Саз аспаптары
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс елді мекені
№74 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Шамұратова Рысжан
Еңбекке баулу. 4-сынып Сабақ тақырыбы: Саз аспаптары.
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың саз аспаптары туралы түсінік бере отырып, түрлерімен таныстыру, қолдану жолдарын түсіндіру, аспаптардың жасалу толдарымен таныстыру.
Дамыту: Саз аспаптары туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелеу: Ұлттық мұраларымызды,оның ішінде саз аспаптарын көзіміздің қарашығындай қадірлеп, сақтауға ұлттық өнерімізбен құндылықтарымызды бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас кіріктірілген сабақ. Әдісі: тест сұрақтары, суретпен жұмыс, ойқозғау.
Көрнекілігі: Домбыра, суреттер, буклеттер, таратпа қағаздар.
Сабақты жүргізу процестері:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.1 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
1.2Пәнге қажетті іс-құралдарын тексеру
1.3 Сабаққа дайындау.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
2.1Кебеже қандай бұйым?
2.2Кебеже қақпағы қалай ашылады?
2.3 Кебеже мен сандықтың айырмашылығын тап?
2.4 Сандық қандай бұйым?
2.4 Жүкаяқ қандай бұйым?
3.Тест сұрақтары арқылы үй тапсырмасын пысықтау.
4.Жаңа сабаққа дайындау.
(Әуен тыңдалып оқушыларды жаңа сабаққа дайындау)
«Адай»күйі тыңдалады.
Балалар,қандай күй екенін білеміз бе? Күйді тыңдай отырып не ойладық,ойымызға не келді?
(оқушы пікірлері тыңдалады)
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Саз аспаптары»
5.Мәнін ашу.
1.Саз аспаптарымен танысу.
2.Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра!
3.Қобыз туралы аңыз.
4.Әр халықтың саз аспаптары.
5.Саз аспаптарымыздың шығу тарихы, жасалу жолдары туралы айту.
Сыныпты топқа бөлу.
Домбыра Қобыз Сыбызғы.
Берілген аттары арқылы қандай топтарға жататынын анықтау.
6.Өзіндік жұмыс.
Біздер сергек баламыз
Айтқан тілді аламыз
Тапсырманы орындап
Шебер бала боламыз
(Топпен жұмыс орындау)
3-топтың балалары «Саз аспаптарын» бірлесіп орындайды.Жасаған жұмыстарын сараплайды,әр топ бір-біріне талдау жасайды.
7.Қорытынды: Әр топ өз топтарының атына өлең шығарады.
Үйге: Саз аспаптарыен ермексазбен жасайды.
