , қамтамасыз ететін маңызды кәсіп үрінде ертеден – ақ пайда болған , қалыптасып , дамыған . Темірді балшықша илеп , одан түйін түйетін шеберлердің атын атамай «Ұста» деп әспеттеген .

Жалпы , ұсталық кәсіпті түркі тектес   халықтар «киелі өнер» деп санаған .  «Ұста – елден ерекше , жоғары тәңірілік кұшке ие адам» -деген ұғым қалыптасқан .                                                                                                         Ұстаның жұмыс орны «ұстахана»деп аталған . Ұстахананы «қасиетті орын»- деп түсініп оған сыйынып , табынатын болған . Ұстаның еңбек құралдары – көрік , төс , балға , қысқаш , көсеу , қашау , шапқы , тескіш , кескіш , бұрғы , түрпі , әртүрлі кескіндегі қалыптар , металл балқытатын ожау , т , б . Оларды аялап , ерекше қастерлеп күтіп ұстаған .

Ұста ағаш көмірі , сексеуіл шоғы арқылы темірді қыздырып , балқытып алған соң , соғып , құйып қажетті заттарды жасай білген . Қаралау , бұрау , түйіндеу , қалыптау , ширатпалау , шегендеу , алтынмен аптап , күміспен күптеу тәсілдерін меңгерген .

ХҮІІІ ғасырдан бастап қазақ ұсталары қару – жарақ жасауды да зор қарқынмен қолға ала бастаған . Қылыш , айбалта , найзаның , жебенің ұштарын соғып , білтелі мылтықтар құйған . Қару – жарақ жасайтын ұсталар аса құрметке ие болған . Ұсталар бұл кәсіптің сыр- қырын аса құпия ұстап , тек өз ұрпақтарына ғана үйретіп, атадан – балаға мұра етіп қалдырып отырған Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, үқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның үлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың үлттық өнері күнделікті өмірімізде кеінен қолданылып келеді. Қазақтың эрбір ұлттық өнері озінің сипатымен емес сүлулық сырымен, сэніменен ерекше козге түсіп, оз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы озінің үлттық онерін эстетикалық талғамның корсеткіші ретінде бағалап, ауыз эдебиеті үлгілерінде де эсемдікке баулу,сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сөз өрнегімен суреттеп те отырған.                                                                                                                                                     Бүгінгі таңда, халық шеберлері  мен ұсталар тың ойларды туғызып оны жаңа мазмұнымен байыта отырып, халықтық орнектеу онерін жетілдіру мен дамытуды жалғастырып келеді. Қазақ халқында «Ата корген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген үлағатты соз бекер айтылмаған.  Ата-бабаларымыз оз үрпағын еңбек сүйгіш етіп тэрбиелеуді мақсаттүтқан. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де сұлулық пен эсемдікті таңдап та талғап та білген білген халық. оз түрмысы мен мэдениетінде қолонерін мұрат тұтып жетілдіре білген.
Қолөнер шеберлері шеберліктің кейбір сан-саналы асқақ шеберліктерін ұқыптылықпен ескере отырып, қастерлей отырып, меңгеріп біздің дэуірімізге ұштастыра   білген.  Халықтың сонау арғы кезеңіндегі мэдени оміріне ой жүгіртіп көрсек, ерте замандардан он саусағынан енер тамған ісмер шеберлердің өнерлері шежіре болып тегіледі.
Олардың көбінің аты аталмай қалғанымен қолтаңбалары түскен ошпес мэдени мұралары кейінгі ұрпақтар өмірінде бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екендігін де жете танымаған. Сол бір олқылықтардың өлшеуі -халық қолонерін зерттеу, қалың қауымның игілігіне айналдыру қазіргі заманда ғана жүзеге асырылып келеді. Бұл салада өзінің өшпес ізін, орнын қалдырған өнер адамдарымен зерттеуші ғалымдар аз емес. Сондай үлы тұлғаның біріне езіндік орңы бар академик Әлкей Марғұланның өзі бір төбе десек әбес айтпаған  болар едік.

Халықтық қолөнер түрлеріне әдет-ғұрып жабдықтармен бірге аң аулауға, мал өсіруге, егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар жасау өнері де кіреді.

                                                                     Қорытынды

Қазіргі  қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, саяси көзқарастарға байланысты әрбір мектеп деңгейіндегі балалар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, санасына түйіп, ата- бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін білуі тиіс. Ал ол тек кітаптан, немесе ақпарат құралдарынан ғана білу аз. Егер біз  технология сабағында  да күнделікті  жасап жүрген  дүниелерімізді осы ұлттық құндылықтарымызбен де байланыстырып отырсақ,  ата бабаларымыздың  жасап кеткен өнерін ең болмаса біз қолымыздағы  дүниелермен жасап, оның жасалу жолын үйренсек, оның қыр сырын ұғына білсек деген ой туады.

Киім – кешекте, қару жарақта  тарихтың ізі, уақыт табы жатады. Жауынгерлердің киімдері ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын көрсетеді.

Өйткені сол замандағы халықтың күйбең тіршілігі үнемі аттың жалында, түйенің қамында жүргенін, жайма – шуақ, мамыражай жүре алмағандығын көрсетеді. Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып өмір сүрген.Осынау ұланғайыр елді мекенді көз тігуші сұғанақтардан қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген.  Қазақ қаруын шын мәнісінде кешенді тұрғыдан алғашқы зерттеушілердің бірі қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалиханов болатын. Оның еңбектерінде XVIII- ХІХ ғасырлардағы қазақтың суық және от қаруының түрлері, олардың типтері, жасалу технологиясы, қазақ тіліндегі дәстүрлі кәсіби атаулары, олардың қолданылуы, қазақ халқының қару-жарақпен байланысты салттары, ырымдары туралы мәселелер көтеріледі, сонымен бірге олардың бітімін, сыртқы ерекшелігін көрсететін, сол кездегі қолданыста болған нұсқалардан тікелей салынған суреттері де беріледі.

Қару –жарақтар  өткен тарихымызды айтады, суреттейді.

-Бұл қару-жарақтар киелі қару-жарақтар.

  • Өнер саласында алатын орны өте көп.

Әрбір азаматтың ата –тегін , елінің тарихын , ана тілін білуі , ұлтын сүюі қасиетті парызы , ал ұлтының әдет – ғұрпын , салт – дәстүрін , мәдениетін , өнерін өмір бойы сақтап , ұстануы , дамытуы ата – баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеті .

Демек , халқымыздың салт – дәстүрі , ұлттық бай мұрасы , өнері мәңгілік жасайды , жаңарып дамый береді

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2000ж 61-64 б

2.«Бес ғасыр жырлайды» ІІ том

3.Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы,          4. әскери өнері, салт-дәстүрлері. – Алматы: Дәуір, 1996. – 240 б.

  1. Қартаева Ш.Е. Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (XV-XVI ғғ.): Тарих ғылымдарының канд. Диссерт. – Алматы, 1999. – 190 б                   6. М. Қозыбаев, Жауды шаптым ту байлап
  • «Ақтөбе»  газеті  Тамыз, 2011

  •  

     

     

     

     

     

     

     

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше