Тарихи өлеңдердегі тарихи шындық

 Ақтөбе облысы  Қобда ауданы
Қобда қазақ орта мектебі Омарова А.К

 Кіріспе

    Тарихи өлеңдер-дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қазақ хандығының әдеби мұрасы. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ хандығы құрылып, тайпалар бірлестігінің, феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол әсіресе халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезілді

Тарихи өлеңдерге тоқталмас бұрын ең алдымен осы тақырып қай дəуірден басталатынын тарихи тұрғыда кезеңдерге бөліп қарастырып көрсету, ақын-жыраулардың  өлеңдеріне талдау жасай отырып сол кезеңдегі қазақ поэзиясына сипаттама беру, тəлім-тəрбиелік мəнін ашып анықтау  қажет.

Қай ұлт болмасын өз елінің, өз жерінің тəуелсіздігін қалайды. Туған  Отанының бір уыс топырағы үшін күш-жігерін аямай, сол жолда жанын құрбандыққа да шалады. Тəуелсіздік жалпы адамзатқа ең асыл, ең қасиетті сөз. Өйткені тəуелсіздік киелі – еркіндік, азаттық, бостандық деген сөздермен байланысып, ұштасып жатады. Қай елдің болмасын тарих қойнауына көз жіберсек, өз Отаны үшін күрескен ерлерінің ерлігін жыр етіп, оны мəңгі жадында ұстап, ғасырлар бойы мақтан етеді. Өз ұлтымыздың тарихының өткен ғасырларын алсақ, ел билеуші хан – сұлтандар, батырлар мен билер, жыраулар мен ақындар, шешендер алдымен елінің еркіндігін, тəуелсіздігін  тілеген. Жерімізді жаулаған жаумен жағаласып, арыстандай айбар шегіп, жолбарыстай қайрат көрсетіп, бір сүйем жер үшін жан беріп, жан алысқан.  Қаншама ғасырдың азабын бастан өткізсе де, ұлт болып жер бетінде қалу  үшін қазақ халқы ғасырлар бойы өз жерін жауынан қорғап, күресіп келген.

Тарихи өлеңдердің    айтары  да – қазақ ұлтының бастан кешкен түрлі деректі оқиғалары, тарихи ірілі-ұсақты ел басына қиын-қыстау күн туғандағы қайғы-қасіреті, мұң мен шері, қуанышы мен келешек өмірге деген үміті .. Өкінішке қарай көбіне ауызша айтылып, суырыпсалмалық дәстүр үлгісінде тарағандықтан, көне дәуірлерге қатысты өлең-жырлар ұмытылып үлгерген. Халық поэзиясының дер кезінде хатқа түспеуінен көп қазыналар ұмытылып, кей үлгілерінің түрлі өңдеулерден өтіп отырғаны баршаға мәлім. Ендеше, тарихи өлеңдер халық поэзиясының бір саласы болып табылады.                                                                                                         М.О.Әуезов: «Ел ескілігінің бір алуаны тарихи өлеңдер», — дей отырып, «Тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен тарихи оқиғадан туады» [1, 134], — деген, тарихи өлеңдердегі мұң-шер жалпы халықтық мәселеге арналып, халықтың арман-тілегі, аянышты тағдыр-талайымен сабақтастырылады. Әсіресе ел мен жер тағдыры басты орынға шығады. Осының барлығы нақты болған немесе болып жатқан шынайы тарихи оқиғаға байланысты болып келеді. Міне, тарихи өлеңдегі басты ерекшелік тікелей деректік мәселеде жатыр. Лирикалық өлеңде жеке адамның басындағы оқиға өлеңге өзек болса, тарихи өлеңде жалпы халықтың тағдыр-талайы ауыр сынға түскені баяндалады. Демек, тарихи өлеңнің негізі үлкен оқиғадан келіп туындайды.

Осы тұрғыда тұрғыда тарихи өлеңдер бүгінгі күнге дейін  төмендегідей дәуірлерге тақырыптық жағынан топтастып үлгерген:

1) XVIII ғасырдағы ақтабан шұбырынды оқиғасына қатысты туған тарихи өлеңдер

2) XIX ғасырдағы отарлау саясатына байланысты тарихи өлеңдер

3) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс өлеңдері

Қорыта айтсақ, ел басына күн туған  келеңсіз өмір  оқиғасы тарихи өлеңдерді белгілі бір дәуірге топтастырып, түрлі тақырыптар арнасында тұтастандырады екен. Өлеңнің айтары ел, жер жайы болып отырады. Өлеңнен қайғы-мұң, қасірет пен азалы кек, ашу мен ыза айрықша көрінеді. Бұл тарихи өлеңнің өзіндік болмыс-бітімі, табиғи ерекшелігі екендігі анық

Сол себепті де мен өз жұмысымда тарихи өлеңдерді  дәуірлермен қатар   сол кездегі  болған оқиғалар тізбегімен топтастыруды  жөн санадым.

 

 1.1 «Ақтабан шұбырынды,  Алқакөл сұлама»  оқиғасына байланысты туған тарихи өлеңдер

Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы 1710-1711 жылдары басталды. 1710 жылы Қарақұмда үш жүздің өкілдері кездесіп, қазақ жасақтарына басшылық етуді Бөгенбайға жүктеді. 1711 жылы жоңғар феодалдары Қазақстанға жорық жасағанда қазақ батырлары тізе қосып, халық жасағын бастап, жауға соққы берді. 1712  жылы қазақ жасақтары жоңғарияға кірді. 1713 жылы жоңғарлар қазақ еліне шабуыл жасайды, осы уақытта бірліктің болмауынан жоңғар елі қазақ жеріне басып кіреді. 1718 жылы Аягөз өзені бойында Қаракерей Қабанбай мен Шақантай бастаған соғыс жоңғар қолын талқандаса да, бұл шайқас қазақ елінің жағдайын жақсартпады. 1723 жылы көктемде тағы да тұтқиылдан шабуыл жасайды. Олардың қалың қолы Қаратаудан асып, Талас, Арыс бойында көшіп жүрген халықты қан  қақсатады. [4]  Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешіреді. Ата қоныс, құтты мекен, мал мүліктерінен, баспанадан айырылады. Аш — жалаңаш, жаяу — жалпы шұбырған қара халық жаздың қайнаған ыстығында ен далада қаңғырып, шөлге ұрынып, қынадай  қырылады. Қыстың ақ қар,  көк мұз қақаған аязында малын жоқтатып, үсіп өледі. Ашаршылыққа ұшыраған халық жол жөнекей шөптің тамырын жеп, қайыр — садақа сұрап күнелтеді. Әйелдер, балалар мен қарттар жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып, аштықтан ажал құшты. Осынау аса қасіретті оқиға қазақ елінің тарихында «Ақтабан шұбырынды,  Алқакөл сұлама» деп аталады.

Қаншама уақыт өтсе де халықтың жадында сақталып қалған «Елім -ай» — ел басына түскен қанды қырғынның  нақты куәгері. Ұлтымыздың сол бір ұлы қасіретінің әнұранына айналған, бұл әннің сөзі мен әуені халықтың зар заманындағы көңіл-күйін, өкінішін, мұң — зарын айқын бейнелейді.

Зерттеуші А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. тарихи өлеңдердің айтушылары сол оқиғаны көзбен көріп, көңілге түйген ақындар екен деген пікірлері дәлелді айтылған

Қожаберген Толыбайсыншыұлы жырау 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған iрi апатты өз басынан өткерiп, көзiмен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадұр. Сол аса қатерлi сапарда ол Науан, Әсет есiмдi екi батыр баласынан, өзiне әрi өкiл бала, әрi атқосшы саналған Айбек, Ермек атты екi батыр азаматтан айырылып, бәiбiшесi екеуi әрең дегенде көппен бiрге жау қоршауын бұзып өтiп, аман құтылады.

Атсыз қап жұрт жүрiсi шабан болды,

Халқыма аштық, соғыс жаман болды.

Басталып ел сұлауы Алакөлден,

Ақтабан шұбырынды заман болды.-  деген өлең жолдары бұған куә.

Тарихи өлеңдердің айтары оқиға қалай, қашан болды, оның себебі мен салдары халықтың қандай күйге түскендігін жеткізу дәстүрге айналған.

         1.2. Отарлау саясатына байланысты туған өлеңдер

Қазақ елiнiң сыртқы саясаттағы ахуалы таңдау жасауға мәжбүр еттi. Батыстан Ресей, шығыстан Қытай мысықтабандап жылжып, тынысты тарылтып келе жатты. Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алып, Орал тауынан асып жылжып келе жатқан Ресей шекарасы қазақ даласын үш жағынан қаусырмалады. I Петр аманат етiп кеткен тапсырма — Қазақстанды қандай жолмен болса да қолына алуға кiрiсiп жатқан. Ерте ме, кеш пе отарлық қамыты мойынға iлiнетiнi анық едi.  Дегенмен де Ресейдiң жымысқы саясатының кейбiр салдарлары белгi бере бастаған. 1731 жылы кiшi жүз Ресей бодандығына өткен соң, iле-шала орта жүз бен ұлы жүз де Ресейге өттi. Мұның әрине iшкi саяси себептерi болды. Алайда, патша үкiметi қазақ хандарына берген уәделерiн орындамады. Жоңғар қалмақтарына қарсы күресте әскери көмек, әсiресе, от қару берiлмедi. Оның орнына отарлық езгi басталды. Қазақ шаруаларының жерi бiртiндеп тарыла түстi. Қазақтар мен қазақтардың бiр-бiрiне қару көтеруi жиiледi. Бұл отаршылдыққа қарсы күрес нышандары едi. 1773-1775 жылдардағы Емельян Пугачев көтерiлiсi қазақ халқының осындай ахуалына тұспа-тұс келдi. Бұл көтерiлiске қазақтар белсене қатысты.
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын — жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.
Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар — заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды.

Ғасыр басындағы ақындардың бірі – Жанақ Сағындықұлы Рүстем төреге өзінің ащы да улы жырларымен шындықты жасырмай, төренің отаршыл патшаның әбден басынып, орданы өртеп, орнына дуан салып жатқанын бетіне шоқтай басып, «мықты болсаң қанекей бермеші ырық» -деп тіке айтады:

 

Ұрлап, тартып қазақтың алдың малын,

Хан емессің ,қарадан алдың алым./3.111/.

…Аш қасқырдай нашарды жейсің жығып,

Сырт жау келсе, кіресің шиге бұғып.

Өз еліңнің үрейін өзің алып /3.112/, — деген өлең жолдарында ел басшылығына ыза кернеген ашумен жайып салады.

Осы кезеңнің көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында  қазақ қоғамына кірген əлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген  суреткер. Қазақ даласына сауда капитализімінің кіруі, қоғамның бай-кедей  болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі дау-шарлар ақын  өлеңдерінде мейлінше дəл, əсерлі суреттеледі.

Асылық азған заманда,

Алуан-алуан жау шықты.

Арам, араз хан шықты.

Қайыры жоқ бай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты, —

деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер

азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.

деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер

азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.

1.3   1836-1938 жылдардағы  Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлеңдер

Халық бостандығы жолында күресіп, қан төгіп, керек болса жанын да қиған,  оны өздеріне борыш, бақыт санаған əрі батыр, əрі ақын, ақылман жандар ұлтымыздың тарихында аз емес. Осындай əрі батыр, əрі ақын ұлы тұлғалардың бірі – 1836-1938 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы жəне  оның рухани көсемі, қазақ поэзиясындағы ерекше тұлға, ақын, сазгер, батыр  Махамбет Өтемісұлы.

Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс бір күнде бұрқ ете түскен жай ашу-ыза  емес. Қазақ халқы – шыдамды халық. Бұл ұзақ жылдар бойы тепкі, теңсіздік, əділетсіздік көрген елдің бойындағы жиналған кек, бодандық бұғауынан  шығуға деген ұмтылыс, қажеттілік еді.  Мұны Махамбет Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзінде:

Хан баласы ақсүйек

Ежелден табан аңдысқан,

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім, —  деп өзі де ашық айтқан.

Махамбет жырлары – түгелдей осы көтерілістің үні, ұраны. Ол сөзсіз, отаршылдыққа қарсы күрес жырларының жарқын беттері. Мұнда көтерілістің  мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған  араласқан ерлердің қандай болатыны (« Ереулі атқа ер салмай»), соғыс  суреттері («Соғыс»), Исатайдың батырлығы оны жоқтауға арналған жырлар  («Мұнар күн», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай»), ақынның батырлық  рухын бейнелейтін («Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Жəңгірге айтқаны»), өз  жайына («Қызғыш құс») байланысты өлеңдер жалғасып, түгелдей көтеріліс  тарихын бейнелейді. Көтерілістің басты мақсаты – елге бостандық əперу болғанын ашық айтады.

Еділдің бойы ен тоғай –

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім,

…Еңсесі биік ақ орда

Еріксіз кірсем деп едім,

Керегесін кескілеп.

Отын етсем деп едім.

Туырлығын тескілеп

Тоқым етсем деп едім.

«Соғыс» деген  өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір  көріністерді  баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып  отырады. Бірқарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі  өлеңдерді тарихи  өлеңдер тобына   жатқызуға да болды . Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи  өлеңдермен  байланысы   барлығы  айқын.

Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан оның лирикасын әлеуметтік сарындағы, саяси-үгіттік лирика деп атауға тура келеді.

 

1.4                       «Жаңа низам» реформасына байланысты туған  тарихи 

                                                өлеңдер

Жұртшылық арасында «Жаңа низам» деп аталған 1868 жылғы реформа – зар  заман поэзиясының негізгі тақырыбы болды. Қарапайым халықтың «Жаңа  низамды» қалай қабылдағанын, қандай күйге түскенін зар заман мектебінің   өкілдері тайға таңба басқандай бейнелейді. Əсіресе Дулат Бабатайұлының   отарлаушылардың астарлы амал-айласы мен қитұрқы қулығын салғаннан-ақ  аңғарды:

Батыстан патша түнегі,

Жеріңе келіп түнеді.

Жоныңнан таспа тіледі,

Дулат оны біледі.

Осыны Шортанбай да:

Осы күнде заманның

Осылайша болып тұр.

Мұсылманды бұл күнде

Орыс кəпір жеңіп тұр.

Ал Əбубəкір болса:

Қоныстан бірнешелер көшті үркіп,                                                                                                      Штаттың хабарынан білмей қорқып. [2]- дейді.

Ақындар шығармашылығында отаршылдардың іс-əрекетінің белгісі ретінде   көбіне-көп мал мен бастың есебі айтылады.

1868 жылғы Ереже бойынша қазақтың малының есебін білу мақсатымен əр  түрлі салық түрлерін ойлап шығарған. Билеп-төстеуге ыңғайлы болу үшін, елді ауыл-ауылдарға бөлгенде жанның санына қоса, малының есебі де назардан тыс  қалған жоқ.. Дəл осы ахуал   ақындар  поэзиясында

осылайша бедерленеді

Дулат:

Малыңды салып талауға,

Адамын хаттап санауда.

Шортанбай:

Қараны санап, малды алды,

Қазаққа қамқор ханды алды.

Ай сайын келіп санатып,

Есебіңді алып тұр.

Мұрат:

Мал мен басты есептеп,

Баланың санын алғаны.

Кəпірден болар хəкімің,

Ықтиярсыз көнерсің.

Үй басына мал санап,

Адамға ақша төлерсің.

 

1.5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жайындағы  өлеңдер

 

ХХ ғасырдың басындағы саяси жағдайды, бодандықтың қамытын киген ұлт  санасының өскендігін білдіру ретінен 1916 жылғы азаттық күреске байланысты  туған халық поэзиясының мəні өзгеше болды. Бұл пэзияның басты тақырыбы — халық бостандығы жолындағы күрес. Оның айтушылары жазба əдебиет  өкілдері емес, халықтан шыққан, көп жағдайда сол көтеріліске төтелей  қатысқан жеке импровизатор, халық ақындары болған. 1916 жыл оқиғасын сол дəуірдің көрнекті ақындарының бəрі дерлік  жырлайды. Соның бастылары Жамбыл, Иса Дəукебаев, Біржан Берденов, Омар Шипин, Күдері, Сартай, Сəт Есенбаев сияқты ақындар.

1916 жыл поэзияның  ең тəуір үлгілері де осы батырлар қимылы, сол жердегі елдер жайын суреттеуге арналып, көтерілістің үш түрлі кезеңін бірдей көрсетеді. Мысалы, Сартай («Тар заман»), Жамбыл («Патша өмірі тарылды»), Сəт Есенбаев («Июнь жарлығы»)  сияқты ақындар патша жарлығының шығуын, елдің қобалжуын суреттесе, Иса  Дəукебаев («Бекболат батыр»), Күдері ақын («Аманкелдінің Торғайды алуы»), Омар Шипин («Торғай соғысы») көтерілістің өзін суреттейді. Ал халықтың жеңіліс тауып, жастардың майданға кетуін , Сəт («Жоқтау») секілді ақындар жырға қосады.

Осындай өлеңдердің бірі Әкімәлі Қаржауұлында  кездеседі. Әкімәлі Қаржауұлы  патша үкіметінің 1916 жылғы маусым жарлығына  ілініп,,

майдан қара жұмысына алынады. Ол 1916 жыл өлеңінде осы  оқиға  анық бейнеленген.

Көшкен жұрттай  ыңырантып,

Арбаға  тиеп күңірентіп,

Окопқа патша айдады,

Халықтың күтпей ырзасын.

Тірі жүрсе жалғанда,

Негше көнбес бұл басым,- деп жырласа,  енді бірде

Алты мың  жігіт окоптың

Басқа киіп ноқтасын.

Айдалып кеттік алысқа,

От арбаға тиеліп,- деп болған жағдайды сол күйінде баяндайды.

 

1.6   Кеңес дəуіріндегі тəуелсіздік тақырыбындағы өлеңдер

 

20 ғасырдың бас кезінде қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Мағжан

Жұмабаев, Міржақып Дулатов жəне т.с.с. біртуар перзенттері жеке ел болуды аңсап, жырларында халқын ашық күрес жолына шақырады. Күресу үшін алдымен көзі ашық, көңілі ояу азаматтар қажет екенін, бар күш білім, оқу,  өнерде деп үнемі шығармаларында халқын үгіттейді.  ХХ ғасырдың басында алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси  қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы азаматтық құндылықтарды қорғауды  мақсат деп білді. Ел басына күн туған алмағайып уақытта ұлт тағдыры үшін  күресіп, арманын тəуелсіздігіне балаған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ə.Бөкейханов, М.Шоқай сынды қазақтың көрнекті қайраткерлерінің шоқ жұлдызы аспанда жарқырай көрінді

Ахмет ақынның Елдік, ұлттық бостандығы жоқ, отаршылдық күй кешіп отырған, өзгелермен теңдесе алмайтын көшпелі жұртына ақын «Жиған терген» өлеңінде:

Қазағым елім,

Қайқайып белің

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзіңді оянып.

Қанған жоқ па əлі ұйқың,

Ұйықтайтын не бар сиқың! [7]

Бұл тармақтарда халық тағдыры, өз ұлтының басындағы қасірет –надандық ұйқысы екенін де, елді аяусыз сорған патшалық Ресейдің отарлау саясаты екенін дəл айтқан.

 

          1.7   Желтоқсан оқиғасына байланысты туған өлеңдер  

                                                                                                                                                                                                              

ХХ ғасырдың 80 жылдардың соңында Кеңес өкіметінің тоқырауы кезеңі

бірте-бірте алып державаның ыдырауына əкеп соқты. Бір ұлы держава Кеңес одағы болып өмір сүріп жатқан 15 мемлекет өз алдына тəуелсіздігін алып, бөлініп шыға бастады. Солардың ішінде Қазақстанда жеке мемлекет болу үшін ең алдымен өз тəуелсіздігін алуға тырысты. Əрине, тəуелсіздікке жету жолы оңай болмағаны 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан білеміз. Сол кездегі астана  Алматы қаласының бас алаңында жан түршігерлік оқиға болғаны мəлім. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаев, Лəззат Асанова т.б. бастаған жас студенттер тобы елінің тəуелсіздігі үшін жанын құрбан етті.  Қазақ поэзиясында бұл кезең тəуелсіздікке қол жеткізу жолындағы ұлы күрес деп айтуға болады. Əрине, бұл оқиға поэзияда азаттық үшін күрес тақырыбындағы өлеңдерде елеулі орын алады.

Жұма-Назар Сомжүректің «Жарқ етті жастар жұлдыздай» (Желтоқсан

құрбандарына ескерткіш) өлеңінде желтоқсанда көтеріліске шыққан жастардың негізгі ой-арманы отаршылдық өмір сүріп жатқан халқын бодандық қамытынан  арылтып, тəуелсіздікке қол жеткізу болғаны екені жəне сол жолда құрбан  болған жастардың ерлігін дəріптейді.

Айналған рухы мұнарға,

Табынып Сəкен, Тұрарға,

Дейтін ек «ел» деп бас тігер,

Енді ерлік бізден шығар ма?

Отар боп өмір сүргенге,

Қорланып іштей жүргенде,

Алаңға шықтың, жастарым,

Дүрлікті қала білгенде.

Əділдік жоқ деп жалғанда,

Аһ ұрып жүрдік арманда

Жарқ етті жастар жұлдыздай,

Қамалып мұңға қалғанда… -[10]

Рысбек Дəбей «Алаңда алаң, алаң ой» өлеңінде «еркіндіктің жалауы»

желтоқсан алаңында болған ерліктің белгісін айқындап тұр деп келтіреді

. Есенғали Раушанов «Қара бауыр қасқалдақ» өлеңін сол кездегі Қазақстан

ССР-нің бірінші хатшысы Дінмұханбет Қонаевқа арнайды. Өлең идеясы мысал  сияқты тұспалданып берілгенмен, барлығы шынайы анық суреттелген. Мұнда  елдің өз басшысы болмаса, өзге елден алып келген басшы («қаңғып келген  шүрегей») елге пана болмайтынын ашына жырлайды.

Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?

Сазың қалды сəбидің еңбегіндей былқылдап.

Қара бауыр қасқалдақ, қасқалдағым, кері қайт,

Сиреп кеткен көгалға қамықпа деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз – айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Өз босағаң бұл жердің тауы белі, төбесі,

Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі?

Қасқалдағым кері қайт!.. [10]

 

                    Тарихи  өлеңдердің ерекшелігі, тілі

 

Тарихи өлеңдердің айтары оқиға қалай, қашан болды, оның себебі мен салдары халықтың қандай күйге түскендігін жеткізу дәстүрге айналған.

Ең алдымен «Тарихи өлеңдердің шығарушысы, таратушысы кім?» деген сауалға тарихи өлеңдерді алғаш зерттеуші А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. тарихи өлеңдердің айтушылары сол оқиғаны көзбен көріп, көңілге түйген ақындар екен деген пікірлері дәлелді айтылған

Ал, тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан айырмашылығы барлығын дәйектеп, халық поэзиясының өз алдына жеке жанр бола алатындығын С.Қасқабасов [5, 28 б.] ғылыми тұрғыдан дәлелдей көрсетті

Ал, тарихи өлеңдердегі окоп, аэроплон, казарма, губернатор, солдат т.б. бірнеше жаңа атауларды кездестірсек, онда тарихи өлеңдер қызметі аясының кеңдігіне көз жеткіземіз. Бұл жерде әңгіме өлеңнің қоғам дамуының әр кезінде өзін түлеп, елдің естелігіне айналуында екендігінде болып отыр. Тарихи өлеңнен антоним, синонимдерді де ұшыратамыз. Тарихи өлеңдер көбіне қара өлең дәстүрін еске түсіреді.

Қатын-балаң, / бауырың / жауда кетті /                      11

Қаратауды / қатал жау / бермей өтті /                         11

Қайдасыңдар /қазақтың / батырлары /                        11

Жасақ бастап, / алсаңшы / жаудан кекті /                  11

Біздіңше, бұл жалпы халық күйзелісі, қаралы оқиғаларға қатысты болып келеді. Ал жеке адамның тағдыры, елімен, жерімен қоштасу немесе жоқтау, сәлем өлеңдерінде бұрынғы 7-8 буынды өлең өлшемі бірден көзге түседі. Оның басты себебі қоштасу, жоқтау, сәлем өлеңдерінің айтылу дәстүрінде жатыр.

Өлеңнің қай кезең оқиғаларына қатысты туғандығын көбіне ондағы сөз өрнегінен, оның атқарып тұратын қызметінен танимыз.

Тарихи өлеңдердегі ерекше көзге түсетін арнаудың соңғы үлгісі – сұрай арнаулар. Көңіл-күйге байланысты оқиғалар болғандықтан, тарихи өлеңді шығарушы ақын қаралы жайдың әділетке сыймайтындығын айтып, өзінше жалпы жұртқа сауал қойып, өзінше жауап күтеді. Мысалы:

Қаратаудың басынан қар бораған,

Сол таудан дария тасып су тараған.

Сұлу қыз, көркем жігіт бәрі сонда,

Дариғай, неге келдім сол арадан –

деп, жау шапқыншылығы басталған кеңістікті атай отырып, сол жерден неге кеттім дегенді өкініш етеді.

 

Қорытынды

 

Қазақ халық поэзиясының бір саласы болып табылатын тарихи өлеңдерге қатысты төмендегі тұжырымдар ұсынылады.

1) Тарихи өлеңдер қоғам өмірінің әр кезеңінде туып, халықтың мақсат-мүддесіне сай қызмет еткен. Қазақ хандығы және одан кейінгі ел тарихындағы оқиғалармен байланысты туындаған

2) Тарихи өлеңде жалпы халықтың елі мен жеріне деген шынайы махаббаты, қимастық сезім сырлары сипатталады. Лирикалық өлеңдермен сабақтастығы да осы тұста көрініп, тарихи өлеңдердің әнге айналуынан байланыс-бірлігі танылады.

3) Арнаулар: сұрай арнау, зарлай арнау, жарлай арнаулар тарихи өлеңге тән ерекшелікті аңғартады. Басты дәлел халықтың өлеңдегі ашу-ызасы, өкпе-назы, реніш пен қайғысының дәстүр негізінде шын болған оқиғаға сай жасалуынан көрінеді.

4) Тарихи өлеңде әр дәуірдің дерегін танытарлық дәлелдің көрсеткіші

5)Қоғам дамуындағы белгілі бір ұлттың халық, ел болып қалыптасқан кезінде басына қиын-қыстау күн туғандағы тарихи-әлеуметтік жағдайына қатысты жедел туып, сол ұлттың оқиғаға деген көзқарасын, көңіл-күйін, арман-тілегін дәлме-дәл жалпыхалықтық психологиямен өрелестіретін мұраларымызды тарихи өлеңдер дейміз.

6) жоғарыда  берілген  өлеңдердңғ барлығын да тарихи өлеңдерге  толықтай жатыза аламыз, оған себеп  тарихи өлеңдерді сол тарихи  оқиғаны көзбен көрген, басы –қасында болған  адамдар шығарған.

7.) Тарихи өлең дәл  сол оқиға  барысында туып, халыққа тараған.

8.) тарихи өлеңдерде  тарихи  шындық пен көркемдік шындық үйлесім   тапқан.                                                                                                                              9)  тарихи  өлеңдерде халықтың азаттық арман-тілегі көрініс тапты.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Мұхтар Әуезов  16  том  —  Алматы , «Жазушы»  399  бет

2.Жеті ғасыр жырлайды  1  том  «Жазушы» баспасы

  1. Жеті ғасыр жырлайды  2  том  «Жазушы» баспасы

4.Есенберлин  «Көшпенділер»  тарихи  трилогия, 429 б., Алматы, 2004 ж.

  1. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. –Алматы: Ғылым, 1979. -312 б.

6.Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы:Ана тілі, 1991. -240 б.

7.Н.Әбуталиев «Қожаберген жырау» «Жұлдыз»№3 1984

  1. Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. Құрастырған: Шәріпов Ә., Дәуітов С.). –Алматы:Жазушы, 1989.-32
  2. Сейфуллин С. Шығармалары. –Алматы, 1964. Т.6. -495 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

Мектеп, сынып _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек.    Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

 

Жұмыс мазмұны

Зерттеу   әдістері

Ескерту

Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

  1. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше