ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫЛЫҒЫ
Утемисова Улбия Сарсенгалиевна
Қобда қазақ орта мектебі
Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін практика жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау әдіс-тәсілдерін таңдай білуге үйретеді.
Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зертттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта «Ғылыми зерттеу жұмыстарының» бағдарламасын даярлаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамын. Өзімнің оқушыларым «Адамды солақай қылатын жағдайлар», «Тоғызқұмалақтың ұлттық ерекшеліктері», «Адаммен қарлығаш арасындағы достық»,«Адамнан кейінгі саналы – дельфиндер», «Қарбыздың пайдасы», «Қаламның адам өміріндегі маңызы» тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп мектепшілік,аудандық,облыстық,республикалық ғылыми – зерттеу байқауларына қатысты.Бұл жұмыстардың бірі ең төмен дегенде аудандық кезеңде алғыс хатқа ие болса, ең жоғарғы нәтиже – республикалық кезеңінің ІІ дәрежелі дипломы.
Жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларды өз бетімен көп ізденуге,шығармашылық қабілеттерін арттыруға,зерттеуді үйретуге тырысамын.Кез келген тақырып бойынша ең алдымен сол тақырыптың тарихына көп көңіл бөлуді қадағалаймын.Себебі , шығу тарихын зерттеп алмай кез келген дүниенің сырын түсіну мүмкін емес. Осыдан кейін тақырып бойынша жан-жақта зерттеулер жүргіземіз,барлық қыр-сырын ұғынуға тырысамыз,ғалымдардың осы тақырып төңірінде жүргізген зерттеулерін талдаймыз.Сонымен қоса тақырыпқа сай қызықты деректер жинақтаймыз.Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң өз тарапымыздан қандай жұмыс жасау керектігін (сауалнама,сұхбат,тәжірибе, т.с.с.) айқындап алып соған кірісеміз де нәтижесі бойынша талдау,анализ жасап,қорытынды шығарамыз.Осы жұмыстардың барлығын орындау кезінде дарынды, «зерттеуші» оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасаймын.Бұл да өте қажет,себебі ата-ананың қолдауы баланы «қанаттандырады».
Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.
1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.
2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтаймыз.
5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырылады.Сондықтан мұғалім оқушының қабілеттерін дамыту,талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында заман талабына сай,жаңа технология қолдану арқылы жұмыс жасау керек деп есептеймін.Соның ішінде, бастауыш сынып оқушысына ғаламтормен жұмыс жасауды үйрету,өз бетімен сауалнама,сұхбаттасуларды жүргізіп,оларды видеоға түсіріп,оларға талдау жасалуын ,нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалау керек.
Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.Ал біздің кішкентай білгірлерімізді қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық,зерттеушілік қабілеттерін дамыту – өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін оқушыны неге үйрету керек, қалай үйрету керек,әлде оны өзі үйрене ала ма?
Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін :
– мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;
– зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;
– зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;
– зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;
– шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау;
– оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.
Бастауыш сынып оқущыларының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін осы күнге дейін жинақталған тәжірибесін оқу әрекеті арқылы дамыту қажет.Сол әрекеті білік,білім дағдыларын қалыптастырады.Кез келген тапсырманы оқушы орындау жағдайында іздене бастайды.Өз бетімен әрекет жасап, шешім қабылдау арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді.
Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. «Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білім шығару процесі және танымдық қызметтердің бір түрі болып табылады» деп беріледі. Танымдық қызмет үйренушілерге қолданғанда шығарушы «өнімсіз» және білімді қайта құру (шығармашыл, зерттеушілік) болуы мүмкін.
Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік, ізденушілік белсенділік – баланың табиғи жағдайы; ол әлемді танығысы, білгісі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-құлықтың мәні.
Балаларды оқытуда зерттеушілік әдісті қолдану қажеттілігі балалардың табиғатынан көп білгісі келетіндігімен, қоршаған ортаны түсіну қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері олардың жеке-дара қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, өзіндік зерттеулер интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Өз бетінше зерттеудің көмегімен оқушылар қоршаған әлемді тани отырып, өздеріне жаңа білімді дайын күйде алмай, ашады.
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенлідігін – баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.
Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады.
Зерттеу жұмысы жүргізу бастауыш сынып оқушыларынын төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :
– өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу;
– іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;
– өз пікірін, ойын ашық айту;
– өз бетімен қорытынды жасау;
– өзі үшін жаңалық ашу.
– қызығушылығын қанағаттандыру.
Демек, оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Тұрғанбаева.Б.А., Шабденов.Б.Ш. Шығармашылық баспалдақтары. Алматы,2003
- Бекова.Г. Шығармашылық ізденістер Бастауыш мектеп 1998 ж. № 2 24-28 бет
- Алпысова.Г.Т. Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Бастауыш сынып 2012ж. №3 4-5 бет
- Өтеғұлова.Г.Қ. Инновациялық технологиялардың тиімділігі Бастауыш сынып әдістемесі
2011ж. №5 35-36 бет
- Оқушыларды зерттеу жұмысына үйрету әдістемесі.
