Құрақ құрау

                      Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс елді мекені
№74 орта мектебінің технология пәні
мұғалімі Шамұратова Рысжан

Сабақ тақырыбы:   Құрақ құрау
Мақсаты:
    –   Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру.
–         Пэчворк туралы түсінік беру.
–          Құрақ түрлерімен таныстыру.
–         Білімдерін  сарамандық жұмыс жүзінде жасай білуге дайындау.
Дамытушылық  мақсаты: 

-Сабаққа қызығушылығын арттыру,
– Білім-білік  дағдыларын қалыптастыру.
– Ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, шығармашылық    қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік  мақсаты: Үнемділікке, еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа баули отырып, эстетикалық тәрбие беру, ұлттық қолөнерімізді дәріптеп  насихаттауға,өз бетінше ,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Міндеттері:    –     Тәжірибеде өз мүмкіндіктерін қолдана білу. Тапсырмаға талдау жасай отырып, өз бойларындағы   қасиеттерді тани білу.

  Күтілетін нәтиже:     Оқушылар топта бірлесіп, қауымдасып жұмыс жасайды,  өз ойларын ортаға салып, сыни тұрғыдан  талдау жасайды, тапсырманы өз бетінше, топта талдау жасап ойларын еркін жеткізеді, бір-біріне  сенімділікпен қарайды.

Формалары: СТО бағдарламасы стратегиялары.

«Галерияға саяхат»,  «Сиқырлы қалам» , «Жолаушы күнделігі» ,

 «Бес жолды өлең»,  «РАФТ», т.б

 

Пәнаралық  байланыс:  Геометрия, сызу, қазақ әдебиеті.

 

Көрнекілігі:  Суретте, перфокарта, таратпа қағаздар. Т.б.

Тех. құрал:  Интерактивті тақта.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

1.1          «Үй жиһаздары»

1.2            «Менің бөлмем»  өзіндік жұмыс.

1.3          Қосымша сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1-топ.

1. Бөлмені жиһаздаудағы барлық уақытта ескеретін  «Алтын қағида»

2. Жиһаз сатып алмастан бұрын нені ескереміз?

3.Түстердің адам өміріндегі маңызы.

2-топ

1.Сары, қызғылт, қызыл түстердің ерекшелігі.

2.Бөлменің  төбесі қандай түспен боялған дұрыс.

3.Қазіргі заманғы  пәтерлердегі жарықтандырудың  мәселесін шешудің  неше жолы бар?

 “Галерияға саяхат”.

             «Менің бөлмем осындай»  жұмыстарын  оқушылар тақтаға іледі.  Бір-бірінің жұмысына талдау жасайды және пікір жазып іледі. Бұл бір-бірінің жұмыстарына баға беруге ықпал жасайды және  пікір жазып іледі. Бұл бір-бірінің жұмыстарын бағалау мен талдай жасай алу үшін қолданылады.

Слайд1-2. «Үй жиһаздарының орналасуы және бөлме түрлері».

 

4. Жаңа сабаққа кіріспе.

Дархан даламыз бен қазақтың барлық болмысын көрсетін ұлтымыздың ұлттық қолөнері өнер мен мәдениеті, кеңдігі мен көңілі мінезін көрсететін сурет көрсетіледі.

Дыбыстық үн бүгінгі күн еншісіндегі тақырыпты былайша насихаттайды:

Дамып келе жатқан еліміздің, болашақ иелері біздер болғандықта, жан-жақты білім алып қана қоймай, ізденіп шығармашылықпен айналысатын,  бала көп оқып, өз туған елінің тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, терең зерттеп білуге, қолөнерін үйрену, адамгершілік асыл қасиеттерімізді бойымызға сіңіру басты мақсатымыз.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ауыл дегеніміз-сайып келгенде халықтың тұрмыс-салты мәдениетіміздің, әдет-ғұрпымыздың қайнар көзі» деген болатын. Осы ұлағатты ой бізге әркез үлкен жауапкершілік жүктейтіндей. Табиғат пен етене біздер, әрине ауылдықтар үшін өз кішіге қамқорлық, көрші-қолаңға көмек жасау басты мақсатымыз. Өйткені біз жасымыздан ана әлдиінен бастап ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп келем.

«Өнер көзі -халықта» деген. Алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз.

Басардай басқұр өрнек маған міндет.

Белгісі балғын шақтың қарап жебеп

Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын.

Көз жауып сол өрнектен қалам ба деп.

                                   Ф.Оңғарсынова.

Олай болса бүгінгі сабағымыз ұлттық қолөнерімізге бағытталған сабақтардың бірі болмақ.

Слайдтан «Ұлттық қолөнер туындыларын көрсету».

Ендеше, Өнердегі намыс емес жылап сұрау.

Халқымның өнерімен таныспын – ау.

Бір-бірден санап бәрін айта алмаймын.

Біреуі сол өнердің құрақ құрау.

 Жаңа сабақ.

І Қызығушылықты ояту.

1) «Жолаушы күнделігі».

2) «Сиқырлы қалам».

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

(Слайдтан құрақ түрлерін көрсету)

І- топ.

1) Құрақ дегеніміз не?

2) Құрақ техникасындағы нақыштар неден тұрады?

3) Квилт дегеніміз не?

4) Пэчворк дегеніміз не?

5) Құрақ құрағанда нені ескереміз?

 ІІ-топ.

1) Колорит дегеніміз не?

2) Түстер қандай мәнге ие?

3) Құрақ құрауда не сақталу керек?

4) Түстер мен реңктердің 3 гвардиясын ата?

5) Құрақтарды пайдаланып қандай бұйымдар жасауға болады?

 Перфокартамен жұмыс.

Бірнеше құрақ үлгілері беріледі. Оқушылар соған қарап отырып, әр құраққа ат қояды.

 Тақтаға құрақтардың жасалу жолдарын қойып 2-топқа тапсырмалар беру.

І-топ.                                                            ІІ-топ.

    Төртбұрыш.                                                  Үшбұрыш.

Осы фигуралардан тұратын құрақтар құрау. (үйлесімділікке назар аудару).

 

Ауыл шеберлерінің жұмыстарымен танысу.

1)     Ермағанбетова Базаркүл.

2)     Бақбергенова Жанерке.

3)     Әбдіғазиева Индира.

4)     Шынықұлова Күнқияш.

 Ой толғаныс.

1)              І-топ.                                                           ІІ-топ.

«Бес жолды өлең»                                 «РАФТ»

Құрақ                                                   Қазақ қолөнері-ғасыр шежіресі.

2) Даналардан қалған сөз.

а) Өнердің таудың бұлағынан.

Қойдың құлағынан.

Апамның киізінен.

Ешкінің мүйізінен үйрендім.     

Ә.Қастеев.

ә) Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақтың келешегі бүгінгісі, ертеңі.

Б.Момышұлы.

б) «Өнер дегеніміз – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.»

Л.Толстой.

Сарамандық жұмыс.

 

Мақсаты: Әртүрлі құрақ үлгілерінің эскиздерін құрастырып, үлгі дайындау.

а) Қауіпсіздік ережелерімен танысу.

ә) Оқушылармен өзіндік жұмыстары.

 

Қорытындылау.

1)     Пэчворк қандай өнер түрі?

2)     Квилт дегеніміз не?

3)     Стипплинг деген не?

Бағалау.

Үйге:

1. Құрақ түрлерін құрастыру.

2. «Менің ойымдағы құрақ» шығармашылық тапсырма.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше